Сарғаю процесі: 4-5 күн жүреді, біртіндеп ең бірінші нәжіс қалыпты түске боялады, одан кейін зәр ағарады. Сауығу кезеңі: науқастың жағдайы тез жақсарады. Гепатомегалия, шаршағыштық 1-3 айға дейін сақталуы мүмкін. Ауру ағымы: жеңіл, орташа дәрежеде өтеді. Асқыну өте сирек, созымалы түрі вирусты тасымалдаушылық болмайды. Вирусты гепатит А-ның жеңіл ағымы 65-70%, орташа ағымы 25-30%, ауры ағымы 2-3 %-да өтеді. Вирусты гепатит А сарғаюсыз түрі: жиі балаларда кездеседі, ерекше клиникалық белгілері болмайды, температура уақытша көтеріледі, тәбеті төмендейді, жүрегі айну кейде құсу, оң жақ қабырғаның асты немесе асқазан аймағында ауырлық сезімі болады. Гепатоспленомегалия байқалады. Ауру жеңіл түрде өтеді. Ұзақтылығы 2-3 апта. Гепатомегалия балаларда продромальді кезеңде пайда болады. Ал, ересектерде сауығу кезеңінде пайда болады.\ Вирусты гепатит А-ның асқынуы:
– Вирусты гепатит А-ның ауыр түрі 0,01-0,5 % жағдайда кездеседі, “жедел бауыр жетіспеушілігімен” өтеді. Кейде фульминатты найзағай тәріздес гепатит, көбінесе вирусты гепатит В кездеседі. Асқынулары: жедел бауыр энцефалопатиясы. Бұл вирусты гепатиттің ең қауіпті асқынуы. Оның негізінде гепатоциттердің некрозы жатыр. Жедел бауыр энцефалопатиясы кезінде бауырдың детоксикациялық қызметі төмендейді, ақуыз, май, көмірсу алмасу бұзылысының себебінен қанда метаболиттік өнімдер жиналады: Кетон, ацетон, финолдар, меркаптондар, май қышқылдары және т.б. Аталған метаболиттер микроцеркулияға токсикалық әсерін тигізеді – гемостаз жүйесін бұзады. Бұл процестің нәтижесінде таза бауыр жетіспеушілігімен – гепатоцеребральді жетіспеушілікке көшеді. Диагностикасы: биохимиялық анализде жалпы билирубиннің байланысқан билирубиннің есебінен жоғарылағанын байқаймыз. АЛТ, АСТ ферменттерінің жоғарылау көрсеткіші – бауыр клеткаларының ыдырауы неше есе екені көрсетіледі. Бұл көрсеткіштің жоғарылауы цитолиз синдромы деп аталады. Тимол сынамасыны жоғарылауы, сулема сынамасының төмендеуі – мезенхималды қабыну синдромының көрсеткіштері. ИФА-вирусты гепатиті жүргізгендей анти – НАV – ІgМ пайда болады. ПЦР- вирусты гепатит А-ның РНК – сы анықталады. Емі: тек қана ауру жеңіл және орташа түрі амбулаторлы емделеді. Үй жағдайында оқшауланады. Қызба уақытында төсектік тәртіп. Басқа кезеңінде жартылай тәртіп. Бұл тәртіпті сақтау мақсаты бауырға физикалық күш түсірмеу (спортпен, биге, бассейнге, 3 кг-нан жоғару көтеруге болмайды, краска иісі химиялық иісі бар жерлерде болмуы керек). Емдәм № 5, майлы, тұзды, ащы, қышқылдық тағамдарды жеуге, алкогольді қолдануға болмайды. Патогенетикалық ем: 1. десинтоксикациялық терапия (ерітінділер пер ос, парентеральді, дисоль, полюглюкин, глюкоза т.б.).
2. гепатопротекторлар ( гептрал, гепармертц, урсасан, гепобене, гипатиль т.б.).
3. нәжіс қалыпты түске боялғаннан бастап, өт айдау мақсатпен 10 пайыздық магний сульфат, холосас, хофиктол т.б. өт айдайтын препараттар пайдаланамыз.
4. ферментативті препараттар – панзинорм, креон, панкрин, мезим форте т.б.
5. жедел бауыр энцефалопатиясының алдын алу мақсатында дюфалак пайдаланылады.
6. спазмолитектер – ношпа. Профилактикасы: Гепатит ауруы адамнан жұғып, су немесе тағам арқылы берілуі мүмкін. Міне сондықтан, халықтың сумен жабдықталуы сапасыз ұйымдастырылған, ауыз суы нашар немесе сумен байланысты апаттар, мысалы су басқан елдерде А және Е гептитінің эпидемиялары жиі пайда болады. А және Е гепатитін кір қолдар ауруы деп атайды. Жеке гигиенанаң қарапайым ережелерін орындамау, жуылмаған азық түлік, сапасы нашар, ауру жұқтырылған су аурудың себептері болып табылады.