Басқа галогендер сияқты бром мен йод молекулалары да екі атомды. Олар бір-бірімен соңғы р-деңгейшелеріндегі бір дара электрондарының бұлттарының қабысуы арқылы түзілетін ковалентті полюссіз байланыс.
Алынуы
Бромды А. Ж. Балар (француз химигі) 1826 ж., йодты 1811 ж. Б. Куртуа (француз химигі) ашқан.
Бром мен йодты, хлор сияқты, олардың қышқылдарына немесе тұздарына күшті тотықтырғыштармен әсер ету арқылы алуға болады.
Қолданылуы
Ауыз суында иод тапшы болғандықтан, Қазақстан Республикасының Тамақтандыру институтының директоры академик Т. Шармановтың ұсынысы бойынша қазіргі кезде ас тұзына, ұнға, ашытқыға калий йодидін қосып шығарады. Люголь реактивін баспаны емдеуге қолданады.