Реферат тақырыбы: Ж. Жабаевтың шығармашылығы, өмірі семей 2023 Мазмұны



бет3/8
Дата18.01.2023
өлшемі113,5 Kb.
#165848
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
реферат Ж.Жабаевтың шығармашылығы, өмірі
2 МОДО 2вариант, 12-апта. Т.Қожекеев сатира жанрын зерттеуші
2.1. ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Жамбыл Жабаев шығармашылығының басты тақырыптық өзегі – адам мен заман. Сол дәуірде өмір сүрген замандастарының жақ­сылығы мен жамандығын, адамдығы мен надан­дығын, адалдығы мен арамдығын сарапқа салып, үлкен философиялық ой түйіндеулер жасай білген. Уақыт өлшеміне салып адам баласының әрбір жасаған ісіне түптің түбінде бір жауаптың бар екендігін ақын тебірене отырып толғайды. Сондықтан да жырау болмысына терең бойлап бағамдағанда, дүниенің өзіндік өлшемі оның ұрпағына қалдырған адами істері екндігіне кәміл сенесіз. Мазмұнды толғау, халықтық асыл мұра Жамбылдың шығармашылық өнері мен өнегесіне сапалы үлес қосты.


Жамбыл Жабаев – қазақ поэзиясының қай жанрында жырласа да, өзінің дария диапозонды тынысымен тереңнен тербеп, шалқар шабытымен шымырлап ағатын дария сынды талант иесі. Ақын шығармашылығы парасатқа, философиялық терең ұлттық құндылық­тарға өте бай. Халық поэзиясы қандай құнарлы болса, сол қайнардан қанып ішкен оның өлеңдері де сондай нәрлі де нақышты. Оның жырларында замананың телегей-теңіз тынысы, дәуірдің дидары бар. Ақиқаттың ақ алмасындай сөздері елдің ойы мен арманына тұтас үндеседі.
Өлең кірген түсіне
Жөргегінде мен болам, – деп өзі айтқандай, Жамбыл өмірге өлең болып өрілген далалық мәдениеттің қайталанбас жыршысы. Далалық ой ағысы мен сөз қағысы бағзыдан тартып, баянын айтып, қазақ поэзиясының бастау қайнарларына қайыра назар аудартады.
Сүйінбайды пір тұтып:
Менің пірім – Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сыйынбай, – дейді. Бұл – ұстаз бен шәкірт арасындағы ғана ынтымақшыл көзқарас емес, ұрпақтар сабақтастығындағы ұлағатты дәстүр. Ақындық-жыраулық мектептің сындарлы сыйластығы. Не болмаса, өзінің ақындық құдіретін «Жолбарыс киесімен» байланыстырады. Бір сөзбен айтқанда, Жамбыл – мифпен астасқан жұмбақ та киелі тұлға.
Жамбылдың шығармашылық өміріне терең із қалдырған өміріндегі маңызды оқиға – Шөже және Шашубай ақынмен кездесуі болды. Жамбыл олармен ұзақ уақыт бойы айырылыспады. Ол Шашубайдан көптеген Сары-Арқа ақындарының әндерін, XV ғасырдың ақыны және философы Асан Қайғы туралы көптеген аңыздарды естіп, білді.
Дәл Асан Қайғы туралы айтылған аңыздар кейінірек Жамбылға «Өтеген батыр» поэмасын шығаруға шабыт берді. Ол оны «Хикая» деп атады. Бұл туынды алғаш рет 1937 жылы жазылған және қазір оның шығармаларының барлық басылымдарына қосылған. Бұл поэмада, жер әлемді айналып, жер іздеп өз халқының бақытты үлесін іздейтін Өтеген батырдың жорықтары сипатталған.
Оның өлеңдерінен кеңестік биліктің басында отырған барлық билік өкілдерін кездестіруге болады. Жамбыл оларды эпикалық кейіпкерлер, аңызға айналған батырлар сияқты ерекшелеп, «Калинин ақсақалға», «Ежов батыр туралы ән», «Клим Батыр», «Біздің Киров» секілді тағы да басқа өлеңдер шығарды.
Жамбыл Жабаевтің шығармашылығында «Сұраншы батыр» поэмасы үлкен орын алады. Поэманың негізгі идеясы – Қоқан хандығының құлдығына және тонаушылығына қарсы күрес, Сұраншы батырдың орыстармен достығы. Жамбыл бұл туындысында 19-шы ғасырдың 50-60 жылдарындағы қазақ халқының Қоқан шапқыншылығына қарсы күресін бейнелі және жалпылама түрде көрсетті. Негізінен ақын Қоқан шапқыншылығының бір эпизодына тоқтайды. Және бұл поэмада тарихи деректерге толық сәйкес келетін оқиғалар баяндалады.
Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы туралы хабар Жамбыл жайлауда болған кезде келді. Сол жылдары Жамбыл Мәскеу мен Ленинград туралы ең жақсы өлеңдер жазды. 1941-1942 жылдары қыс мезгілінде Ленинград қоршауынан аман қалғандар 1941 жылдың қыркүйегінде Жамбылдың қала тұрғындарына жолдаған өлең жолдауын ешқашан ұмытпайды. Жамбылдың тіпті, орыс тіліне аударылған жолдауы Ленинградта радио арқылы таратылып, онда плакаттар түрінде жарияланды. Жамбылдың жолдауы үйлердің қабырғаларына және бүкіл қаланың дүкендерінің терезелеріне ілінді. Қазақ ақыны ол жолдауда ұлы қаланың қорғаушыларына сүйіспеншілікпен, алаңдаушылықпен батыл ынталандыру сөзін жеткізеді.
Жамбылдың Ленинград тұрғындарына арнаған үндеуі қалада үлкен патриоттық жігер тудырды. Оның шығармаларын орыстың көптеген ақындары аударған. Ал бұл аудармалар үлкен жұмыс атқарды. Олар оқырмандарды Жамбылдың шығармашылығына қызықтырып, қазақ ақынының бейнесі мен ойларын әлемнің ең алыс бұрыштарына жеткізді.
Жамбыл шығармаларының орыс тіліндегі аудармалары шетелде де танымал болды. Оның еңбектері Қытайда, Чехословакияда, Англияда және басқа елдерде жарық көрді. Осылайша, қазақ жырауы әлемдегі барлық ұлттың сүйікті ақыны болды.
Оның өлеңдері КСРО-дағы шынайы өмірді дәріптеді және билік тарапынан кеңінен таратылды. Тоқсан жастағы Жамбылдың бейнесі жаңа құрылысты және оның халқын қуана қарсы алған, шығыстың ақсақалы ретінде бейнеленді. Ол Қазақстанның ең беделді ақынына айналды, ал оның әндері қазақ ауылының жаңа өмірінің бір бөлігі болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет