Әдебиет
1. Большой юридический словарь / под ред. А. Я. Сухарева и В. Е. Крутских. –
2-е издание, перераб. и дополн. – М., 2001. – 704 с.
2. Индекс восприятия коррупции (англ. Corruption Perceptions Index, CPI) – ежегодный рейтинг государств мира, отражающий оценку уровня восприятия
коррупции аналитиками и предпринимателями по десятибалльной шкале.
Составляется компанией «Transparency International» с 1995 года. https://
ru.wikipedia.org. – 5 сентября 2015 года.
Конспект
Психологиялық фактордың сыбайлас жемқорлыққа әсер ету шарасы қандай?
Адамзат өркениеті тарихында діни ілімге негізделген
мораль нормалары тұлғаның қалыптасуында маңызды рөл атқарады.
Адамның моральдық қағидаттарды саналы түрде сақтауы оның сыбайлас
жемқорлыққа деген қатынасы бойынша ұстанымына байланысты. Ол
оны кез келген мемлекеттік құрылыстың мәңгі жолсерігі немесе нақты
қарсы тұра алатын және қарсы тұру қажет жағымсыз қоғамдық құбылыс
ретінде қабылдауы керек.
Сыбайлас жемқорлықтың негізгі психологиялық құрамдастарын сипаттаңыз.
Егер адамгершілік ережелердің кешені жұмыс істемесе, қоғам
азғындаған, ал мемлекет – әлсіз болады, егер социум өмірінде мораль
тиісті орын алмаса, азғынданған қоғамның болашағы жоқ.
Адамгершілік және қылмыстық идеология қақтығысы. Сыбайлас
жемқорлықтың жағымсыз қоғамдық құбылыс ретіндегі ерекшелігі
қоғамдық процестер өзгерісінде өте жылдам қозғалғыш келеді, оның
қауіптілігін елемеу әртүрлі тәртіптің шығындарына әкеледі. Экономикалық
шығындардан және халықаралық аренадағы беделін жоғалтудан бөлек, кез
келген мемлекет қылмыстық идеологияны тарату
проблемасына ұшырасады. Ең қауіптісі белгілі бір топтардың бай тап
өкілдерінің санасында тоғышарлық элементтерінің тамыр жаюымен
сән-салтанатта өмір сүретін, шамадан артық тұтынуға ұмтылуын жете
бағаламау болып табылады. Бұл кемістік зиянсыз емес, ол адамдардың
санасында өзіндік мінез-құлық стандарттарын қалыптастырады, кейіннен
құқықтық түзетуге келмейді. Н. Бердяев тоғышарлықты ауыздықталмаған
рахатқа батудың кері жағы, ал тоғышарлық нормалар, оның пікірінше,
адамның қайырымды өзін-өзі шектеуіне сенбеушіліктің жемісі деп
атаған
Жемқор тұлғаның қоғамға деген психологиялық қатынасы
Сыбайлас жемқорлық қоғамдық зұлымдық ретінде қоғамға
ыдыратушы ықпал етеді. Әсіресе бұл адамдардың қылмыстық мінезқұлқын, сыбайлас жемқорлық фактілерін Интернет желісіне қол
жеткізетін тіпті оқушылардан жасыра алмайтын қазіргі ақпараттық
технологиялар ғасырында қауіпті. Жастарды тәрбиелеудегі кемшіліктер
мен қателіктер, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық ықпал
үшін әлсіз санаттарына тиісті көңіл бөлмеу аса жағымсыз салдарға әкеледі.
Сыбайлас жемқорлық дендеген адамдардың адуындығы мен
арсыздығы, олардың қылмыстық қызметінің нәтижелері адамгершілік
құндылықтарының құнын жояды және қоғамның адамгершілік
ұстанымдарын әлсіретуі мүмкін. Адамгершілік, әділдікке сену, этикалық
мінез-құлық нормаларын сақтау қажетті жағдайлар кешенін білдіреді.
Осы құрамдас бөліктерсіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
қалыптаса алмайды және мемлекеттік жазалау саясаты пәрменді бола
алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |