Реферат тақырыбы: Керей мен Жәнібек Орындаған: Мухаметзянова Эсмира Руслановна Қабылдаған: Оралтай Бахытжан Оралтайевич


Керей мен Жәнібектің Қазақ хандығын құру жолындағы күресі



бет2/3
Дата04.10.2022
өлшемі30,63 Kb.
#151712
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Документ 6

Керей мен Жәнібектің Қазақ хандығын құру жолындағы күресі.

XV ғ. Басында Ақ Орда мемлекеті ыдырап, оның орнына Шайбани әулетінен шыққан Әбілхайыр хандығы құрылды.Әбілхайыр хандығы негізінен түрік және кейбір түркіленген ру-тайпалардан құралды. Бұл тайпалардың тілдері, шаруашылығы ұқсас, мәдениеті мен тұрмыс-салты да бірдей. Әбілқайыр хандығығының ішкі-сыртқы саяси жағдайы тұрақты, берік бола қоймады. Ұлыс ішінде жоғарғы өкімет билігі үшін таласқан Жошы ұрпақтарымен толассыз және қатал күрес жүргізуге тура келді. Әбілқайыр хандығындағы талас-тартыстар, қан төгіс соғыстар барған сайын өрши түсті. Феодалдық езгі мен қанау қалың халық бұқарасын өте ауыр күйзеліске душар етті. Шыңғыс әулеттерінің билікке таласқан өзара тартыстары Әбілқайыр хандығын әлсіретті. Әбілқайыр ханның өз қарсыластарын аяусыз басып-жаныштауы мен бұқара халықты езуді күшейтуі хан билігін күшейте алмады.


XVғ.басында жайылымдық жерлер іздестіріп, олжа табуға ұмтылып сауда орталықтарына шығуды көздеген ойрат тайпалары Әбілқайыр хандығы жеріне шапқыншылық жасады. Әбілқайыр хан ойраттармен шайқаста жеңіліс тауып, көп шығынға ұшырады.
Әбілқайыр ханның ойраттардан жеңілуі оның ел ішіндегі беделін түсірді. Осындай жағдайда Әбілқайыр хан Қазақстанның Оңтүстігінде өз билігіне мойынсұнбағандарды жазалай бастады. Елде қатаң тәртіп орнатты. Ойрат ойранынан кейінгі алауыздық және ашу мен ыза белең алған жағдайда Әбілқайрдың бұл әрекеттері сұлтандар мен
бұқара халықтың наразылығын бұрынғыдан да бетер өршітіп жіберді.
Керей,Жәнібек сұлтандар Әбілқайыр хандығындағы осы бір саяси-тарихи жағдайдағы өз мүдделеріне тиімді пайдалануға ұмтылды. Әбілқайыр ханның үстемдігіне қарсы наразылық күреске шыққан қазақ тайпаларының басын қосып, олардың көсеміне айналды. Әбілқайырға қарсы шыққан қалың қазақ тайпаларын бастап, Жетісуға, Моғолстанға қоныс аударды.
Қазақ тайпаларының Жетісуға көшуі әдеттегі ауа көшу болған жоқ. Мұның өзі қазақ тайпаларының Әбілқайырдың адам төзгісіз езгісіне, үсті-үстіне көбейе берген салықтар мен міндеткерлікке, феодалдық тартыстар мен соғыстардың ауырпалығына деген қарсылығы еді.
Керей мен Жәнібек сұлтандар қазақтардың саяси тұрғыдан бірігуіне, Қазақ хандығының құрылуына негіз қалады.
Моғолстан ханы Есен - Бұға Керей,Жәнібек сұлтарды
Әбілқайыр ханға қарсы пайдалану үшін құшақ жая
қарсы алады. Сұлтарға Моғолстанның батыс аймағы-Шу бойынан қоныс бөліп берді. Керей мен Жәнібек сұлтандар Есен-бұға берген Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып, Қозыбасыға қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды.
Жаңадан құрылған Қазақ хандығының тағына Шыңғысханның ұрпағы болғандықтан,Керей,Жәнібек сұлтандардың екеуінің де отыруға құқығы болды.Бірақ сол кездегі орныққан тәртіп бойынша,хан тағына отырғызарда мұрагерлікпен қатар,жасының үлкендігі де ескерілген.сондықтан хан тағына Керей отырып, билік тізгінін қолына алды. Ақылдаар тірегі Жәнібек болды. Жәнібек хан – Барақ ханның бел баласы, Керей хан болса, Барақ ханның ағасы Болат сұлтанның баласы, яғни екеуі немере еді.
Керей хан мен Жәнібек ханның Шудағы Қозыбасыға Орда тігуі ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта-үмітін жүзеге асырды. Көшіп-қонам десе солтүстігінде керіліп Сарыарқа, оңтүстігінде Шу мен Сыр бойының жолбарыс жортқан қалың орманы жатты. Жазы- шүйгін жайлау, саумал самал, қысы панасы мол шұрайлы жыныс еді.
XV ғасырдың аяғынала Қазақ хандығы экономикалық жағынан біршама нығайып, шаруашылығы дамып, бытырап жүрген қазақ тайпаларын өзіне қаратып алды. Керей, Жәнібек хандардың көршілес отырып, жаулық ұстанған хандықтармен Қазақ хандығын нығайту жолында ашық шайқасқа түсетін мезгілі тарих сахнасынан белең ала бастады. Қазақ халқының тарихи тағдыры шешілетін кезең туды, оны жүзеге асыру қазақ хандары Керей, жәнібек ханның үлесіне тиді.
Тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати"Тарих-и Рашиди"атты шығармасында:"Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтежиесінде Керей, Жәнібек хандар Моғолстанға көшіп барды. Есен-бұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбасы аймақтарын берді. Әбілхайыр ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Қазақ сұлтандары хижраның 870 жылдары (1465-1466) билей бастады" деп жазды.
Ішкі жағдайы. XV ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығы қоныс теуіп, орда тіккен Жетісу жеріне екі жүз мың жан саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс-қонысты керек етті. Көшпелі қазақ тайпарарының отырықшы егіншілігі дамыған аудандармен, әсіресе қол өнері мен саудасы өркендеген орталықтармен, Сырдария бойындағы қалалармен сауда-саттық қатынастарына қолайлы жағдай жасау халық тұрмысындағы маңызды мәселеге айналды. Өмір талабына айналып отырған бұл мәселенің дұрыс шешілуіне тек қана көшпелі халықтар ғана емес, отырықшы аймақтағы егіншілік өнімдерін өткізуді аңсаған егіншілер де, қолөнер өнімдерін өткізіп,шикізат-жүн,тері,т.б. алуды аңсаған қолөнершілер де, тауарын өткізіп, пайда табуды көздеген саудагерлер де мүдделі болды. Бай аймақтарды және қалаларды өз қол астына қаратуға феодалдар тіпті мүдделі еді. Әсіресе жаңадан шаңырақ көтерген Қазақ хандығы өз алдына мынандай тарихи міндеттер қойды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет