Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Психология және педагогика кафедрасы
Реферат
тақырыбы: «Жеке тұлға ұғымы мен оның құрылымы.
Индивид, даралық.»
Білім беру бағдарламасы: Бәсекеге қабілетті тұлға психологиясы
Мамандығы 5В060100 - Матемтика
Орындаған: Ахметханова Д.О., 3 курс
Тексерген: Аубакирова Н.К.,
Костанай, 2020
Мазмұны
Кіріспе....................................................................................................................3
1.Жеке тұлға, оның құрылымы және бағыттылығы..........................................5
1.1.Тұлға туралы жалпы түсінік.......................................................................5
1.2.Тұлғаның түрткілері мен қасиеттері.........................................................5
2.Индивид. Адамзат қауымдастығының жеке өкілі..........................................7
3.Даралық. Өзіндік өзгешелігі бар жеке адам...................................................8
Қорытынды...........................................................................................................9
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................................10
Кіріспе
Табиғаттың сырына үңілген сайын, қоршаған орта туралы неғұрлым көбірек білген сайын, олардың ғажаптығы бізді бұрынғыдан да таңдандыра, тамсандыра түседі. Қоғамдағы адамның мәнін ашуға көмектесетін ұғымдар бар. Олардың негізгілеріне даралык, жеке адам (индивид), тұлға (жеке тұлға) ұғымдары жатады.
Жаңа туған нәресте « адам » деп аталғанымен, « тұлға » деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ержету үшін бала оңын мен солын, өзінің «менің » басқа « мендерден », яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан да нәресте, сәбиді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетіншеәрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды – көпті өмір тәжірибесі, білім мен дағдысы, икемі, дүние танымы, сенімі мен талғам – мұраты, бағыт – бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бір сыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс - әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман – жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын адамды да кісі не тұлға дейміз. Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерімен қатар жауыз, керітартпа, бұзық, қасқай т.б. толып жатқан өкілдері болады. Мәселен, бүкіл әлемді қан қақсатқан Гитлер адамзатқа жаны қас жауыз тұлға.
Имандылықтың ерекше бір көрінісі халқымыз ерекше қастерлейтін кісілік ұғымы, тұлғаның аса өнегелі түріне жатады. Төл тілімізде « Он үште отау иесі » ( қыз балалар үшін ), « Он бесте отау иесі » ( ұл балалар үшін ) дейтін аталы сөз бар екені де хақ. Осы жасқа келгенде бал дәурен балалық шақ аяқталады. Бұл - өмір талабынан, ауқымы кең тыныс – тіршіліктен туындайтын құбылыс. Халқымыз кез келгенді кісі деп атай бермей, оны имандылық пен адамгершіліктің басты белгісі, ес жиып, етек жабу нәтижесінде біртіндеп қалыптасатын адамның азаматтық ар – ожданы, кісілік, кескін – келбеті, адамшылықтың өлшемі деп түсінген.
Индивид – бұл адамдардың психологиялық сипаттамаларының физикалық алып жүрушісі. Былайша айтқанда, К. А. Абульканова – Словская нақты субьектіні әлеуметтік топтан ажырату үшін «әлеуметтік индивид» түснігін қолданады. Индивид тұлғаның ерекшеліктерінің алғы шарттарын қалыптастырады, бірақ тегі бойынша әлеуметтік – мәдениленген салаларын ережеге сай детерминациялай алмайды. Ал тұлға ( А.Н. Леонтьевтің анықтамасына сәйкес) – мәдени – тарихи даму барысында белсенділік, субьектілік, құмарлылық, және сапалылық қасиеттерін шегеріп оны қалыптастырған жүйелі қасиеттері. Бұл анықтама логикасына сәйкес кез келген индивид тұлғаға айналып, тұлға өз кезегінде әрқашан анатомды – физиологиялық алғы шартармен бір мәнді анықталып жатпайды.
Индивидтің тұлғаға сәйкес келмеуі тұлғалылығы жоқ әдеби песонаждардың мысалынан көрінеді, бірақ бұларда толығымен тұлға қырлары көрінеді. (Мұндайларға мысалы, И. Кальвиннің романындағы дүниде жоқ рыцарь). Индивид пен тұлғаның өзара әрекеттесуін жалпы алғанда тарихта әр түрлі шешілген дене мен рухтың мәселесін көрсетеді, мысалы дене – бұл тағдыр деп тұжырымдай келе Фрейд тұлғаның биологиялық іргетасына адам өмірінде шешуші рөлін берді, ал отандық психологияда керісінше бірнеше он жыл бұрын тұлға болып қалыптасуы: кім олай атамады, кім тек индивид болып қала береді деген шарттары кең талқыланды. Бұл қарама – қарсылық даралық айырмашылық психологияның психофизиологиялық жағын жақтаушылар мойындаған идеологиялық мағғна сияқты ғылыми мағнада болмады.
Индивидтілік индивидуалдылықта болады. Ал өз кезегінде индивидуалдылық дегеніміз – бұл өздігінен дамитын және өздігінен реттелетін автономдық ерекше және қайталанбайтын биоәлеуметтік жүйе.
Бұл жеке адамның болмысының өзіндік бүтіндігін сақтау шеңберінде үздіксіз сыртқы және ішкі өзгерістерін өз — өзіне ұқсастыру формасы.
Даралық жеке адамнан жоғары немесе төмен әлдене емес. Даралық дегеніміз- өзіндік өзгешелігі бар жеке адам. Даралық туралы сөз қозғағанда жеке адамның өзінше бөлек сыр сипаты айтылады.
Жеке тұлға-қоғамдық-тарихи категория. Оның қоғамдық мәні мен әлеуметтік функциясы жеке тұлға сипаттамасының ең басты көрсеткіштері болып табылады. Жеке тұлға- тек қана қоғамдық ғылымдардың: тарих, философия, социология, этика, эстетика, психология, педагогика т.б. зерттеу объектісі.
Жеке тұлға қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық роль атқаратын әлеуметтік қызметі, мәселен, ата-ананың ролі- балаларын тәрбиелеу, мектеп директорының ролі- мұғалімдер колективін басқару және оқушыларды оқыту процесін ұйымдастыру.
Жеке тұлғаның позициясы дегеніміз – оның қатынастарының жүйесі. Жеке тұлға мәнді қатынастарына: өмірдің материялдық жағдайларына, қоғамдық және адамдарға, өзіне, өзі мойынына алған міндеттерге, қоғамдық, еңбек міндеттеріне деген, т.б. қатынастар жатады. Бұл қатынастар жеке тұлғаның адамгершілік бейнесін, оның әлеуметтік бағдарын сипаттайды.
Қатынастардың тек олардың объектіге деген бағытына қарап қана айырмайды, сондай-ақ олардың аңғарылу деңгейіне байланысты да ажыратады. Әдетте қатынастарды аз аңғарылған және терең түсінілген деп бөледі. Аз аңғарылатын қатынастар дегеніміз – ұнату мен жек көру сезімдері. Терең түсіну дегеніміз – принциптік қатынастар, олар ситуация талаптарымен емес, жеке адамның қалыптасқан мұратымен, ішкі сенімімен, парыз бен міндеттерді сезінумен анықталады.
Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талпындыратын бір түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив (себеп) деп атайды. Қандай болмасын объектінің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатынын және оның мінез – құлқын мән – жайын толық түсіну қиын болады.
Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психология әртүрлі өзгеріске түсіп отырады. Осыған орай, оның түркілері де, мақсатқа жету үшін қажетті шаралары да өзгеріске түседі.
Түрткінің өгеруі іс – әрекеттің бағыт – бағдарына нәтижесіне әсер етеді. Мәселен, қоғамдық мәні күшті түрткі іс – әрекет нәтижесіне ерекше әсер етеді.
Жеке адамды қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив – оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық қажеттер (тамақ, баспана, киім, еңбек құралдары т.б.) болады. Адам баласының тарихи дамуы жағдайында туған еңбек әрекеті еңбек құралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері бірітіндеп дами келе, қажеттердің жаңа тобын – рухани қажеттерді (білім, көркемөнер т.б. ) туғызады. Рухани қажеттердің дамуы – материалдық қажеттерінің қанағаттандырылуына байланысты. Адам қажеттерінің дамуы – тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. Олар адамның алдына әр түрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болатын негізгі түрткілер. Адам өзінің қажеттерін өтеу үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. Бұл оны белсенді түрде іс – әрекет істеуге талпындырады. Оның қажеттері саналы әректінің нәтижесінде біртіндеп өтеліп отырады. Адам өзінің қажетін өтеу жолында сыртқы ортаны,табиғатты өзгертуге дейін барады. Қажеттердің өтелу,өтелмеуі адам психологиясына, оның, күйініш – сүйінішіне әсер етеді. Қажеттер орындалу тәсіліне қарай кісіде мазасыздану, не тынышталу, рахат, ләзаттану, не азап шегу сезімдерін туғызады. Қажеттерді өтеу арқылы адам тиісті құралдарды іздестіріп солардың күшімен, түрлі теориялық, практикалық сипаттағы мәселелерді шешуге мүмкіндік алады. Өйткені қажет – адамның ойлау қызметін тудыратын негізгі себептердің бірі болып табылады, білдіріп қана қоймай, ол заттарды өз қажетіне байланысты өзгертуге, қайтадан жасауға әрекет етеді. Олай болса, адамдардың қажеттері – іс-әрекетінің негізгі мотивтері, яғни оның психологиясының қайнар көзі, бастамасы болып табылады. Қажет – (әсіресе, табиғи қажетер ) өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы. Егер, табиғи қажет өтелмесе, өмір сүру үшін тиісті жағдайлар болмаса, дам да, жануарлар да тіршілік ете алмайды. Адам өмірі үшін рухани қажеттерді өтеп отырудың да маңызы зор. Осындай қажеттердің өтелмеуінен адам көп қиыншылық көреді, өйткені бұл оның сана – сезімінің өсуіне кедергі келтіреді. Қажет жануарларда да бар. Бірақ бұл – биологиялық сипаттағы қажеттер. Жануарлардың қажеттері – олардың қоректенетін заттарын іздестіруінен жақсы байқалады. Мәселен, тауық жерден дән іздеп зыр жүгіреді. Ит қожасын көргенде тілін салақтатып, аузынан сілекейін шұбыртады. Сөйтіп, аң біткеннің бәрі өз қажетін өтеу үшін әрекеттенеді. Мұндай қажет аңдарға туа бітеді, олар шартсыз рефлекстік сипатта болады.
Индивид – бұл адамдардың психологиялық сипаттамаларының физикалық алып жүрушісі. Былайша айтқанда, К. А. Абульканова – Словская нақты субьектіні әлеуметтік топтан ажырату үшін «әлеуметтік индивид» түснігін қолданады. Индивид тұлғаның ерекшеліктерінің алғы шарттарын қалыптастырады, бірақ тегі бойынша әлеуметтік – мәдениленген салаларын ережеге сай детерминациялай алмайды. Ал тұлға ( А.Н. Леонтьевтің анықтамасына сәйкес) – мәдени – тарихи даму барысында белсенділік, субьектілік, құмарлылық, және сапалылық қасиеттерін шегеріп оны қалыптастырған жүйелі қасиеттері. Бұл анықтама логикасына сәйкес кез келген индивид тұлғаға айналып, тұлға өз кезегінде әрқашан анатомды – физиологиялық алғы шартармен бір мәнді анықталып жатпайды.
Индивид пен тұлғаның өзара әрекеттесуін жалпы алғанда тарихта әр түрлі шешілген дене мен рухтың мәселесін көрсетеді, мысалы дене – бұл тағдыр деп тұжырымдай келе Фрейд тұлғаның биологиялық іргетасына адам өмірінде шешуші рөлін берді, ал отандық психологияда керісінше бірнеше он жыл бұрын тұлға болып қалыптасуы: кім олай атамады, кім тек индивид болып қала береді деген шарттары кең талқыланды. Бұл қарама – қарсылық даралық айырмашылық психологияның психофизиологиялық жағын жақтаушылар мойындаған идеологиялық мағғна сияқты ғылыми мағнада болмады.
Индивидтілік индивидуалдылықта болады. Ал өз кезегінде индивидуалдылық дегеніміз – бұл өздігінен дамитын және өздігінен реттелетін автономдық ерекше және қайталанбайтын биоәлеуметтік жүйе.
Бұл жеке адамның болмысының өзіндік бүтіндігін сақтау шеңберінде үздіксіз сыртқы және ішкі өзгерістерін өз — өзіне ұқсастыру формасы.
Біршама жеңілдетілген түрде индивидуалдық – бұл индивид, тұлға және олардың арасындағы байланыстар деп айтуға болады. Индивидуалдықтың бірыңғай емес, әртүрлі сипаттамаларын белгілей отырып, оны үш қабатты «ғимарат» ретінде елестетуге болады.
Сонда төменгі деңгейде біз барлық индивид, формальді – динамикалық сипаттамаларды жинай аламыз. Екінші деңгейде біз заттық – мазмұнды сипаттамаларды қарастырамыз. Ал үшінші жоғарғы деңгейде рухани – дүниеге көзқарастық сипаттамалар болады.
Есте сақтаудың ыңғайлылығы үшін мынандай схеманы қолдануға болады: Төменгі пәтер белсенділікті стимулдайды, «өйткені» - қажеттіліктен, ортаңғы қабат адам іс-әрекетәнің құрамдарын қамтамасыз етеді, ал үшінші қабат – бұл мақсаттар. Даралық деңгейлері бір – біріне тек шығушы ғана емес , сонымен қатар кіруші әсерлердің өзара әсерлерін білдіреді.
Даралық (лат. indivituum — бөлінбейтін) деп абсолютті қайталанбайтын, кеңестіктің сол нүктесінде, уақыттың сол мезетінде ғана өмір сүретін, кез келген өзге "даралықтан" мәнді айырмасы бар іштей шексіздікті айтамыз.
Бұл қағида адамдарға да қатысты. Бірін-бірі барлық жағынан толық қайталайтын, бірі екіншісінен айнымайтын адамдар да болмайды. Тіпті егіздердің өздері бір-біріне ұқсас болып көрінгенімен, ата-анасы немесе достары оларды оңай ажырата алады.
Даралық жеке адамнан жоғары немесе төмен әлдене емес. Даралық қарастырылып отырған дербес өмір сүруші организмнің ата тегінен иеленген және даму жолында қабылданған қасиеттерінін өзінше үйлесіл келген,, өзіне тән нышандарын сипаттайды. Даралық — генотиптік және фенотиптік ерекшеліктерден көрінетін онтогенездің нәтижесі. Психологияда даралық проблемасы, ең алдымен, жеке адамның тұтас мінездемесімен — оның барлық қасиеттерінің, ойларының, сезімдерінің, еркінің, құлшынысының, зауқының, қажеттіліктерінің, уәждерінің, мүдделерінің, көңіл ауанының, мұңының, әрекетінің, қылықтарының, әдеттерінің, икемділіктерінің, қабілеттерінің т.б. ерекшеліктерінің төлтума көптүрлілігімен байланысты қойылады. Осылардың нақты қабысып келуі әрекет үстіндегі "Мен"-нің бірегей тұтас құрылымын түзеді. Осыған байланысты даралық қарастырылып отырған адамға тән белгілердің жиынтығы ретінде сипатталады. Даралану адамның қарым-қатынас кезіндегі тәртібі арқылы, сол сияқты олардың іс-әрекет үстінде қабілеттерін керсетуі арқылы жүзеге асырылады.
Дүние жүзінде қанша адам болса, сонша даралық, сонша тұлға, сонша тағдыр бар. Адамдардың тағдырлары ұқсас болуы мүмкін, бірақ бірдей болуы мүмкін емес.
Даралық — адамның бірегей және әмбебап қасиеттерінің бірлігі, тұтас жүйе. Бұл жүйе адамның жалпы, тұрпатты және ерекше қасиеттерінің өзара әрекеттесу үрдісінде қалыптасады. Тарихи даму барысына орай, адамның даралануы барған сайын айшықтана береді.
Даралық — адамзаттың прогресс жолымен дамуы үшін қажетті шарттардың бірі. Жеке адамның даралануы мен жетілуі қоғамда қатып қалған консерватизм мен таптаурындарға (стереотип) қарсы күресте маңызды рөл атқарады, адамдардың өздерін-өздері, қоғамды және қоршаған ортаны үнемі жасампаздықпен өзгертіп, жетілдіріп отыруының кепілі бола алады.
Күнделікті тұрмыста, сондай-ақ ғылымда «даралық» сөзімен қатар, «индивид» деген сөз де қолданылды. Индивид деп өзіне тән барлық ерекшеліктерімен бірлікті алынған нақтылы адамды айтамыз.
Қортынды
Адамдардьң қоғамдық организм ретінде өмір сүруінің өзі олардың үнемі өзара әрекеттесулерін қажет етеді. Ол әрекеттесулер екі жақты болады. Қоғам жеке адамға әсерін тигізіп қана қоймайды, жеке адам да қоғамға сондай әсермен жауап беріп отырады. Адамның тұлға ретінде дамуына қажетті алғышарттардың бірі — оның табиғи қабілеттері болып табылады. Бұл, негізінен, қызмет объектісі болып табылатын адам өмір сүріп жатқан қоғамда іске асады. Жеке адам өзінің адам ретінде дамуына объективті жағдай бар қоғамда өмір сүрудің белгілі бір тарихи формасын табады.
Тұлға мәселесін философтар, тарихшылар, әлеуметтанушылар, өнертанушылар, экономистер, антропологтар зерттеу объектісі ретінде қарастырады. Педагогтар мен психологтар үшін тұлғаны қалыптастыру — ешқашан маңыздылығын жоғалтпайтын мәңгілік тақырып. Ғылымның әр саласы зерттеудің мәніне өзіндік ұстанымдармен келеді. Олардың жұмыстарының нәтижелері қоғамдық тәжірибемен өлшенеді.
Ғылыми әдебиеттерде тұлғаның оңдаған айқындамалары ұшырасады. Классикалық көркем әдебиетте тұлғаның түрлі әлеуметтік-тарихи типтері, бірегей кейіпкерлер жасалған. Тұлғаны бейнелеуге арналған өнер туындылары да аз емес.
Тұлға негізі отбасында қаланады. Одан әрі тұлғаның қалыптасуы отбасы-балабақша, отбасы-мектеп одақтарының ыкпалымен өтеді. Тұлғаның қалыптасуына адамның (баланың) бос уақытын өткізетін ортасының, ол жүрген ұжымның әсері мол. Өмірде баланың ресми тәрбие орындарынан гөрі, кездейсоқ ортадан алған әсерлер жетегімен кететін жағдайлары да ұшырасады.
Тұлғаның қалыптасу шегін айқындау мүмкін емес. Ол үрдіс өмір бойы жүріп жатады. Егер адам жеке басының бақыты мен қоғамның мүддесі үшін белсенді әрекет ете бастаса, сол кезден бастап оның тұлға ретіндегі әрекетінің мәні мен мазмұны туралы айтуға болады. ....
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.Жарықбаев Қ. Жантану негіздері жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының, пединституттарының педагогика және бастауыш мектеп әдістемесі факультеті студенттеріне арналған оқулық. Алматы, 2002
2. Жалпы психология. (Педагогика институттары студенттеріне арналған оқу құралы ). В.В.Богословскийдің және басқалардың редакциясымен, қайта қаралып, толықтырылған 2- басылымнан аударылды. Алматы, «Мектеп», 1979.
3. Қабанова - Миллер Е.Н. Оқушыларда білім және дағдыларды қалыптастыру психологиясы. М. РСФСР АПН баспасы, 1962.
4. Анастази А. Дифференциальная психология.Индувидуальные и групповые различия в пщведении.М.:Апрель Пресс, Изд-во “ЭКСМО Пресс”, 2001.- 752с. (Серия “Кафедра психологии”)
5. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998,VIII том
6. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007.
7. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006.
Достарыңызбен бөлісу: |