Реферат тақырыбы: электрондық ОҚулықТЫҢ тиімділігі мен маңызы



бет2/3
Дата07.04.2022
өлшемі67,46 Kb.
#138222
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Самал Әбдуәлиева реферат

Қорытынды

Қазiргi заманғы жаңа технологияларды, оның iшiндегi электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың ақпаратпен жұмыс iстей бiлуiн қалыптастырады.


Оқушылар үшін электрондық оқулық – ол өзінің мектеп қабырғасында жүрген жылдарында өздігінен білімін толықтырып отыруға және мақсатты түрде бітіру емтихандарына дайындауға мүмкіндік беретін ақпарат көзі. Ал мұғалімдер үшін ол өзінің педагогикалық тәжірибесі арқылы толықтырып және дамытып отыруға болатын ашық әдістемелік жүйе.
Электрондық оқулықтармен оқыту жүйесiнiң сапасын арттырумен қатар бiрқатар пайдалы жақтары бар.
Біріншіден, әр оқушы өзiне тән қарқынмен деңгейiнде жұмыс жүргiзедi. Қойылған мақсатқа жету үшiн қажеттi төзiмдiлiктi қалыптастырады.
Екіншіден, оқушы өз еңбегiнiң нәтижесiн көрiп өзiн — өзi бағалайды. Өз бетiмен жұмыс iстеу оқушының бiлiмiне әсер етпей, мiнез құлқына зор ықпалын тигiзедi.
Оқушыларды тиянақтылыққа, бастаған iсiн жемiстi аяқтауға тәрбиелейдi. Жауапкершiлiгi оятады. Бұл өз ретiнде оқушының iзденiмпаздылығын, шығармашылық қабiлетiн дамытады.
Болашақ мұғалімдерді кәсіптік дайындауда электронды оқулықты қолдану өте тиімді. Оқушылар өздерінің білім көлемін өз бетімен толықтырып, емтихан материалдарына дайындалады және ақпараттық білім арқылы танымдық ойлауын қабілеттіліктерін дамытады. Ал оқушылар үшін ашық әдістемелік жүйе, өзінің іс-тәжірибесінің жинақталуына, шығармашылық ізденістері негізінде оқулықты толықтырып, дамытып, жетілдіруге мүмкіндік береді. Электронды белсенді дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді, оқыту үрдісін саралауға, жан-жақты ақпараттандыруға, білім мазмұнын ізгілендіруге көмектеседі.
Қазақстанда оқыту ісін ақпараттандыру білім беру сапасын көтереді, оқушылардың әдістемелік өсу деңгейін қамтамасыз етеді. Орта арнаулы оқу орындарында болашақ мұғалімдерді кәсіптік дайындық сапасын арттыруға және оқу – танымдық үрдісі ақпараттандыру арқылы жандандыруға мүмкіндік аламыз.

Қорыта келгенде, электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артатындығы байқалады. Сондай-ақ мұғалімдерге де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану-оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой-өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізбен тәжірибе алмасып, кемшілік-жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді, анық болады.Web-беттер арқылы жасалған оқу құралы практика жүзінде тексеріліп, пайдаланылды және өзінің жұмысқа жарамдылығы дәлелденді. Сондықтан алға қойылған міндеттер енгізіліп, тапсырма толығымен орындалды деп есептейміз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет