Реферат тақырыбы: «Қылмыс» ұғымы және оның белгіері. Қылмыстық және оның құрамы. Қылмыс жасау сатылары



бет1/5
Дата18.06.2022
өлшемі31,52 Kb.
#146737
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
қылмыс саты
Түйіндеме, ZG2022-7, Юриспруденция кафедрасы, century, famous teenagers you admire, пульмо, нефро каз, геронтология ж не гериатрия кітап, Геморрагические заболевания у детей

Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АӨУ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ
РЕФЕРАТ


ТАҚЫРЫБЫ: «Қылмыс» ұғымы және оның белгіері. Қылмыстық және оның құрамы. Қылмыс жасау сатылары.
Орындаған: Ә. Б. Ешмұхан
Қабылдаған: А. Б. Мусина
Ақтөбе - 2022


Жоспар


І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

  • Қылмыстың жіктелуі.

  • Қылмыстық жауапкершілік туралы түсінік.

  • Қылмыс құрамы турлы түсінік және оның түрлері.

  • Қылмыстың субъективтік жағы.

  • Қылмысқа қатысу және оның түрлері. Қылмыс жасау сатылары.

ІІІ. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.




































КІРІСПЕ

«Қылмыс» ұғымы және оның белгіері. Қылмыстық жауапкершілік және оның құрамы.

«Қылмыс» ұғымы және оның белгілері.
Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 – бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет – қылмыс деп танылады».


Қылмыстың төмендегідей белгілерін атап өтейік.
1.Қылмыс әрқашан іс – қимыл болып табылады, яғни, ол әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін.
Әрекет – бұл қылмыс жасаудың белсенді нысаны. Әрекетсіздікте кінәлі адам өзі жасай алатын әрекетті және жасалуы тиіс әрекетті жасамайды. Адамның ойлау қызметі жазаланбайды, өйткені ол қоғамға қауіпті теріс қылық жасауға алып келмейді.
2.Қылмыс – бұл қоғамға қауіпті әрекет, яғни ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге нақты қауіп төндіреді.
3.Қылмыс - әрқашан құқыққа қайшы болады. Құқыққа қайшылық – бұл қылмыстық заңның әрекетке тыйым салуы. Құқыққа қайшылық деп қылмыстық кдексте бекітілген тыйымды қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады.
4.Қылмыстың міндетті белгісінің бірі адамның кінәсінің болуы. Қасақана немесе абайсызда жасалған әрекет қылмыс болуы мүмкін.
5.Жазалану. Егер әрекет жазаланбайтын болса, онда ол қылмыс ретінде қарастырылмайды. Әрбір қылмыс үшін қылмыстық кодексте жаза қарастырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет