3. Капоэйра – бұл ойын, спорт, керемет қимыл қозғалыс биі. Капоэйра Африка, Индия жане Европа елдерінде көптеп кездеседі. Капоэйраға спортың нағыз шеберлері де қызығушылық танытып келеді. Капоэйра биі қиналыс сезімін ұмыттыруға жане артық энергияны шығаруға көмектеседі.
4.Хастл – бұл жалындаған энергия, белсенділікті суреттейтін би түрі. Би түрін түнгі кеш билерінде кездестіруге болады. Бидің негізі қимылдарын өз нақышында, кез – келген әуенде қолдана билеуге болады.[3]
Сонда да болса барлық депрессияға жол бермей, белсенді, қимылды биді таңдасақ, біз әлбетте оң нәтижеге кол жеткіземіз.
Егер біз күнделікті күйбең жұмыстан,өзімізге жүктелген міндеттерден шаршасақ одан шығар жол бар – бұл би. Міне, бұл пікірді психолог Мария Пугачева өз макаласында мысалға келтірген. Қазіргі заман билері мен ертедегі билердің айырмашылығы , ата – бабамыз табиғаттың тылсым күштерінен қорыққандарын немесе аңшылықтан олжалы оралғандарын би қимылдары арқылы көрсетіп отырған , сол ескіліктен бері дамыған би түрлерін біз казіргі уақытта қолданып жүрміз. Мария Пугачеваның пікірінше психологиялық зерттеулердің нәтижесінде би біздің денсаулығымызға елеулі жаңалықтар әкеледі екен. Мария Пугачева биден кейінгі адам бойында болатын сезімді 3 түрге бөліп көрсетті. [4]
Би терапиясының адам өміріне, оның ішінде адамның денсаулығына тигізер әсері көп. Қиындықтарға мойымай, бимен айналысып, өзіміздің өмірдегі ең керемет жан екенімізді сезінеміз. Сондықтанда мектеп жасындағы оқушылардан бастап ең болмағанда ырғақ биімен шұғылдану керек. Би сыныптарында осы ырғақ биінің бағдарламасына сүйене отырып, оқушыларды баулу хореограф мамандардың , яғни менің міндетім болып есептеледі.
Ырғақ сабағының бағдарламасы 4-ке бөлінеді:
Бимен айналысу арқа,іш және аяқ бұлшық еттін нығайтады әрі бүкіл ағзада және буындар мен омыртқадағы қан айналымын, сондай-ақ зат алмасу процесін жақсартады. Сонымен қатар қимыл –қозғалыстың үйлесімдігін арттырып, дене бітімін жетілдіруге,тыныс алу жүйесін жаттықтыруға көмектеседі. . Бұл орайда, би салмай –ақ, буындағы қозғалыс көлемінің артуына ықпал етеді. Сондай-ақ бимен шұғылдану адамның бойын жеңілдетіп,жүйкесін тыныштандырады. Сол себепті де ол гипертониялық аурулардың бастапқы сатысында жақсы көмектеседі.Өйткені мамандардың болжамынша,гипертонияның пайда болуына күйзелісті жағдайлар себепкер болады, Бір адам ақылгөйге келіп: «Ей, данышпан,маған шындықты өтіріктен,әдемілікті суйкімсіздіктен ажыратуды уйретші. Мені өмірдің қуанышына үйретші»,- депті.Ойланып отырып ақылгөй оған билеуді үйреткен екен...
Сондықтан би-өмірдің қажетті бөлшегі.Ол деніңіздің сау әрі сымбатты болуын қамтамасыз етіп, жақсы көңіл-күй мен сергектік сыйлайды. Біздің мектепте ,яғни хореография бөлімінде қыз балалар оқитындықтан Ырғақ би сабақтарында қыз балаларға арналған би турлері мен жаттығуларды меңгертуге тырысамын. Мысалы:
Пилатес-барлық бұлшық еттерді жаттықтыратын арнайы кешен.
Пилатесте адам жаны мен тәнінің үндесуі негізге алынады.Әсіресе жаттығуларды жасап жатқан кезде ойды жинақтап, дүрыс дем алу маңызды.
Егер пилатеспен тұрақты түрде айналысып тұратын болсаңыз, арқа, қол, аяқ бұлшық еттеріңіз қатайып, артық салмақтан арыласыз. Мұнымен қатар,күйзелістен арылудың бірден-бір жолы екені анықталды. Би басқалары секілді бұлшық еттерді қатайтады, сымбатыңыздың мінсіздігін қамтамасыз
етеді, икемділігіңізді арттырады.
Осы күндері ғалымдарымыз музыканың көңіл-күйді көтеріп, өмірге жарқындылық сыйлайтындығын айтып жүр.Ал бұлшық еттерін жылдам қатайтқысы келетіндер үшін аэробика әбден лайық. Аэробика - бұл ағзаның оттекке деген қажеттілігін арттыратын бұлшықеттердің көп мөлшеріне бағытталған ырғақты жаттығулар.
Осы бағытта мен өз сабақтарымда бұлшықеттерімізді жетілдіруге арналған жаттығулармен қатар оқушылардың дене – бітімінің сымбатты болып қалыптасуына арналған жаттығуларға көп мән беремін.Ырғақ сабағымда басымыздан бастап аяғымызға дейінгі дене мушелерімізге арналған жаттығулар топтамасын жасатамын.