Орындаған: Жүнісақын Дулат; Мұхаметбек Ықылас
Тексерген: Сейітжан Дидар Қынатұлы
Өскемен қаласы 2021-2022 Оқу жылы Жоспар I Кіріспе
II Ұжымдық шарт
1.1. Ұжымдық шарт туралы түсінік
1.2. ұжымдық келісім шартының маңызы
1. 3. ұжымдық келісімнің мазұмыны, тараптар
1.4. ұжымдық келісімге отыру тәртібі
1.5. Ұжымдық келісім-шарт дауларын қарастыру
III Қорытынды
Кіріспе Ұжымдық шарт — кәсіпкер (немесе фирма әкімшілігі арқылы оның өкілі) мен қызметкерлер (кәсіподақ арқылы олардың өкілдері) арасындағы еңбек жағдайы, жалақы, кәсіпорындағы жұмысшы ұйымдарының құқықтары, т.б. туралы келісім. Жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастарын реттеу нысаны ретіндегі Ұжымдық шарттың өзіндік тарихы бар. Алғашқы Ұжымдық шарттар 19 ғ-дың ортасында Ұлыбританияда, 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Еуропаның басқа да елдерінде, Солт. Америкада пайда болды. 1-дүниежүз. соғыстан кейін аталған елдерде заңнамалық құқықтық күшке ие болды. 20 ғ-дың 60-жылдары кәсіподақтар жұмыс берушілерден Ұжымдық шартпен реттелетін мәселелердің шеңберін кеңейтуге қол жеткізді. Жалақы мөлшері, жұмыс уақытының ұзақтығы және оны бөлісу мәселелерімен қатар жалдау, жұмыстан ауыстыру, босату, демалыс ұзақтығы, зейнетақы мен жәрдемақы төлеу шарттары, еңбек жанжалдарын қарау тәртібі, жұмысшылар өкілдігі органдарының құқықтары, т.б. Ұжымдық шарт арқылы реттеле бастады. Дамыған елдерде ғыл.-тех. ілгерілеушіліктің жеделдеуі және жабдықтың жаңа технол. негізде жаңартылуы, тиісінше кадрлардың кәсіптік-біліктілік құрылымының неғұрлым серпінді түрде өзгеруі Ұжымдық шартқа жұмыс күшінің босауымен, оны қайта даярлаумен, әлеум. қорғаумен, т.б. байланысты жаңа мәселелерді енгізу қажеттігін туғызды. Кәсіподақтардың талап етуімен жұмыстан босату, жұмыстан босатылғандарға әлеум. кепілдіктер беру (кәсіпорын есебінен кәсіптік қайта даярлау, қосымша жәрдемақы төлеу, т.б.) жөніндегі қатынастарды реттеуге байланысты мәселелер енгізілді. Қызметкерлердің мүдделілігін арттырудың жаңа нысандары да талап етіліп, пайда мен капиталға қатысу, басқарудың бірқатар атқарымын тікелей орындаушыларға беру кеңінен таралған құбылысқа айналды. Бұлардың бәрі Ұжымдық шартта көрініс тапты. Қазіргі кезде Ұжымдық шарт неғұрлым әлеум. тиімді еңбек үдерісіне мүдделі екі тараптың келісімшарты нысанына ие болып отыр. Ұжымдық шартта елдің еңбек заңнамасының нормалары нақтылана түсуде. Көптеген дамыған елдердің заңдарында Ұжымдық шарттың ережелері жеке еңбек келісімі бойынша тек қызметкерлердің пайдасына өзгеруі мүмкін міндетті ең төмен нормалар ретінде мойындалады. Ұжымдық шарт барлық салалар үшін де, жергілікті жер үшін де, сатыластық бойынша және деңгейлестік бойынша жасалады және жұмыс істеушілердің бәріне қолданылады. Жұмыс беруші Ұжымдық шарттың қайсыбір бабын орындаудан бас тартқан жағдайда қызметкерлер оны сот арқылы орындатуға құқылы.
Кәсіподақ: мұғалімдер қауымының мүддесі21 қаңтар 2010 | 1 пікірКүні кешегі өтпелі шақта еңбекақының, зейнеткерлік жарналар мен әлеуметтік жәрдемақылардың кешіктірілуі секілді шиеленістер мұғалімдерді де айналып өткен жоқ. Сірә, өзінің отыз жылғы тәжірибесінде Ақтөбе қалалық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының талай тығырыққа тірелген тұсы осы шығар. Шүкір, ол күндер кейінде қалды. Бірақ қазірде де арқаны кеңге салудың реті және жоқ. Себебі, қазіргі таңда аталған комитетке қала аумағындағы 69 мектеп пен 34 балабақша, 24 мектептен тыс ұйым қарайды. Атқарылар шаруалардың тіпті де аз болмайтыны осы цифрлардан-ақ байқалады.Білім беру қызметкерлерінің бары мен жоғын түгендейтін, мәртебесі мен мақсатын ойлайтын кәсіподақ ұйымының бүгінгі тыныс-тіршілігі қандай? Осы орайда ұйымның төрағасы Лидия Оралбаевамен тілдескен едік.Келісім-шарт — кепілдік құжаты— Кәсіподақтың қолға алуымен білім беру қызметкерлерінің мәртебесін мемлекеттік деңгейге көтеру мақсатында бірқатар жұмыстардың атқарылғаны белгілі. Осы орайда соңғы жылдары кейбір заңдарға өзгерістер де енді. Әңгімемізді осыдан бастасақ…— Иә, бұл ретте алдымен айтарым, «Еңбек кодексінде» «Азаматтық қызметкер» мәртебесі бекітілді. 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогикалық қызметкерлер «Азаматтық қызметкер» деп аталып келеді. Сондай-ақ білім беру қызметкерлері ҚР «Еңбек кодексінің» 239-бабы негізінде еңбек демалысына шығарда қызметтік жалақы көлемінде денсаулығын түзетуге байланысты жәрдемақы алатын болды. Оқу демалысы бұрын «Еңбек туралы» заңның 112-бабында жай оқу демалысы болып қарастырылса, ал қазір жұмыс беруші «Еңбек кодексіне» сәйкес, мамандығы бойынша оқып жатқан қызметкерлерге емтихан тапсыру үшін ақылы оқу демалысын береді.Былтыр ақпан айында Жезқазған қаласында Елбасымыздың бастамасымен барлық жерде ұжымдық келісім-шарт жасау міндеті қойылғаны белгілі. Шарт тек мемлекеттік қана емес, жекеменшік мекемелерде де құрылуы тиіс. Қазіргі күні қаладағы білім беру мекемелерінде бұл талап жүз пайызға орындалды.Ұжымдық келісім-шарт — ұжымды да, жұмыс берушіні де қорғайтын және кепілдік беретін құжат. Ұжым жұмысының тұрақтылығы келісім-шарт мазмұнының қаншалықты нақты және сапалы жасалуына байланысты. Мәселен, еңбек ақы, жұмыс күндік нормативі, емдеу-сауықтыру, еңбек демалысы, осының барлығы да ұжымдық шартта көрсетіледі. Осы келісім-шартта кәсіподақ қандай кепілдеме бере алатыны нақты айтылады.Тағы бір соңғы ерекшелік, ұжымдық келісім шарттың барлығын облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінен мониторнигтен өткіздік. Департамент заңгерлері құжатты тексеріп, тіркеуге алды. Шарттың бір данасы — аталған департаментте, екіншісі — кәсіподақта, үшіншісі мекеменің өзінде қалады. Себебі, мекемеден арыз-шағым түскен жағдайда біз ең әуелі ұжымдық шартқа жүгінеміз. Егер бұл мәселе шартта қаралмаса, «Еңбек кодексіне», «Білім туралы» заңға жүгінеміз.Директорлар мен деректер— Дегенмен, бұндай шарттарға қарамастан, мектеп басшыларының заңсыздықтарға жиі баратыны айтылады. Жалпы, биыл мектеп директорларының тарапынан осындай оқиғалар орын алды ма?— Биылғы оқу жылының басында мектеп директорларына қатысты заңсыздықтар №33, №42, №51 мектептерде орын алды. Мәселен, №33 мектептің директоры мұғалімді қызметінен заңсыз босатқан. Яғни, мұғалімнің жазбаша түсініктемесі алынбастан-ақ қатаң сөгіс беріліп, суреті мұғалімдер бөлмесіне ілінген. Және екі аптадан кейін жұмыстан шығарылыпты. Жалпы, кез келген сөгіс түрі азаматтан жазбаша түсініктеме алынғаннан кейін, оның мазмұнына қарай берілуі тиіс. Мектеп директоры бұны ескермеген. Ал мұғалімнің кінәсі — облыстық білім басқармасының бұйрығымен Алматыға екі аптаға оқуға кеткені. Мектеп басшысы оқуға барып келуге рұқсат бере отырып, осындай түсініксіз әрекетке барған. Кәсіподақ жәбірленуші мұғалімнің құқығын қорғады, сөйтіп сотта мұғалім жеңіп шықты. Алайда мектеп директоры өзінің заңсыз іс-әрекетін мойындамай, облыстық сотқа шағымданғанымен, бұл іс те мұғалімнің пайдасына шешілді. Мұғалім моральдық және материалдық зиян шеккені үшін мектеп директорынан айыппұл өндіріп алды. Жарайды, іс әділ шешіммен аяқталды делік. Дегенмен, мен қарамағындағы қызметкердің конституциялық құқын әдейі бұза отырып, оған моральдық шығын келтірген басшының қызметінде қалуын жөн санамаймын. Бұл мәселені қалалық мәслихаттың және қалалық білім бөлімінің алдына да қойғанмын, бірақ әзірге шешілген жоқ.Ал №51 мектепте білім ордасының әкімшілігі мен мектеп директорының қолға алуымен мектеп басшысының екі орынбасары жұмыстан шеттетілген. Шеттету сыбайлас жемқорлық орын алған жағдайда ғана жүргізілуі тиіс. Бұл мәселені де сотқа жеткізбей, бұрынғы қалпына келтірдік.Тағы бір дерек. №42 мектептегі мәселе мектеп директорының жемқорлыққа жол бергеніне қатысты қозғалды. Тексеру кезінде 4 мұғалімнен басқа барлық ұстаздар мектеп директорын қолдап, оның бұндай әрекетке бармайтынын алға тартты. Яғни, тексеру кезінде мектеп басшысына жазықсыз жала жабылғаны белгілі болды. Ал кінә тағушы 4 мұғалім «оқушыларды 10 минут ерте жіберіп едім, ескерту алдым» немесе «менің сабақ жазбаларымды тексереді» дегенді айтты. Бұл жерде мектеп директорының мұғалімге ескерту жасауы орынды. Себебі, мұғалім оқушыны ерте жіберіп, «Еңбек туралы» заңды бұзып отыр. Ал директор білім ордасының басшысы ретінде өз қарамағындағы азаматтардың әрекетіне жауап беруі тиіс. Қазіргі таңда осы білім ордасында тоғызыншы комиссия жұмыс жүргізіп жатыр. Негізінде дау-шар 1-2 рет комиссия барғаннан кейін шешілуі керек. Өйткені комиссия неғұрлым ұзақ жұмыс жасаған сайын әріптестер арасында түрлі алаауыздықтар туындайды.Жалпы, біз көп жағдайда бұндай мәселелерді қалалық білім бөлімімен бірігіп, құрған комиссия арқылы сотқа жеткізбей шешуге тырысамыз.Мүдде мен мүмкіндік— Ұстаздар қауымы қандай мәселелермен жиі хабарласады?— Сұрақтардың басым бөлігі еңбек дауы, еңбек ақысы, жұмыс орындарының қысқаруы, еңбек кітапшаларының дұрыс жүргізілмеуі және мекеме басшыларының заңды білмеуі салдарынан орын алған оқиғаларға байланысты болады. Сондай-ақ еңбек дауы және аттестацияға байланысты шағымдар да көп түседі.Соңғы жылдары сұраныстың жоқтығына байланысты мектепке дейінгі мекемелерге маман даярлау тоқтатылып, осының салдарынан тәрбиешілер жетіспеді. Олардың орнына бастауыш сыныптың немесе педагогика, психология пәндерінің мұғалімдері еңбек етті. Осы кезде еңбекақы төлеу мәселесінде түрлі түсініспестіктер туындады. Сондай-ақ категорияны бастауыш сынып бойынша алып, тәрбиеші ретінде жұмыс істеген қызметкер категориясын бекіттіру кезінде қиындықтарға тап болды. Кәсіподақ, міне, осындай даулы мәселелерді қызметкердің мүддесіне қайшы келмейтіндей етіп тиянақтауға белсене араласты.— Ал сауалдар қайткенде азаяды?— Біздің қарамағымызда сегіз мыңға жуық кәсіподақ мүшесі бар, яғни, жоғарыда айтқанымдай, білім беру мекемелерінің барлығында кәсіподақ бөлімдері жұмыс істейді. Олар өз мекемелерінде тоқсан сайын жоспар бойынша және жоспардан тыс жиналыстар өткізіп, жылына бір рет ұжым мүшелерінің алдында есеп береді. Біз оның барлығын қадағалап отырамыз.Қай кезде де кәсіподақ мүшелерінің көкейлерінде жүрген сауалдар назардан тыс қалған емес. Мәселен, күніне оннан астам сұрақ түседі. Сондықтан біз арнайы семинарлар өткізіп тұрамыз. Биыл облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментімен бірлесе отырып, №38 және №23 мектептерде екі тілде арнайы семинар-кеңестер өткіздік. Кеңесте қаралған сұрақтарды жазбаша түрде әр мектептің сайтына жарияладық. Қатысушыларға арнайы әдістемелік құралдар, яғни кітапшалар таратылды. Бұндай жұмыстардың нәтижесі де жоқ емес. Қазір азаматтар қарапайым қағидаларды нақты біледі.— Кәсіподақ қызметкерлердің білім беруден тыс кезгі тіршілігін де назардан сырт қалдырмайтыны белгілі…— Қысқы, күзгі каникул кездерінде білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында қалалық спартакиада өткізу дәстүрге айналды. Спартакиаданың мақсаты — дене шынықтырумен белсенді айналысу, педагогтар тұрмысына салауатты өмір салтын енгізу. Сайыста үздік танылған мектептер бағалы сыйлықтармен марапатталады. Биылғы жарысқа 69 мектептен 50 команда қатысты. Жуырда қорытынды кезеңді өткіземіз. Үздік командалардан құрама команда даярлап, наурыз айында өтетін облыстық спартакиадаға қатысамыз. Кәсіподақ тарапынан жол және өзге де шығындарға арнайы қаражат қарастырылады. Соңғы бес жылда қалалық құрама команда бірінші орынға ие болып жүр. Бұған қоса білім ордаларының мерейтойлары мен ұстаздардың шығармашылық кештеріне де белсене қатысып, марапаттау рәсімдерін жасаймыз. Жалпы, Ұстаздар күні мен өзге де атаулы мерекелерде бұндай шаралар жиі өтіп тұрады. Ал кәсіподақ мүшелерінің тұрмыс, денсаулық, әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында нақты қандай шаруалар жасалып жатыр?—Мәселен, ауыр ота жасау кездерінде қаржылай қол ұшын береміз. Республикалық кәсіподақ федерациясының еліміздің бірқатар санаторий және сауықтыру орталықтарымен арнайы келісімі бар. Мұғалімдер өтініштері бойынша сауықтыру орталықтарында тынығып қайтады. Ал кәсіподақ демалу ақысының 30 пайызын төлейді. Зейнеткерлерге 50, соғыс ардагерлеріне 100 пайыз жеңілдік жасалады.Қазіргі күні 18 соғыс ардагері әр мектепке бекітілген. Мереке кездерінде білім ордалары өздеріне бекітілген ардагерге сый-сыяпат көрсетіп, өзге уақыттарда үйін тазалап көмек көрсетеді. Қандай мереке болмасын, ардагерлер ескерусіз қалмайды. Азық-түлік, дәрі-дәрмек пакеттері беріледі. Жалғызбасты ардагерлерге медбикелер тұрақты түрде қызмет көрсетіп тұрады. Қалалық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімімен хабарласып, жағдайды біліп отырамыз. Қарттар күнінде алпысқа жуық ардагерді шақырып, құрмет көрсетеміз. Қариялардың өздері де кейде қоңырау шалып, алғыстарын жаудырып жатады.Кәсіподақтан көз жазбаңыз…— балабақшаға қатысты шаруалар. Қазір қаладағы балабақшаларда бала көп. Тексеру кезінде бір топта 56-58 бала тәрбиеленетінін байқадық. Ал талап бойынша әр топ 25 балаға арналып, онда 2 тәрбиеші, 1 күтуші жұмыс істеуі тиіс. Егер, қосымша бала болса, онда қосымша жұмыс күші болуы керек. Ал жұмыс күші болмаса, екі есе жұмыс жасаған қызметкердің еңбекақысына қосымша қаржы төленуі тиіс. Алайда бұндай талап әзірге орындалып жатқан жоқ. Біріншіден, балабақшалардағы жағдай санитарлық талапқа сай болмаса, екіншіден, берілмек тәрбиенің сапасы нашар. Дегенмен, менің кәсіподақ төрағасы ретінде айтайын дегенім — еңбекақының дұрыс реттелмеуі. Өйткені қызметкер екі есе жұмыс жасап, бір айлық алады. Бұл мемлекет бойынша да үлкен мәселеге айналып отыр. Біз бұны кәсіподақ федерациясының және қалалық білім бөлімінің алдына да мәселе қылып қойып отырмыз.Шешілмей жүрген мәселенің бірі — тұрғын үй. Соңғы үш жылда «Жаңа үй» мемлекеттік бағдарламасы бойынша баспанаға өтініш білдірген 3 мыңға жуық мұғалімнің 900-і үй алды. Биыл жалға берілген 60 пәтерлі үйге 5 мұғалім ілікті. Бірақ бұл жеткілікті емес, себебі 2 мыңға жуық мұғалім жалақысының аз болуына байланысты банк қойған талаптан өте алмай отыр. Бір үйде үш мұғалім болса да, бір бөлмелі пәтерге ие бола алмай жүр. Өйткені банктің талабы қиын. Сондықтан мұғалімдерге белгілі бір жеңілдіктердің болғаны дұрыс. Егер арнайы жеңілдіктер қарастырылып, мұғалімдердің баспаналы болуына жағдай жасалса, олардың еңбекке деген ынтасы күшейер еді. Жалақының аздығынан білікті физика, информатика пәнінің оқытушылары банк саласына, дене шынықтыру мен еңбек пәнінің мұғалімдері күзет пен техника саласына кетіп қалады. Менің білуімше, ұстаздардың жалақысы республика көлеміндегі орташа жалақыдан 30 пайызға төмен.— Кейде кәсіподаққа қатысты айтылып қалатын ұшқары пікірлер бар. Мысалы,«Кәсіподақ деген қазір бар ма, олар не бітіріп жүр» деген тәрізді өкпелер кезігіп қалады…— Әрине, бұндай пікірлер болуы заңды. Себебі, кешегі өтпелі шақта адамдар түрлі себептермен кәсіподақтан көз жазып қалды. Ал бүгінгі жағдайға келсек… Өткен жылы ұжымдық келісім-шарт жасау кезінде мен көп жағдайды байқадым. Жекеменшік мекемелер кәсіподақтың болғанын қаламайды. Өйткені олар ортақ заңды орындауға аса құлықты емес. Мәселен, олар еңбекақыны қолға береді, әрі төменгі жалақының көлемі сақталмайды. Сондықтан қызметкердің мүддесін қорғайтын кәсіподақтың жұмыс істегені олар үшін тиімсіз. Қазір бірқатар жеке меншік білім беру мекемелерін кәсіподақ қатарына тарттық, дегенмен жыл сайын олардың, яғни жекеменшік білім беру мекемелерінің қатары көбейіп келеді. Ал олар қандай лицензиямен ашылып жатыр, ондағы қызметкерлердің еңбек құқығы сақтала ма, ол жағы бізге беймәлім. Ал біздің мақсатымыз — қызметкерлердің мүддесін қорғау, екі ортада әріптестік орнату.Кәсіподақ дегеніміз не?Белгілі уақыт аралығы тапсырмаларына сүйеніп, тек өзінің қызметі мен құрылымы бойынша өзгеріп, екі жүз жылдықта кәсіби одақтар қоғам құбылысы ретінде қолданылады. Ең алдымен, олар өзінің ұжымдық құқықтары мен мүдделерін қорғауға арналған жұмыскерлер ұйымы ретінде пайда болды.Және қазіргі күні кәсіптік одақтар қызметкерлер өмірінде үлкен рөл атқарады. Кәсіптік одақтар қызметкерлер құқықтары мен мүдделерін сақтауға ерекше кепілдердің бірі болды және болып табылады. Түрлі-деңгейдегі кәсіптік одақтар еңбек және әлеуметтік қатынастармен байланысты, түрлі салалардағы олардың ұсынуы мен қорғауын қамтамасыз етеді және қызметкерлер мүдделерін қалыптастырады және тұжырымдайды.Кәсіптік одақ бұл — қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін жарғылық тапсырмаларға сүйене отырып ұсынатын және қорғайтын қоғамдық бірлестік. Қазақстан Республикасының 1933 жылы 9 сәуірінен «Кәсіптік одақтар туралы» № 2107–XII Заңына сәйкес.Кәсіптік одақтар — өз мүшелерінің еңбек, және тағы да басқа әлеуметтік-экономикалық мүдделерін ұсынуға және қорғауға арналған, олардың кәсіби мүдделерінің ортақтығы негізінде, азаматтармен ерікті түрде құрылатын өздік, бекітілген жеке мүшелігі бар қоғамдық бірлестіктер.Осы анықтамадан кәсіптіік одақтың келесі принциптер шығады:еріктілік, азамттардың кәсіптік одақ мүшелігіне ерікті түрде өз еркін білдіруді жорамалдайды;дербестік, кәсіптік одақтардың заңды тұлға ретінде құқықтық қатынастар субъектісі болуын көрсетеді;азаматтардың бейкоммерциялық бірлесу сипаты;кәсіподақ мүшелігінің белгіленуі;кәсіптік одақтарғы бірлескен кезде азаматтардың кәсіби және өндірістік мүдделері бойынша ортақтығы;өз мүшелері құқықтары мен мүдделеріне өкілдік және қорғау.Кәсіптік одақтар қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін ұсынудың және қорғаудың маңызды кепілдердің бірі болды және болып қалады.Бұрын кәсіптік одақтың негізгі функциясына түрлі материалдық және әлеуметтік игіліктерді бөлу болатын. Осымен оның атақтылығы байланысты болды. Ал қазігі кезде кәсіптік одақтың негізгі мақсаты бұл — қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін ұсыну және қорғау болып табылады. Кәсіподақ ұйымыКәсіподақ қызметінің нысаны, мақсаттары және түрлері Қызмет нысаны - өз мүшелерінің еңбек, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету және қорғау.Негізгі мақсаттарыЖалпы мәселелерді шешуде кәсіподақ мүшелерінің қызметін біріктіру және үйлестіру; ұжымдық шарттар мен келісімдер әзірлеу және қабылдау, олардың орындалуын қадағалау; ұйымдарда еңбек заңдары мен нормативті актілердің сақталуын қадағалау; ересектер мен балаларды сауықтыруды ұйымдастыруға көмектесу; Кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік және экономикалық жағынан қорғау жөніндегі іс-шараларын әзірлеуге қатысу, құқықтық көмек көрсету және кеңес беру, сотта немесе басқа құқық қорғау органдарында олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; Кәсіподақ құрамына жаңадан мүшелер тарту және жаңадан құралымдық бөлімшелер құру.Жүзеге асыралып жатқан жоспарларКәсіподақ комитетінің төрағасы жаңа жылдың басында өткен жылдың қорытындысы туралы есеп берді және жаңа жылдың жұмыс жоспары бекітілді. Ұжымдық келісім бөлімдерінің орындалуын қадағалау және міндеттерді кәсіподақ мүшелеріне бөлу, еңбекті қорғау және қауіпсіздік жұмыстарын тексеру сияқты жұмыстар жүргізілді. Көптеген мәдениет шараларына кәсіподақ тарапынан қаржылық көмек көрсетілді. Мысалы: 8-ші Наурыз және 22-ші Наурыз, 1-Мамыр және 9-Мамыр, барлық мемлекеттік мерекелер, «Денсаулық үшін дауыс беремін» акциясы, жаңа жыл және т.б.. Әр факультетте өткізіліп жатқан шараларға кәсіподақ әрқашан көмек көрсетуде.Жаз және қыс айларында оқытушылар мен университет қызметкерлері арасындағы «Денсаулық және сергектік» спартакиядасының жеңімпаздарына сыйлық пен қаржылай көмек ұйымдастырылады. Жазғы демалыс кезінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуаразия ұлттық университетінің Зеренді спорт-сауықтыру кешеніне қызметкерлер мен студенттердге демалып келуге жағдай жасалынған. Екі жетімбалалар үйіне әкімшілік, кәсіподақ ұйымы мен жастар жөніндегі комитет бірігіп барып, кездесіп, сыйлық тапсырады. Университет зейнеткерлері мен соғыс және еңбек ардагерлері де біздің қамқорлығымызда.Жазғы демалыста мұғалімдер мен қызметкерлерге санатория және курорттарда емделуге 30 пайыз жеңілдік жасалады. Қызметкерлердің балаларына жазғы демалыс лагерлеріне 50 пайыздық жеңілдікпен баруына мүмкіндік бар. Кәсіподақтардың және олардың бірлестіктерінің мәртебесі 12-бап. Республикалық кәсіподақтар бірлестігі 1. Облыстар аумағының жартысынан астамында мүшелік ұйымдары бар республикалық кәсіподақтар бірлестігін салалық кәсіподақтар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ерiктi негiзде құрады. 2. Республикалық кәсіподақтар бірлестігі республикалық деңгейдегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің өкілетті өкілі болып табылады. 3. Республикалық кәсіподақтар бірлестігі кәсіподақтардың қызметінің құқықтық кепілдіктерін республикалық деңгейде қамтамасыз етуге, кәсіподақтар мүшелерінің әлеуметтік, еңбек құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау мәселелерінде мүшелік ұйымдардың іс-қимылын үйлестіруге жәрдемдеседі. 4. Республикалық кәсіподақтар бірлестігінің негізгі функциялары: 1) өзінің мүшелік ұйымдарының құқықтары мен мүдделерін білдіреді, қорғайды; 2) республикалық кәсіподақтар бірлестігіне кіретін кәсіподақтар қызметінің негізгі бағыттарын, стратегиясын әзірлейді және айқындайды; 3) әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейлерінде әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуға жәрдемдеседі; 4) республикалық жұмыс берушілер бірлестігімен және Қазақстан Республикасының Үкіметімен Бас келісім жасасу кезінде әлеуметтік әріптестіктің тарапы болып әрекет етеді, жобаны дайындау және оны жасасу жөніндегі келіссөздерге қатысады; 5) әлеуметтік әріптестік жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның жұмысына қатысады; 6) мүшелік ұйымдармен ынтымақтастық жасайды және оларға шетелдік, халықаралық кәсіподақ бірлестіктерімен және еңбекшілердің құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін өзге де ұйымдармен байланыс орнатуға жәрдемдеседі; 7) жарғылық мақсаттарды іске асыруға бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асырады. 5. Республикалық кәсіподақтар бірлестігі өзінің мүшелік ұйымдары үшін кәсіподақтардың үлгілік жарғысын бекітуге құқылы. 13-бап. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі 1. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігін кәсіподақтар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ерiктi негiзде құрады. 2. Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейіндегі аумақтық кәсіподақтар бірлестігі республикалық кәсіподақтар бірлестігінің мүшелік ұйымы болып табылады. Аудан, қала деңгейіндегі аумақтық кәсіподақтар бірлестігі облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейіндегі тиісті аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің мүшелік ұйымы болып табылады. 3. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі өңірлік деңгейдегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің өкілетті өкілі болып табылады. 4. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің негізгі функциялары: 1) өзінің мүшелік ұйымдарының құқықтары мен мүдделерін білдіреді, қорғайды; 2) өңірлік деңгейде әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуға жәрдемдеседі; 3) өңірлік жұмыс берушілер бірлестігімен және Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарымен өңірлік келісім жасасу кезінде әлеуметтік әріптестік тарапы болып әрекет етеді, жобаны даярлау және оны жасау жөніндегі келіссөздерге қатысады; 4) әлеуметтік әріптестік жөніндегі өңірлік үшжақты комиссияның жұмысына қатысады; 5) жарғылық мақсаттарды іске асыруға бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асырады. 14-бап. Салалық кәсіподақ1. Салалық кәсіподақты сала қызметкерлерінің немесе ұйымдарының жалпы санының кемінде жартысын біріктіретін немесе облыстардың жартысынан астамының аумағында құрылымдық бөлiмшелерi, ұйымдық мүшелері бар, ортақ өндірістік-кәсіптік мүдделермен байланысты, бір қызмет саласының және онымен сабақтас салалардың қызметкерлері құрады. 2. Салалық кәсіподақ республикалық кәсіподақтар бірлестігінің мүшелік ұйымы болып табылады және салалық деңгейдегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің өкілетті өкілі болып табылады. 3. Салалық кәсіподақтың негізгі функциялары: 1) өз мүшелерінің, мүшелік ұйымдарының еңбек және әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін білдіреді, қорғайды; 2) салалық деңгейде әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуға жәрдемдеседі; 3) салалық жұмыс берушілер ұйымдарының өкілетті өкілдерімен және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарымен салалық келісім жасасу кезінде әлеуметтік әріптестік тарапы болып әрекет етеді, жобаны даярлау және оны жасау жөніндегі келіссөздерге қатысады; 4) әлеуметтік әріптестік жөніндегі салалық үшжақты комиссияның жұмысына қатысады; 5) жарғылық мақсаттарды іске асыруға бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асырады. 4. Салалық кәсіподақ филиалдары мен өкілдіктері салалық кәсіподақтың атынан және оның өкілеттігі шегінде қызметкерлердiң өңiрлiк деңгейде келіссөздер жүргізу жөніндегі өкiлеттi өкiлдерi болып табылады. 15-бап. Жергілікті кәсіподақ 1. Жергілікті кәсіподақты, әдетте, ортақ өндірістік-кәсіптік мүдделермен байланысты, бір ұйымның қызметкерлері құрады. Жергілікті кәсіподақ салалық кәсіподақтың мүшелік ұйымы болып табылады. 2. Жергілікті кәсіподақ ұйым деңгейіндегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің өкілетті өкілі болып табылады. 16-бап. Бастауыш кәсіподақ ұйымы Кәсіподақтың бастауыш ұйымы ұйымда құрылады, кемінде үш адамнан тұрады және заңды тұлға құрмай, жергілікті немесе салалық кәсіподақтың құрылымдық бөлімшесі және ұйым деңгейіндегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің өкілетті өкілі болып табылады. Бастауыш кәсіподақ ұйымын құру, қызметін тоқтату тәртібі, құқықтары мен міндеттері жергілікті немесе салалық кәсіподақтың жарғысына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бастауыш кәсіподақ ұйымы туралы ережеде айқындалады.4-тарау. Кәсiподақтардың құқықтары мен міндеттері, кепiлдiктерi17-бап. Кәсiподақтардың құқықтары 1. Кәсiподақтардың: 1) өз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн білдіруге және қорғауға, сондай-ақ мемлекеттiк органдармен өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушілермен, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен (қауымдастықтарымен, одақтарымен) және өзге қоғамдық ұйымдармен өзара қатынастарда қызметкерлердің өкілі болуға; 2) өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін сотқа талап қоюға, медиация жүргізу кезінде, сотта, төрелікте немесе аралық сотта, басқа органдарда олардың мүдделерiн қорғауға, оларға өзге де құқықтық көмек көрсетуге, заң консультацияларын және басқа да құқықтық көмек қызметтерін құруға; 3) мемлекеттiк органдарға олар қабылдаған, кәсiподақ мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасайтын құқықтық актiлердiң толық немесе iшiнара күшiн жою не оларды өзгерту туралы өтiнiш жасауға; 4) мемлекеттiк органдардың кәсiподақ мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасайтын актiлерi жөнiнде сотқа шағым жасауға; 5) еңбек дауларын сотқа дейін шешуге қатысуға; 6) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Қазақстан Республикасының медиация туралы заңнамасына сәйкес жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге қатысуға; 7) өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерiнің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға; 8) келіссөздер жүргізуге, келісімдерді, ұжымдық шарттарды дайындауға және жасауға; 9) ақша қорларын қалыптастыруға; 10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитет (комиссия) құрамында еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша жұмыс берушімен бірлескен іс-қимыл ұйымдастыруға, сондай-ақ жұмыс орындарындағы еңбек жағдайы мен еңбекті қорғауға тексеру жүргізуге; 11) азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға; 12) өз өкiлдерi арқылы өз кәсiподағы мүшелерiнiң кәсiпорындары мен жұмыс орындарында болуға; 13) заңда белгiленген тәртiппен жиналыстар, митингiлер, көше шерулерiн, демонстрациялар, ереуiлдер ұйымдастыруға және өткiзуге; 14) уәкілетті мемлекеттік органдарға кәсіподақтар туралы заңнаманы бұзатын, келісімдерде, ұжымдық шарттарда көзделген міндеттемелерді орындамайтын тұлғаларды жауаптылыққа тарту жөнінде ұсыныстар енгізуге; 15) баспа қызметiмен айналысуға, баспасөзде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында, кәсiпорындарда өз қызметiн жариялауға; 16) меншiкке ие болуға; 17) егер бұл жарғы мақсатына сәйкес келсе, өндiрiстiк және шаруашылық қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар. 2. Қазақстан Республикасының заңнамасында, жұмыс берушiлермен жасалатын келiсiмдер мен шарттарда кәсiподақтардың өзге де құқықтары белгiленуi мүмкiн. 3. Мемлекет кәсiподақтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асырады және олардың қызметiнің кепiлдiктерін белгiлейдi. 18-бап. Кәсiподақтардың міндеттері Кәсiподақтар: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасын және жарғының ережелерін, кәсіподақ органдарының шешімдерін сақтауға; 2) ұжымдық шарт, салалық, өңрлік, бас келісімдер бойынша өз міндеттемелерін орындауға; 3) өкілеттіктері шектерінде әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдын алу жөнінде шаралар қолдануға; 4) кәсiподақ мүшелерінің заңнамада белгіленген жиналыстар, митингiлер, көше шерулерiн, демонстрациялар, ереуiлдер мен басқа да акцияларды ұйымдастыру мен өткiзу тәртібін сақтауын қамтамасыз етуге; 5) кәсiподақ мүшелері арасында олардың құқықтық, оның ішінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы негіздері бойынша сауаттылығын арттыру, еңбек дауларында келіссөздер жүргізе алу және пәтуаға қол жеткізу дағдыларын дамыту жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізуге; 6) қызметкерлердің ішкі еңбек тәртіптемесі мен еңбек тәртібі қағидаларын, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын сақтауына жәрдемдесуге; 7) өз мүшелеріне ақшалай қаражаттың жарғыда айқындалған шарттарда және тәртіппен түсуі және жұмсалуы туралы хабарлауға міндетті. 19-бап. Кәсiподақ мүшелерiнiң еңбек және әлеуметтiк құқықтары мен мүдделерiн қорғау Кәсiподақтар жұмыс берушіден тәуелсіз болып табылады және кәсіподақ органдары арқылы жұмыс берушімен қатынаста өз мүшелерiнің атынан өкілдік етеді, олардың еңбек және әлеуметтiк құқықтары мен мүдделерiн: 1) құқықтық және консультациялық, оның ішінде кәсiподақ мүшесi жұмыс берушiмен еңбек шартын жасасқан кезде көмек көрсету; 2) еңбек шартын тоқтатудың негізділігі туралы дәлелді пікір білдіру, өз мүшелерінің еңбек жағдайларын ұжымдық шартқа, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес келісу;3) өз мүшелерiнiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшін сотқа өтінішпен жүгiну; 4) өз мүшелерi атынан, сондай-ақ шарттық негізде оған уәкілеттік берген қызметкерлердің атынан жұмыс берушiмен ұжымдық шарт, келiсiм жасасу; 5) жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі келісім комиссиясының, ұжымдық еңбек дауларын қарау кезінде бітімгерлік комиссиясының және еңбек төрелігінің құрамына қатысу арқылы қорғайды. Өз мүшелерiнiң еңбек және әлеуметтiк құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсаттарында кәсiподақтар Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн барлық басқа да тәсілдерді пайдалана алады. Кәсiподақ өз мүшелерiнiң отбасыларына да көмек көрсетедi. 20-бап. Кәсіподақтардың республикалық, салалық, өңірлік деңгейлерде және ұйым деңгейінде әлеуметтік әріптестікке қатысуы және қабылданған шешімдердің орындалуына мониторинг жасау 1. Кәсіподақтар әлеуметтік әріптестікке: 1) әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық, өңірлік үшжақты комиссиялардың жұмысына қатысу; 2) келісімдер мен ұжымдық шарттардың жобаларын әзірлеу және оларды жасасу; 3) жұмыс берушілермен, олардың бірлестіктерімен (қауымдастықтарымен, одақтарымен), еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдармен консультациялар (келіссөздер) жүргізу, қызметкерлердің еңбек саласындағы құқықтарына кепілдіктерді қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіру жолымен қатысады. 2. Кәсіподақтар қабылдайтын шешімдер, ұжымдық шарттардың ережелері әлеуметтік әріптестік органдары қабылдайтын шешімдерге және бас, салалық және өңірлік келісімдердің ережелеріне сәйкес болуы тиіс. 3. Кәсіподақтар қабылдаған шешімдердің орындалу мониторингін жоғары деңгейдегі кәсіподақтар: 1) жергілікті кәсіподақтар қабылдаған шешімдерді – олардың мүшелік ұйымы болып табылатын салалық кәсіподақтар; 2) аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері, салалық кәсіподақтар қабылдаған шешімдерді – олардың мүшелік ұйымы болып табылатын республикалық кәсіподақтар бірлестіктері жүзеге асырады. 21-бап. Кәсiподақ мүшелерi құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру 1. Кәсiподақтар өз мүшелерiнiң, сондай-ақ шарттық негізде өздерінің мүдделерін білдіруге өкілеттік берген басқа да қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiне сәйкес жүзеге асырылады. Жүргiзiлетiн қоғамдық бақылауға жұмыс берушiнің тарапынан қарсы іс-әрекеттің жасалуына және кедергi келтірілуіне жол берілмейді. 2. Кәсіподақтар бес жылда кемінде бір рет өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша мерзімдік аттестаттауға қатысуға жіберілуге тиіс. 3. Кәсіподақтың уәкілетті өкілі өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамына кіреді. 4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсаттарында кәсіподақтар тепе-теңдік негізде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитеттің (комиссияның) құрамына кіреді. 22-бап. Кәсiподақтардың талаптар қоюы, ереуiлдер, жиналыстар, митингiлер, көше шерулерiн, демонстрациялар ұйымдастыру және өткiзу 1. Кәсiподақтардың Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнде айқындалған тәртіпті сақтай отырып және жағдайларда талаптар қоюға құқығы бар. 2. Егер бiтiмгерлiк рәсiмдер арқылы ұжымдық еңбек дауын шешуге қол жеткiзiлмесе, сондай-ақ жұмыс берушi бiтiмгерлiк рәсiмдерден жалтарған не дауды шешу барысында қол жеткiзiлген келiсiмдi орындамаған жағдайларда кәсiподақтар ереуiл өткiзу туралы шешiм қабылдай алады. Бұл ретте сот заңсыз деп таныған ереуілге қызметкерлердің қатысуын жалғастыруға шақыруға тыйым салынады. 3. Кәсiподақтар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастырады және өткiзеді. 4. Кәсiподақтар бiрлескен наразылық акцияларын өткiзу үшiн өздерiнiң күш-жiгерiн бiрiктiрiп, басқа кәсiподақтармен және қызметкерлер топтарымен ынтымақтастық белгiсi ретiнде осындай акциялар өткiзе алады. 23-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары саласында қызметті жүзеге асыру Кәсiподақтардың бұқаралық ақпарат құралдарын ұйымдастыру және олардың қызметі Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 24-бап. Кәсiподақтардың ақша қорлары Кәсiподақтар меншікті және сырттан тартылған қаражат есебiнен кәсiподақтардың жарғылық мiндеттерi мен мақсаттарын іске асырудан туындайтын іс-шараларды қаржыландыруға арналған әлеуметтiк-экономикалық мақсаттағы ақша қорларын қалыптастыра алады. 25-бап. Кәсiподақтардың мемлекеттiң әлеуметтiк саясатын қалыптастыруға қатысуы Кәсiподақтар жұмыссыздыққа қарсы күрес және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бағдарламаларын қоса алғанда, өз мүшелерiн әлеуметтiк қорғау, жұмыстан босатылатын қызметкерлердi қорғау жөнiндегi жоспарлар мен бағдарламаларды, ең төменгі күнкөрiс деңгейін белгiлеу және оны сақтау, табыстарды индекстеу, жалақының, зейнетақылардың, стипендиялардың және жәрдемақылардың ең төменгі деңгейiн арттыру жөнiндегi іс-шараларды әзiрлейдi, оларды тиiстi мемлекеттiк органдарға ұсыныстар ретiнде енгiзедi. 26-бап. Кәсiподақтар қызметiнiң кепiлдiктерi Мемлекет кәсiподақтарға берiлген құқықтардың және олардың қызметі кепiлдіктерінің сақталуын қамтамасыз етедi. Мақсаты кәсiподақтарды қандай да бiр органдарға және ұйымдарға тiкелей немесе жанама бағындыру немесе олардың құқықтарын шектеу болып табылатын, сондай-ақ заңда және кәсiподақтардың жарғысында (өзге де негiз болатын құжаттарда) көзделген қызметiне кедергi келтіретін кез келген іс-әрекетке тыйым салынады. Мемлекеттiк органдар, жұмыс берушілер (бірлестіктер, қауымдастықтар, одақтар) кәсiподақ органына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғалатын ақпаратты қоспағанда, кәсіподақ мүшелерiнiң құқықтарын қорғауға байланысты мәселелер бойынша ақпарат беруге мiндеттi. Ұжымдық шартта көзделген жағдайларда жұмыс беруші, жергілікті кәсіподаққа, бастауыш кәсіподақ ұйымына мәдени-көпшілік және дене шынықтыру-сауықтыру жұмысына ақшалай қаражат аударады. 27-бап. Кәсіподақ органдарына сайланған және негізгі жұмысынан босатылмаған адамдарға арналған кепілдіктер 1. Негізгі жұмысынан босатылмаған, сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелерін олар мүшелерi болып табылатын кәсiподақ органының дәлелді пікірінсіз тәртiптiк жазаға тартуға болмайды. Негізгі жұмысынан босатылмаған кәсіподақ органының басшысын (төрағасын) жоғары тұрған кәсіподақ органының дәлелді пікірінсіз тәртіптік жауапкершілікке тартуға болмайды. 2. Заңды тұлға таратылған не жұмыс берушінің қызметі тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, негізгі жұмысынан босатылмаған, сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелерін жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан босатуға еңбек шартын бұзудың жалпы тәртібі сақталған кезде, осы адамдар мүшесі болып табылатын кәсіподақ органының дәлелді пікірін ескере отырып жол беріледі. Заңды тұлға таратылған не жұмыс берушінің қызметі тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, негізгі жұмысынан босатылмаған кәсіподақ органының басшысын (төрағасын) жұмыс берушінің бастамасы бойынша жоғары тұрған кәсіподақ органының дәлелді пікірінсіз жұмыстан босатуға болмайды. 3. Тәртіптік жаза қолдану және осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген адамдармен еңбек шартын бұзу туралы жұмыс берушінің актісін шығарған кезде кәсіподақ органының дәлелді пікірін ескеру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүргізіледі. 4. Сайланбалы лауазымдарға сайлануына орай жұмыстан босатылған адамдарға сайланбалы лауазымдағы жұмыс кезеңіне еңбек шартының қолданысы тоқтатыла тұрады. Сайланбалы лауазымға сайланған адамның лауазымында жұмыс істейтін адаммен жұмыста жоқ қызметкерді алмастыру уақытына еңбек шарты жасалады. 5. Ұжымдық шарттарда кәсіподақ органдарының сайланбалы және басқа мүшелері үшін басқа да кепілдіктер көзделуі мүмкін. 6. Кәсіподақ органдарының мүшелерi өз мүшелерiнiң мүдделерінде қоғамдық мiндеттердi орындау үшiн кәсiподақ оқуы, кәсiподақтар шақыратын съездерге, конференцияларға, сондай-ақ олардың пленумдарының, төралқаларының жұмысына делегаттар ретiнде қатысуыкезінде негізгі жұмыстан босатылады. Босату шарттары және ақы төлеу тәртiбi ұжымдық шарттарда және келiсiмдерде көзделедi.