Реферат тақырыбы: Жұқпалы емес аурулар кезінде сойыс өнімдерін ветеринариялық санитарлық сараптау ережелері және тәртібі



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі22,72 Kb.
#94203
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
жұқпалы емес аурулар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Жұқпалы емес аурулар кезінде сойыс өнімдерін ветеринариялық санитарлық сараптау ережелері және тәртібі.

Орындаған:Айтбай Аида


Топ:МӨӨТ-301
Тексерген: аға оқытушы
Рафикова Хабиба Хамитовна

Павлодар 2020жыл


ЖОСПАР
I КІРІСПЕ
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.Жұқпалы емес ауру түрлері
2.Сойғаннан кейінгі диагностика
3.Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау және бағалау.
III ҚОРЫТЫНДЫ
IV ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


КІРІСПЕ
Жұқпалы емес аурулар-ауру малдардан сау малдарға берілмейтін жүрек қан тамырлар жүйесінің ,тыныс алу, ас қорыту,жүйке,несеп және организмнің басқа да жүйелерінің ауруларын зерттейтін ғылым.Бұл аурулар малды шаруашылық мақсатта дұрыс пайдаланбай,азықтандыру ережесін сақтамағандықтан және дұрыс күтіп байламағандықтан туындайды.Олар жалпы аурулардың 90% шамасын құрайды.Әсіресе төлдердің азық қорыту және тыныс алу мүшелері жиі бұзылады.Ал,ересек малдардың арасында көбінесе зат алмасу(кетоздар,остеодисдурстофия,авитаминоздар) аурулары жиі кездеседі.
Жұқпалы емес ішкі аурулардың малдың өнімділігін төмендетеді,сонымен қатар жалпылай бедеуліктің,іш тастаудың өлі туудың,мал өлімдерінің себептері болып табылады,емдеу көптеген шығынды керек етеді,ал олардан келетін экономикалық шығын, індетті және инвазиялық ауруларға қарағанда орасан зор.
Жұқпалы емес аурулармен күресу бағытында ең маңыздысы сақтандыру шаралары болады,оның негізгісі азықтың құнарлылығына бақылау жүргізу,байлап-күту,жұмысқа пайдалану кезінде зоогигиеналық ережелерді сақтау болып табылады.Сонымен қатар малдың серуенін ұйымдастыру сұрақтары,уақытылы сақтандыру шараларын жүргізу және ауруды емдеудің де атқаратын маңызы аз емес.Жұқпалы емес аурулардың пайда болуының әр түрлі себептері болады.Олар ешқашан денені жайлап алатын микробтардан,бактериялардан немесе басқа да тірі организмдерде олар ешқашан денені жайлап алатын микробтардан,бактериялардан немесе басқа да тірі организмдерден пайда болмайды.Олар бір малдан екінші малға берілмейді.Микробтармен күресетін антибиотиктер немесе дәрілержұқпалы емес ауруларды емдегенде көмектеспейтінін түсінген жөн.Жұқпалы емес ауруларды емдеуге антиботиктер пайдаланылмайды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ


1.Зат алмасуының бұзылуы.
Сойыс өнімдерін вет-сан бағалау.Зат алмасудың бұзылуы әсерінен бұлшық еттердің семіп-азуы айқындалса(жжас төлдердің етінің боз тартуы,еттің түсі бозғылттанып,ылғалдылығы көбейіп,көлемі ұлғайып,болжыраған қалыпта болса),онда ұшаны барлық мүшелермен техникалық утилизацияға жатқызады.Егер де етті-семіп азғындау үрдістері шамалы ғана болса,онда етті және ішкі мүшелерді салмонеллаға тексереді.Егер салмонелла табылса,онда ұшаны қайнату әдісімен зарарсыздандырады,ал ішкі мүшелерді техникалық утилизацияға жібереді.
Егер де салмонелла жоқ болса,зақымданған мүш елерді техникалық утилизацияға жатқызады.Егерде малдарға натрий селениті берілген болса (емдік, не алдын алу шаралары мақсатында) онда дәрі берілгеннен кейін ауыл шаруашылық малдарын 45 күннен соң,құстары 30 күннен соң ғана союға болады.
Егер бұлшық ет, дәнекер ұлпасында және әртүрлі қуыстарда (көкірек,құрсақ) қанның жинақталғаны айқын байқалса, ондай жағдайда бұлшық ет өте жұмсақ,ылғалдылы,ы жоғары, түрі қызғылт-сұр түсті, жамбас қуысында, бүйрек маңында , тері астында май ұлпалары жоғалып, олардың орнына бозғылт-сары түсті қоймалжың зат пайда болады (жалқаяқ) , онда бүкіл ұшаны техникалық утилизацияға жатқызады. Егер ұшада бұл патологиялық үрдістер аса байқалмаса, бір күн ішінде бұндай белгілер жоғалып кетсе, онда бактериологиялық зерттеуден кейін ғана тағамға босатылуы мүмкін.
Зәр шығаратын түтіктердің бекітіліп қалуынан және бүйрек ауруларынан кейін зәр денеге жайылып кетуі мүмкін. Бұл жағдайды мал дәрігерлік ғылымда-уремия деп атайды.Бұндай аурумен ауырған малдарда сойған кезінде қаннан зәрдің иісі шығып тұрады. Егерде қуық жарылып кетсе,зәр құрсақ құысына жиналып, құрсақ көк етінде қызыл дақтар пайда болып,бүкіл денеден аммиактың иісі шығып тұрады. Бұндай иісі тоңазытқанда жоғалуы мүмкін,бірақ, қайнатқанда қайта пайда болады.
Сондықтан да бұндай ұшаға берілетін санитариялық баға-ұшаны ішкі мүшелерімен қоса, тек қана техникалық утилизацияға жатқызады.
Егер де ешқандай иісі болмай,сарғыштану ә күннің ішінде жойылып (ыдырап) кетсе,онда ұшаны тек қана бактериологиялық зерттеулерден кейін ғана тағамға босата береді.
Бронхит-бронхолардың қабынуы,эзофагит-өңештің қабынуы, миозит-жүрек қабықтарының қабынуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет