Реферат тақырыбы: Интернет қызметтер. Интернет дүкен. Интернет банкинг. Мамандығы: Жалпы медицина Курс: 1



бет5/5
Дата07.02.2022
өлшемі1,58 Mb.
#96045
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
акт реф

3. Интернет банкинг.Банктік қызмет көрсетуде Интернетті клиенттерге қашықтықтан қызмет көрсету каналы ретінде пайдалану немесе басқаша айтқанда, интернет-банкинг қаржылы қызмет көрсетудің динамикалық бағыттарының ірі болып табылады. Интернет-банкинг банк қызметтерінің кең спектрі бойынша банктік шотты басқарудың негізі ретінде ғана емес, құнды қағаздар нарығында қашықтықтан жұмыс жасау, алыстан сақтандыру үшін басқа қызметтер үшін қолданылады. Себебі ол қаржылық блоктың барлық қатысушылары тарапынан есептер жүргізуге жəне оларды бақылауға мүмкіндік береді. Интернет-банкинг қашықтықтан қызмет көрсету түрлерінің логикалық жалғасы болып табылады:

• PC banking – банк желісіне тікелей модемдік байланыс орнату арқылы жекекомпьютер көмегімен шотқа қол жеткізуді жүзеге асыру; • telephone banking – шоттарға телефон бойынша қызмет көрсету; • video banking – клиенттің банк қызметкерімен интерактивті қатынасу жүйесі. Интернет-банкинг жүйесінің классикалық нұсқасына жеке жəне заңды тұлғаларға банк офистерінде көрсетілетін қызметтердің толық жиыны кіреді. Интернет-банкинг жүйесі арқылы қолма-қол ақшасыз валюта сатып алу-сату операцияларын, банкішілік жəне банкаралық төлемдер жүргізуді, өз шоттарына қаржы аударуды жүзеге асыра алады жəне кез келген уақыт аралығында өз есеп шоты бойынша жүргізілген операцияларды бақылай алады. Қажет болған жағдайда бұл тізімді кеңейтуге болады. Интернет-банкинг жүйелерін қолданудың келесідей артықшылықтары бар: • Банкке бару қажеттігінің болмауынан уақыт айтарлықтай үнемделеді; • Клиент тəулігіне 24 сағат бойы өз шотын бақылай алады жəне қаржы нарықтарындағы өзгерістерге байланысты шұғыл шара қабылдай алады; • Пластикалық карталармен жүргізілген операцияларды бақылай алады, себебі клиенттің жүйеге қол жеткізуі оның орналасқан жеріне тəуелді емес –Интернетке қосылу жеткілікті. Бұл — клиент тарапынан бақылауды арттыруға мүмкіндік туғызады. Қаржылық транзакциялардың қауіпсіздігі интернет-банкинг жүйелерінде бағдарламалық-аппараттық қорғаудың заманауи технологиялары арқылы жүзеге асырылады. Оларды жоғары дəрежеде жүзеге асырған жағдайда қауіпсіздік деңгейі іс жүзінде операция құпиялылығына 100% кепілдік береді, ол өз кезегінде қаражаттың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл клиенттер ғана емес, банктер үшін де маңызды, себебі бұл жерде банктіңқаражаты ғана емес беделі де тəуекелге қойылады.
IV.Қорытынды. Интернет алғашында көпшілікке қолжетімді болмаған болса, бүгінде адамдардың барлығына дерлік қол жетімді деңгейде. Сонымен қатар Интернеттің қолданылу мақсаты да өзгерді. Енді ол қарапайым қатынас құралы болып қана қоймай көптеген қызмет түрлерін ұсынады. Мысалы Интернет арқылы тауарлар сатып алуға, жаңа адамдармен танысуға, əлеуметтік желілер мен форумдардың қызметтерін қолдануға, төлемдер жүргізуге, интернет банкинг қызметтін қолдануға, тегін білім алуға жəне тағы басқа əрекет түрлерін жүзеге асыруға болады.

V.Пайдаланылған әдебиеттер: https://emirb.org/download/5-module-internet-izmetter-kirispe.doc,GOOGLE

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет