Реферат Тақырыбы: Құқықтық мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін факторлар


Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидалары (принциптері)



бет4/6
Дата11.03.2023
өлшемі23,58 Kb.
#171931
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
құқық талшын

1.4 Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидалары (принциптері)
Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидалары адамзат тарихын мың жылдық дамуы барысында саяси-құқықтық ой-пікірде біртіндеп, эволюциялық жолмен қалыптасты. Олардың пайда болуларының ең негізгі себебі – жалпы адамның табиғатына жат бассызжық пен заңсыздыққа тосқауыл қою және деспотизммен бір адамның мемлекеттегі шексіз билігін тежеу қажеттігі болды. Бұл жалпы адам табиғатының сұранысы, бостандық, теңдік, бақытты өмір сүруге ұмтылудың негізгі талаптарының бірі. Құқықтық мемлекет ғасырлар бойы қалыптасқан гуманистік ой-сананы, прогрессивтік құқықтық идеялардың қортындылаудың нәтижесінде арнайы қағидаларды қалыптастырады. Сол қағидалар үстемдік еткен мемлекетте ғана құқықтық мемлекет орнайды. Қазіргі заң әдебиетінде құқықтық мемлекеттің қағидаларының бөлінуін, олардың қанша екенін әр зерттеуші өздерінің тараптарынан баға беруде. Осы күнге дейін қалыптасқан қағидаларға баға беріп, таладу жасап қарасақ, мынандай түрлерге бөліп қарауға болады:
1. Заң тыйым салмағанның бәріне рұқсат. Ежелгі Рим заңгерлері қалыптастырған және кейін барлық елдердің құқықтық жүйелеріне енген «Libertas est potestas faciendi quod iure licet» «Бостандық еткен құқық рұқсат еткен әрекеттердің істеу» талабы жаңа заманда қайта жарияланып, мемлекеттің негізгі қағидаларына ұласты. Құқықтық мемлекетте мемлекеттің парламенті, президенттің және басқа да конституция бекітіп, құзыр берген барлық органдар шығарған нормативтік-құқықтық кесімдер адамдар мен азаматтардың қайсы бір әрекеттерді жасауға тыйым салмаса, оларды жасауға рұқсат етіледі, яғни ешқандай қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік жауапқа тартылмайды. Құқықтық мемлекетте субъектілердің әрекеттері тиімді реттеледі де, көп салада рұқсат ету идеясы кең қолданылады. Тыйым салатын нормалар негізінде қоғамға қауіпті әрекеттер мен халықтың құлықтылық құндылықтарына зиян, нұсқан келтіретін мінез-құлықтарды тежеуге, болдырмауға батталған. Мысалы, дін бостандығын жамылып, дінді басқа мақсатта пайдалану. Адамдардың, топтардың мүделері құқықтық мемлекетте іс жүзіне асырылуы барысында тыйым салынбаған әрекеттер санатына болулары шарт. Тыйым салынатын әрекеттерді болдырмау мемлекеттің бақылауында және жауаптылығында. Ал мемлекеттік органдар мен заңды тұлғаларға құқықтық мемлекетте «Тек заңда тікелей көрсетілген ғана рұқсат»деген қағида іс жүзіне асады.
2. Мемлекеттің барлық саласында заңның үстем болуы. Бұл қағиданың талаптары бойынша құқықтық мемлекетте заң өмірдің, қоғамдық қатнастардың барлық саласында үстемдік етіп, заңдылықтың орнауы қатаң түрде қамтамасыз етілуі тиіс. Заңның үстем болуы негізінде екі бағытта іс жүзіне асырылады: Біріншіден, Президенттен бастап барлық мемлекеттік органдар, мекемелер, лауазымды тұлғалар мен барлық адамдар заңға бағынулары тиіс. Ешкім заңсыз әрекеттері үшін жауапкершіліктен босатыла алмайды. Жасаған әрекеттерінің қоғамға қауіптілігіне қарай жауапқа тартылатыны ешқандай дау туғызбайтын аксиома болуы қажет.Екіншіден, атқарушы оргындардың шығарған нормативтік құқықтық кесімдер Конситутцияға және басқа Парламент шығарған заңдарға қарама-қайшы келмеулері тиіс. Үшіншіден, қабылданған барлық заңдар құқықтық идеяға ұласулары қажет. Яғни, құқықтық қағидалар мен талаптар барлық заңдардың ең негізгі өзегіне айналулары тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет