Реферат тақырыбы: Инсульт. Алгоритм диагностика және шұғыл көмек көрсету. Орындаған: Жаксылык. Б тексерген: Сарсенова Б. К



бет3/3
Дата01.06.2022
өлшемі22,09 Kb.
#145681
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
сро 15 шұғыл

Инсультті емдеу

Инсультті емдеу 3 кезеңнен тұрады:

—жедел медициналық көмек көрсету
—стационарлық емдеу

— реабилитация

Алғашқы сағаттарда дәрігерлер алғашқы жедел көмекті көрсетеді.

Алғашқы күндері стационарда өлім қаупін азайтатын, мидың зақымдануын азайтатын, инсульттің қайталап ұстамауы үшін қарқынды терапиямен емдейді.

Келесі апталар мен айларда жағдайды бірқалыпты ұстайтын дәрі-дәрмектер беріледі және дәгірлердің бақылауында болады.

Емдеу

Ишемиялық инсультті емдеуде тромбтарды ыдыратушы дәрі-дәрмектер пайдаланылады. Сонымен қатар,инсультті болдырмас үшін әртүрлі дәрі-дәрмектер, екпе дәрілер және басқа да мдеициналық процедуралар қолданылады

Гемаррагиялық инсультті емдеу. Ең алдымен миға қанқұйылуды жылдам тоқтатуға тырысады. Ми артериясында түзілген тромбты алып тастау үшін нейрохирургиялық ота жасалады.

Одан бөлек, науқас жоғары артериялық қысымды түсіру үшін дәрігер жазып берген дәрі-дәрмек ішеді.

Қосымша «маннитол», барбитураттар мен стероидтар берілуі мүмкін.

Ауруханадан шыққан соң науқас инсульттан кейінгі реабилитациядан (қайта қалпына келу) өту керек. Бұл инсультті қайта болдырмас үшін керек. Арнайы реабилитациялық орталыққа барған дұрыс.

Инсульттан кейін қайта қалыпқа келу

Емдік дене шынықтыру (кинезотерапия)


Массаж
Ауырсынуды басу. Оған арнайы электротерапия, магнототерапия және лазеротерапия процедуралары жасалады.
Ұлпа трофикасын жақсарту
Сөйлеуді қалыпқа келтіру
Психологиялық және әлеуметтік адаптация. Инсульт алған адамға достардың, отбасының және жақын адамдардың қолдауы өте қажет.
Профилактика

Инсультті болдырмас үшін қауіп тудыршы факторларды жою керек. Келесі ережелер мен нұсқаулықтарды орындау – инсульттің немесе қайталама инсульттің алдын алады. Олар:

Жан тыныштығын сақтау, позитивті ойда жүру
Бірқалыпты салмақта жүру, майбасуды болдырмау
Дұрыс тамақтану, дәрумендер мен микроэлементтерге бай көкөніс пен жеміс-жидек көп тұтыну
Тұздан шектелу
Белсенді өмір салтын ұстану
Ұйқыны қандыру.
Зиянды әдеттерден бас тарту (темекі, алкголь, есірткі)
Артериялық қысымды бақылап жүру(гипертонияда)
Қандағы қант диабетін бақылау
Қандағы холестериннің көрсеткішін бақылау

Қолданылған әдебиеттер


https://medkenes.kz/cardio/insult

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет