Iбаланс.емес1 - сыртқы көп фаза қысқа тұйықталулардан қорғаныстың iстеу тогына тиiстi қорғаныстың балансты емес тогы;
К/рет=2-3 және К//рет=1,3-1,5 - қалыптасқан емес режімдегі сыйымды токтың секірістер және балансты емес токтың есептеуiнiң дәлсiздiгiн есепке алатын сәйкесiнше ретке келтіру коэффициенттері.
Қорғаныстың дөрекi комплектiнiң iстеу тогы сыртқы қысқа тұйықталуларда реледегі максималды тогынан ретке келтіреді. Көрcетiлген токтан түбегейлi резерві бар ретке келтіру сәйкес келетiнiн Iқор.істеуі2=100 А қабылдайды. НРТТ- ның эквиваленттік сұлбаны қарап Iқор.істеуі бірінші реттік iстеу токпен және реленiң iстеу тогының аралығында байланыс алуға болады:
(5.2)
,
Iқор.іс1 және I қор.іс1.2 токтардын (5.2) формуласына алмастыруымен КА1 және КА2 релелердің iстеу токтары анықталады. Қарастырылған НРТТ бар қорғаныстың артықшылығы - оның жоғары сезімталдығы болады, қорғаныстың кемшiлiктерi - оның күрделiлiгiнде және генератордың бейтарабының жанында зақымдану болғанда жарамсыз аймағының бар болуы.
Сырқы қ.т. қорғау
5.3 сурет - Магниттелу болатын НРТТ бар жерге тұйықталуларынан қорғаныс
Сыртқы қысқа тұйықталулардан қорғаныстың орындау үшiн ток принципін қолданады. Қорғаныстың сезімталдығын жоғарылату үшiн қосымша кернеулi iске қосқыш органымен жабдықтандырылады. Аз қуатты генераторларда минималды кернеу қорғанысты орнатуға рұқсат етiледi. Жапсарлас элементтерде қысқа тұйықталуда қандай болмасын себептер бойынша олардың ажыратылмаған жағдайында, қорғаныс генераторды ажыратады. Сонымен бiрге, ол статордың орамындағы көп фаза тұйықталулардан генератордың қорғанысы сақтайды.
Генератордың қуаттарына байланысты қорғаныстарды келесi нұсқалардың бiреуін орындайды: максималды ток қорғанысы; минималды кернеу қорғанысы; кернеулi құрамалы iске қосқыш органымен максималды ток қорғанысы; симметриялық зақымдануларда әсер ететін қосымшасы бар керi реттілік ток қорғанысы.
Максималды ток қорғаныс қуаты 1МВт-қа дейiн генераторларда бекiтiледi. Жеке жұмыс iстейтiн генераторлар үшін бұл қорғаныс статордың орамында көп фазалы ҚТ-дан қорғаныс болып табылады.
Егер максималды ток қорғанысты қолдану мүмкiн емес болса (мысалы, генератор статорының орамының бейтарабы жақтан ток трансформаторлары болмағандықтан) онда қуаты 1 МВт-қа дейiн генераторларда минималды кернеу қорғанысын қолдануға рұқсат етiледi. Максималды ток қорғанысы ретінде бұл қорғаныс статордың орамындағы фаза аралық ҚТ-дан генераторды қорғау үшiн арналған.
Іс жүзiнде, МТҚ сыртқы қысқа тұйықталу токтарымен асқын жүктеме токтарын айыра алмайды, сондықтан қуаты 30 МВт-қа дейiн генераторлары үшiн кернеулi құрамалы iске қосқыш органы бар максималды ток қорғанысы ұсынылады (5.4 суретті қара). КА1-КА3 ток релелері толық жұлдызша сұлбасы бойынша тұйықтаған. Кернеулi құрамалы iске қосқыш органы фаза аралық кернеуіне қосылған КV минималды кернеу релесінен және керi реттілік кернеуінің сүзгiсіне қосылған КVZ максималды кернеу релесінен тұрады. КVZ реленiң арқасында сұлбаның үлкен сезімталдығы артады. Бұл сезімталдық, сұлбадан кейінгі симметриялық емес ҚТ болған трансформатордың орамдарының қосу тобына байланысты емес болады.
5.4 сурет - Кернеулi құрамалы iске қосқыш органымен сыртқы қысқа тұйықталулардан максималды ток қорғанысы
Симметриялық асқын жүктемеден қорғанысының көп таралған сұлбасы фазаның тогына қосылған бiр ток релесiнен және жылуға төзімді лездік уақыт релесінен тұрады. Қорғаныстың iстеу тогын (5.1) формула бойынша анықтайды, бұл формулада қорғаныстың тек қана сигналға әрекетінде коэфициенттерің мәндері Кқор.іс.пер=1, Крет=1,05 және оның жүктемені азайтуға немесе ажыратуға (гидрогенераторларды) әрекетінде коэфициенттерің мәндері Крет= 1,1 – 1,2 тең болады. Уақыт ұстанымы уақытты, сыртқы ҚТ-дан қорғаныстың iстеу уақытынан көбiрек қабылдайды.
Қоздыру тізбектердегі жерге тұйықталудан қорғаныс (5.5 суретті қара) гидрогенераторларға орнату үшiн ескерiледi. Сұлбада айнымалы токтың төменгі кернеулі қорек көзi қосалқы ретінде – электр станциясының меншiктi мұқтаждықтарындағы 220 В кернеу шинаға қосылған TL трансформаторы қолданылады. Мұндай әдiспен қорғаныстың жарамсыз аймақтары жойылады. TL трансформаторының екiншi реттік орамының бiр шықпасы тізбектi түрде бiрлескен С конденсаторы, F1 сақтағышы, КL аралық релесiнің түйіспелері және SА басқару кiлтiмен арқылы қоздыру тізбегінің полюстардың бiрлерiмен байланған, ал екінші шықпасы КА ток релесінің орамы және F2 сақтағышымен арқылы жерге қосылған. Жерге қосылу генератор роторының білігімен электр байланыста болатын арнайы шотка көмегiмен орындалған.
Нормалды немесе қалыпты режимде айнымалы тогының қосалқы қорек көзiнiң тізбегі ашық тұрады. Жерге тұйықталу пайда болғанда (К нүктесі) айнымалы ток тiзбегi тұйықтанады, КА релесі iстейдi және қорғаныс қысқа мерзiмдi тұйықталулардан ретке келтіру үшiн қажеттi уақыт ұстанымымен сигнал жібереді. Орнықты тұйықталуларда КL аралық релесі өздігінен жығылмай яғни тізбекке қосулы тұрады және зақымдалған орын арқылы қосалқы токтың өтуiн тоқтатады. Сигналды жою үшiн SА кiлтiмен КL релесінің өздігінен жығылмай тұратын тізбегін бөледi. С конденсаторы зақымдалған орын арқылы тұрақты токтың өтуінен сақтап қалады, ал сақтандырғыштар конденсатордың тесіп өтуінен TL трансформаторын қорғайды. Қорғаныстың орындалуы үшiн тұрақты ток қосалқы көзiн қолдануға болады.
Қоздыру орамына
5.5 сурет – Қоздыру тізбектердің жерге тұйықталуларынан қорғаныс