Реферат тақырыбы: Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік»


«Құтты білік» дастанының көркемдік ерекшеліктері



бет6/6
Дата10.11.2023
өлшемі39,67 Kb.
#190724
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
жусип баласагун (копия)

«Құтты білік» дастанының көркемдік ерекшеліктері

«Құтты білік» 1069–1070 жж. жазылған адамгершілік пен имандылыққа, білімділік пен біліктілікке, əділдік пен еңбекке үндеген түркі тіліндегі философиялық, дидактикалық шығармалардың көшбасшысы. Баласағұнидің бұл еңбегі кезіндегі ел билеуші хан-қаһандарға əділдік пен парасатты биліктің шешен шежіресі ретінде, ақылымен іс қыла білудің заң ережесі ретінде ұсынылған:


Зорлық-жалын, өртеп кетер бәрін де,
Заң – игілік, жанды судай нәр берер.
Елді ұзақ билегің келсе,
Халықты заң жолымен басқар.
«Құтты білік» дастанының негізгі идеясы этикалық-дидактикалық бағыт-бағдарда екенін автор шығарманың басты қаһармандарымен оқушысын таныстыру арқылы аңғартады.
Бүкіл мемлекетті басқарып отырған патшаның есімі Күнтуды болып, мұның өзі аллегориялық тұрғыдан әділдікті, шындықты бейнелеп көрсетеді. Ал, патшаның уәзірі Айтолды бақыттың, дәулеттің символы ретінде көрінеді. Дастанда аспандағы айдың дөңгеленіп толуы елдің бақ-дәулетінің кемеліне келгенін аңғартады. Өгдүлміш «Мақтауға тұрарлық» – ақыл-парасаттың бейнесі ретінде алынған. Ол уәзірдің баласы.Одғұрмыш «Оятушы» бейнесі әрбір адам қолда барға қанағат ете білу керек деген қарапайым қағиданы білдіреді. Сондай-ақ, Одғұрмыш болашақтағы өмір о дүниедегі тіршілікті аңғартатын дәруіш бейнесінде алынған.
Дастанның мораль, әдептілік, тәлім-тәрбие мәселесін арнайы сөз ететін тараулар бар.Соның өзінде, дастанның өн бойындағы барлық оқиғаларды автор этикалық-дидактикалық мәселелермен тікелей байланыстыра отырып жырлайды. Сонымен, «Құтты білік» дастанының сюжеттік желісі негізінен шығарманың төрт қаһарманының өзара әңгімесінен, сұрақ-жауаптарынан, олардың бір-біріне жазған хаттарынан тұрады. Айталық, дастанның 14-20 тараулары Күнтуды мен Айтолдының өзара әңгімесі болып келеді.Ал, Айтолды мен Одғұрмыш арасындағы сұхбат шығарманың 21-22 тарауларында баяндалады. Күнтуды мен Өгдүлміштің диалогіне автор дастанның 24-38 және 72 тарауларын арнаған.Бұдан кейін Өғдүлміш пен Одғұрмыш (40-44, 46-67 тараулар), Күнтуды мен Одғұрмыш әңгімелері (70-71 тараулар), Айтолдының Күнтуды жазған хаты (23 тарау), Күнтудының Одғұрмышқа жолдаған екі хаты (39,45 тараулар), Одғұрмыштың Күнтудыға арнаған сәлем хаты (44 тарау) болып келеді.
Жүсіп Баласағұн ел басқарған патшадан бастап, аспазға дейінгі барлық хан сарайы қызметкерлерінің түр-сипаты, мінез-құлқы, ақыл-парасаты, міндеттері, жауапкершілігі қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады.Ақын әңгімені әмірші-патшаның өзінен бастайды.Ел жұртты басқаратын адам-ақыл парасаты ұшан-теңіз, ниеті түзу, сөзі шырын, өнер мен білімге жетік, қолы ашық, пейілі кең, кек сақтамайтын болуы шарт.
Білім мен өнерден құралақан жандар әділ билік жүргізе алмайтынын айтады. Жүсіп Баласағұн ел басқаратын әміршіге, бекке мейлінше жоғары талаптар қояды.
Бүкіл елге билік жүргізетін адам ақыл-парасаты ұшан-теңіз, ниеті түзу, сөзі шырын, өнер мен білімге жетік, қолы ашық, пейілі кең, кек сақтамайтын болуы шарт.Білім мен өнерден құралақан жандар әділ билік жүргізе алмайтынын айтады.
Жүсіп Баласағұн ел басқаратын әміршіге, бекке (әкімге) мейлінше жоғары талаптар қояды.Бүкіл елге билік жүргізетін адам ақыл-парасаты мол, білімі терең, өнер мен білімді жоғары бағалайтын, кішіпейіл, ақкөңіл, жомарт, қарапайым халықтың қамын ойлайтын, «көзі-тоқ», «сөзі-шоқ», «тілі майда» жан болуы тиіс.Сонда ғана мемлекет гүлденіп, қазынасы алтын-күміске толады, халқы бақытты болады деген пікір айтады:
Елді гүлдендіріп, халықты байытса,
Даңқы артып, халық санын көбейтсе.(1925)
Қазынаны байытып, алтынға толтырса,
Дұшпанның өзі де бізге мойнын бұрар еді. (1926)
Бек дегеніміз «білім» деп тегін айтылмаған.
Білім кетсе бектік құры бос желік болып қалады.(1953)
Білімді, парасатты боп халықты қолдаса,
Жомарт, көзі тоқ-көңілі тоқ жан болса.(1964)
Жүсіп Баласағұн елді басқаратын әміршінің қадір-қасиетіне, мінез-құлқына, қоғамдағы роліне қатысты бұлардан басқа да көптеген талаптар қояды. Алайда ел басқарған адам қанша зерек, қанша іскер болса да күллі мемлекетті, барша істі жалғыз өзі ойдағыдай басқара алмайды. Мемлекеттің күш-қуатын нығайтып, ұлыстар мен кенттерді гүлдендіре түсу үшін әкімшілік нығайып, ел дәулеті еселеп артуы үшін патшаға істің көзін білетін адал, білімді көмекшілер керек. Ақын мұндай көмекшілердің бірі-әміршінің кеңесшісі, оның көрер көзі, естір құлағы саналатын адамы, елдегі барлық істі қадағалап отыратын уәзір екендігі айтылады. Ең бастысы – уәзір мемлекет басшысының жарлығын-халыққа, ал халықтың талап-тілегін әміршіге жеткізіп отырады. Әмірші мен қарапайым халық арасындағы қайшылықты да дер кезінде үйлестіріп, кілтін тауып шешіп отыратын да сол уәзір:
Өгдүлміш айтты: О, елік (әмірші),
Әміршінің тірегі уәзір болады.
Әміршінің ауыр жүгін уәзір көтереді,
Елдің іргесін уәзір бекітеді.
Бектен кейінгі елдің иесі сол
Әміршіге оның еңбегі мен кеңесі керек.
Жүсіп Хас-Хажыб әдебиетте әділетті, ырысты елдің, құтты мемлекеттің үлгісін жасаған өз өмірі, күйініш-сүйініші жайлы, өмірдегі өкініші, кәрілік пен жастық жайлы, халықтың салт-дәстүріндегі ерекшеліктерді де, тұрмыс ерекшеліктерін де астастыра отырып, өзі тамаша білетін түркі фольклорының маржандарын таланттылықпен сіңіре өрбітіп, өз дәуірінің барынша кемел суреттерін түсірген. Экспрессивті, эмоционалдық әсері күшті риторикалық, сұрақ-жауап үлгісі ауқымды дидактикалық дастанды ширатып, тілге жеңіл, жүрекке жақын оралымды мәнерге жеткізген. Дастанның бірнеше тарауы ұйқас жағынан да, өлшем жағынан да классикалық қазақ поэзиясында бертінге дейін, әлі де ұшырасып қалатын бір бітімде шыққан.
Бұл еңбектің назар аударған ерекшелігі – адам психологиясының түрлі жақтарын көрсететін қызғылықты деректердің, адамның көңіл-күйі, қайғы-қасіреті, қуаныш-күйініші, ерік тағы басқа мәселелердің молдығы.
Дастанда дүниені құрайтын төрт түрлі элемент жайлы, адам темпераменттері туралы, денсаулық сақтау, ауру-сырқау және оның себептері, бұлардың жас өзгешелігі мен ауа-райына тәуелділігі, тамақтану гигиенасы, ауру адамды емдеудің тәсілдері, адамдарды тәрбиелеу-мемлекет көздейтін негізгі шаралардың бірі, зұлымдық-барып тұрған әлеуметтік ауру, оны оқу-тәрбие арқылы ғана жоюға болады деген ағартушылық идеялары аз емес. Мәселен, ел билеушіден әділет, дәулет, қанағат парасат сияқты төрт қасиет түгел табылса, онда мұндай басшысы бар елдің қойының үстіне бозторғай жұмыртқалайтын болады, оның әділдігі тек барша жұртты ғана бақытқа жеткізбейді, сонымен бірге әкімнің өзін де бақытты етеді, атын бүкіл әлемге жаяды.
Білім мен ақыл әділетке қосақтасып жүруі тиіс, бұларсыз әділ заң шығаруға болмайды.Ақыл әр кез қанағатын да реттеп отырады. «Құтты біліктің» он бес тарауы түгелдей дерлік тәлім-тәрбиелік мәселелерді әр қырынан сөз етеді. Бұлардың бірінде адамға білім мен ғылымның не үшін қажет екендігі (6,10, 28) тарау айтылса, енді бір тарауларда бақытқа жеткізудің жолдары, адамның жақсы-жаман қылықтарын (9, 16) тарау сөз етеді.
Жүсіп Баласағұн бүкіл шығармашылық өмірін адамгершілік қалып-қасиеттің кемеліне келіп, жетілуіне жұмсайды. Ол қай тақырыпты сөз етсе де, түпкі ой-түйінін, негізгі мұратын адамгершілікке алып келеді. Ол адамдық қалып қасиеттің негізін ізгілік пен танымда тапқанымен, кісілердегі осы қасиеттерді өзге амалы таусылғанда әрі арнайы түрде сақтап қалуға тырысады. Осы өлім жайы Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанында жүйелі сөз болады. Ақынның ойынша, адам өзінің тегі, қасиетімен бірге өмірінің өтерін, ертеңгі күні өлерін, өлімін де ұмытпай жүруі керек екен.Ақын «өзіңді ұмытпа, адамдығынды сақта» деп қанша қайталаса, өтпелі өмір мен өлім жайында соншалық жиі айтады.
Өлеңмен жазылған бұл философиялық трактаттың жанрлық ерекшелігі, поэтикасы автордың ақындық талантын, үздік дарыны мен білімділігін де, сол кездегі жазу өнерінің қаншалықты дәрежеде дамығанын да көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет