Мониторинг – бұл бір немесе бірнеше баланың қаншалықты дамитынын не қаланған дағдыларды меңгергенін бақылау үдерісі. Мақсаты – баланың білім беру бағдарламасын меңгеру дәрежесін анықтау және білім беру ұйымында ұйымдастырылатын білім беру үдерісінің баланың дамуына әсерін анықтау. Мониторинг түрлері: баланы қадағалау, әңгімелесу, сараптау бағалары, тест емес түрдегі сыни-бағдарлы әдістемелер, сыни-бағдарлы тестілеу, іріктеу-тесттер. Мониторингті күн сайын, апта сайын, әрбір екі апта сайын жүргізуге болады. Оның жиілігі баланың дамуының жылдамдығына және бақыланатын біліктерге байланысты болады. Егер бала жеткілікті жедел дамымайтын болса, онда мүмкін, педагогтарға бағдарламаға өзгеріс енгізуге тура келеді.
Осылайша, ерекше білімділік мұқтаждықтары бар оқушылардың білімдері, біліктері мен дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау, оқытудың жағымды уәждемесін қамтамасыз ету, оқушыларға жеке жетістіктері туралы ақпарат беру, мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетінің тиімділігін анықтау мақсатында жүзеге асырылып отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Инклюзивті білім беру /Инклюзивное образование: Оқу-әдістемелік құрал / Дорота Подгорска-Яхник, Ш.Т. Габдрахманова, В.Т. Арыстангалиева, О.А. Панищева – М.Өтемісов атындағы БҚУ редакциялық-баспа орталығы. - Орал, 2020. - 204 б.
2. Инклюзивті білім беру мазмұны және әдістемесі: оқу құралы / М.П. Оспанбаева. – Алматы: Қазақ университеті, 2019. – 232 бет.
3. А.Т. Иекакова, З.А. Мовкебаева, Г.Закаева, А.Б. Айтбаева, А.А. Байтурсынова. Инклюзивті білім беру негіздері. Оқу құралы. - Алматы: ЖК «Балауса» -2016. -320 б.
Достарыңызбен бөлісу: |