Термоқышқылды өңдеу
Ұңғының түп маңында парафинді және асфальтті-шайырлы заттарға толып өнімділігі түскен кезде, түпті тоздырып барып, осы заттарды еріткеннен кейін қышқыл мен өңдеу тиімдірек болады.
Алдымен қышқылмен және басқа бір заттың арасындағы әрекеттен түзілген экзотермиялық жылу арқылы қыздырылған тұз қышқылы ерітіндісімен ұңғы түбі өңделіп, кейін кәдімгі қышқылмен өңделеді.
Термоқышқылды өңдеуде магний қолданылады. Себебі ол қышқылмен әрекеттескенде үлкен жылу түзіледі және әрекет өнімі толығымен ериді.
кДж1кг магнийді еріту үшін 15%-к 18,6л тұз қышқылы қажет. Ол кезде қышқыл хлорлы магнийлі бейтарап ерітіндіге айналады және 308°С-ге дейін қызады.
Парафинді және шайырды еріту үшін бұдан біраз төмен температура қажет. Сондықтан рационалды түрде магнийді қолданып, бөлінген жылудан ерітінді 75-80°С арасында болуы қамтамасыз етілуі керек.
Әдетте термоқышқылды өңдеу үшін пруткалы магний қолданылады (пруток диаметрі 2-4мм, ұзындығы 60мм). Пруткілерді арнайы наконечниктерге салып, сорапты-компрессорлы құбырлар арқылы ұңғыға белгіленген тереңдікке түсіреді.
1. Андреев А.Ф., Дунаев В.Ф., Зубарева В.Д. и др. Основы проектного анализа в нефтяной и газовой промышленности. – М., 1997,341 с.
2. Богданчиков С.М., Перчик А.И. Соглашение о разделе продукции. -М.: Нефть и газ, 1999.
3. Гражданский кодекс Российской Федерации. Части 1 и 2.
4. Зубарева В.Д. Финансово-экономический анализ проектных решений в нефтегазовой промышленности. – М.: Нефть и газ, 2000.
Достарыңызбен бөлісу: |