Реферат Тақырыбы: Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу және қолдау



Дата27.11.2022
өлшемі20,64 Kb.
#160057
түріРеферат
Байланысты:
Документ Ермашев Азамат


Реферат

Тақырыбы: Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу және қолдау


Орындаған : Ермашев Азамат


Тексерген: Ауелбекова А

Кәсіпкерлікті жетілдіру экономиканың тұрақтылығы мен оның бәсекелік сипатын қалыптастыруда басты күштерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы, шаруашылық қызметінің бағытын таңдауда еріктігі, қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуелдіктің болуы шарт.


Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен – кәсіпорын. Заңмен бекітілген кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың әдістері бизнестің немесе кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық формасы деп аталады. Нарықтық қатынастарға өтуде халықты кеңінен кәсіпкерлікке тарту қажет. Ал нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуі үшін нарықтық іс басындағы субъектілердің толық өзін-өзі басқаруы мен олардың экономикалық тәуелсіздігі болуы қажет. Республикада кәсіпкерлікті дамытуға үлкен ден қойылып, бірқатар заңдар мен жарлық, қаулылыр қабылданған. Алғашқы құжаттардың бірі болып «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы» Заңы 1992 жылдың 4 шілдесінде қабылданып, онда кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдаудың мәні мен мазмұны, басты бағыттары мен мақсаттары айқындалған. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау мен қолдау дегеніміз – аталған қызметті орындаудағы құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайды қалыптастыру, мемлекетте жаңа экономикалық құрылымдарды орнату болып табылады. Ел Президенті әрқашан да мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне зор маңыз беріп келеді. Дегенмен кәсіпкерлік қызметтің құқықтық-ұйымдық негізін құруда әлі де болса шешімін күткен мәселелер баршылық. Оның үстіне лицензия беруші, тексеруші органдардың көптігі, кеден және салық заңдарының жетілмегені, несие алудың қиындығы, аталған саладағы бюрократия кәсіпкерлік қызметті дамытуға елеулі кедергі жасайды. Сондықтан да экономикада кәсіпкерлік субъектілерінің сандық үлесі артса да, одан түсетін салықтық кіріс мөлшері аз болуда. Бюджетке салықтың аз түсуіне салық жүйесінің жетілмегені де әсер етеді. Себебі салықтың жоғары болуынан кәсіпкерлер табысын жасырады.
Негізінен кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында мемлекет төмендегідей іс-шараларды жүзеге асыруы қажет, атап айтқанда: мемлекет тарапынан кәсіпкерлік қызметті барынша қолдау; мақсатты бюджеттік қаржыландыру саясатын жүргізу; жеңілдетілген несие беру саясатын жүргізу; кәсіпкерлер құқығын қорғайтын орган жұмысын жандандыру; кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізу кезіндегі қиыншылықтарды жою; тексеруші органдар санын қысқарту; заңдардың орындалуын қамтамасыз ету және оны қадағалау, т.б. Жоғарыда аталған факторлар кәсіпкерлік субъектілерін «көлеңкелі экономикаға», салық төлеуден жалтармауға итермелейді.. Ал нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік қызмет – шаруашылық қызметінің бір түрі. Оның рөлін Адам Смит: «Кәсіпкер өз мүддесі үшін ұтымдылық жағдайды көздейді, дей тұрғанмен ол қоғам мүддесіне де қызмет етеді»,— деп бағалаған болатын. Қазіргі экономика кәсіпкерлік қызметті шаруашылықты ұйымдастырудың түрі ретінде анықтайды. Кәсіпкерлердің экономиканы өрлетуге қосар үлесі өте зор. Ал экономиканың дамуы үшін кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру айырықша маңызға ие. Сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет бағытын реттеуде мемлекеттік саясаттың маңызды құралы салық салу болып табылады. Салық – бюджеттің негізгі көзі. Мемлекетке нарықтық экономикада әртүрлі салық түрі салынады. Салық түрінде бюджетке маңызды сома түседі. Сондықтан, салықты әділетті тарту – негізгі проблемалардың бірі. Егер де салық төмендесе, азаматтардың бос қаржылары көбейеді, олар өндірістің дамуына бағытталады.
Салық жүйесі жеңілдетілсе…
Салықтың 3 негізгі жүйесі бар, олар. 1. Пропорционалды салық (салық сомасы жұмысшы кірісіне пропорционалды); 2. Регрессивті салық (пайыздық қатыстағы салық төленеді); 3. Прогрессивті салық (пайыздық қатынасқа кіріс көбейген сайын салық та көбейеді). Осылардың ішінде прогрессивті салық әділетті болып саналады, онда салықтың пайыздық қатынасы маңызды. Табыстан түскен салық осы принцип бойынша жасалынған. Сатудан түскен салықтар және акцизді салықтар факті ретінде регрессивті. Тік және жанама салықтар бар: тік салық – мүлік пен өндірістен алынады. Тік салық орташа салық ерекшелігі бойынша жанама салықтан, жеке төлемнен, сақтаудан алынады. Қазақстан Республикасындағы жанама салықтың ерекшелігі инфляциялық және регрессивті сипатта жүреді. Тауардың және қызметтің бағасына қосымшалар қосылып, баға көтеріліп кетеді. Қосымша бағаның салығы, табыстан түскен салық пен қорлардың салымы, әлеуметтік қауіпсіздендіру әр елде бюджетке түсетін маңызды қайнар көз болып табылады. Әр мемлекетте бағаны әртүрлі қолданады. Әлемдік практикада ҚҚС екі негізгі әдіспен есептелінеді: 1. Тік немесе бухгалтерлік әдіс; 2. Жанама немесе сынақты әдіс. Қазақстан Республикасында бұл әдістердің екінші әдісі қолданылады. Мемлекет міндетті салықты бюджетті қамтамасыз етіп және салық төлеушілердің қажеттілігін өтеу әдісімен жинайды. Салықтың несиелік формасы – ұлттық өндіріс көлеміне әсер етеді. Салықтың көлемін жеңілдетулерді өзгертіп, үкімет кәсіпкерлік қызметті дамытуда. Мемлекет несиелік шарттарды өзгертуде өндіріс көлемін не төмендетеді, не жоғарылатады. Субвенсионды формасы – мемлекеттік субсидия мен салықтық жеңілдетулерді кәсіпорынның жеке салаларында көрсетеді. Жеке кәсіпкерлік пен мемлекеттік кәсіпкерлікті салыстырғанда мемлекеттік кәсіпкерлік тиімді. Ереже бойынша мемлекеттік кәсіпорын нарықтық бәсекеге дайын емес. Өзіне ғана емес, үкімет жағынан ерекше қатынастарға есептелген. Олар: дотация, салықтық жеңілдіктер, мемлекеттік тапсырыстың кепілдігі. Бүгінгі таңда ел билігі аса зор көңіл бөліп отырған мәселе – мемлекеттік кәсіпкерлік қызметті дамыту мен қолдау және оны материалдық, құқықтық жағынан қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін мүмкіндігінше шешу болып табылады. Ол үшін мемлекеттің көмегі қажет: біріншіден, құқықтық реттеудің ұтымды түрлері мен шегін белгілеу; екіншіден, кәсіпкерлік қызметтің қарқынын төмендетпеуге назар аудару; үшіншіден, салық салу жүйесін шешу жолдарын дамыту; төртіншіден, бақылау органдарының кәсіпкерлік қызмет объектілерін тексеру жөніндегі қызметтерін бәсеңдету. Сондықтан бұл мәселе тіпті мемлекеттік маңызға ие экономикалық бағдарламаларда да көрініс тапқан: мұнда экономикалық өсу стратегиясының принципі ретінде мемлекеттік кәсіпкерлік қызметті дамытудың мақсаты – оны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Ондағы негізгі басымдықтар: мемлекеттік, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың мемлекеттік кәсіпкерлік қызметті қолдау жөніндегі өзара іс-қимылы; несиелендірудің тиімді және қол жеткізілетін жүйелерін қалыптастыру; мемлекеттік кәсіпкерлік қызметті қолдаудың инфрақұрылымын дамыту. Қазіргі күні біздің мемлекет осы іс-шараларды жүзеге асыру бойынша кешенді бағдарламаларды қабылдап, сол бойынша жұмыс істеп жатыр. Билік осы алға қойылған мақсатқа қолын жеткізсе, ел экономикасының қарыштап алға басуына толық мүмкіндік бар. Бұған өзінің соңғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та айырықша тоқталып өткен. Ендеше, кәсіпкерлік ел экономикасын алға сүйрейтін локомотив қызметін атқаруы тиіс. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік — шаруашылық қызметінің маңызды түрі. Экономиканың тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Кез келген елдің экономикасы бірқалыпты даму үшін мемлекет қолынан келетін жағдайлардың бәрін жасауы керек. Кәсіпкерлікті дамыту үшін субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы, шаруашылық қызметінің бағытын таңдауда еріктігі, қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдіктің болуы қажет. Кәсіпкерлікті дамыту және реттеу — нарықтық дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.
Мемлекеттік реттеудің тікелей әдістері, негізінен, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мінез-құлқына ықпал етудің әкімшілік құралдарын пайдалануға байланысты. Мемлекеттік реттеудің ондай әдістеріне кәсіпкерлік қызмет субъектілерін мемлекеттік тіркеу, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау және т. Б. жатқызуға болады.Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің сапасына бақылау жасау болып табылады.Нарықтық қатынастар жағдайында тұгынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері маңызды және елеулі мағынаға ие болады. Нормативтік-құқықтық актілерде қазіргі таңда негізге алынатын ұстанымдар айқын тұжырымдалған: — тұтынушылардың тауарлар қауіпсіздігіне құқығы; — тауарлар, жұмыстар, қызметтер туралы дұрыс ақпарат алу құқығы; — сапасы нашар тауарлар мен қызметтер келтірген залалды өтеу. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің келесі бағыты бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу болып табылады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде баға басқарудың маңызды құралы және мемлекеттік реттеу нысаны болып саналады. Қазақстан Республикасында баға белгілеу жүйесі сұраныс пен ұсыныс ықпалымен қалыптасқан еркін (нарықтық) бағалар мен тарифтерді қолдануға негізделген және бағалардың төмендегідей: еркін бағалар; көтерме (босату) бағалар; бөлшек сауда бағалары; реттелетін бағалар түрлерін қарастырады.Еркін бағалар тараптардың келісімімен тағайындалады және ҚР Үкіметі белгілеген тізбеден басқа барлық тауарлар мен қызметтерге таралады.Еркін бағалар екі түрлі болады: көтерме және бөлшек. Көтерме (босату) бағалар дайындаушының тұтынушымен келісімі бойынша кұрылады, олар қосылған құн салығы мен акциздерді қамтиды және жұртшылықтан басқа барлық тұтынушылармен есеп айырысқанда қолданылады. Бөлшек сауда бағаларын халыққа тауар сатумен айналысатын коммерциялық ұйымдар анықтайды, ол бағалар қосылған кұн салығын және сауда үстемақысын енгізе отырып белгіленеді. Реттелетін бағаларды уәкілетті мемлекеттік органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары тауарлар мен қызметтерге ҚР Үкіметі тағайындаған тізбе бойынша белгілейді. Кәсіпкерлік қатынастарды салықтық реттеу бір мезгілде мемлекеттің бюджетке түсетін салықтардың және баска да міндетті төлемдердің толық түсуін қамтамасыз ету бойынша қызметі де, мемлекеттің орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында жеңілдіктер мен артықшьшықтар берудегі қызметі де болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті ынталандыратын салық құралдары қатарына, мысалы, салық мөлшерлемелерін саралау, негізгі құралдардың жеделдетілген амортизациясын өткізу, әр түрлі салық жеңілдіктерін, кейбір арнайы салық режимдерін жатқызуға болады. Арнаулы салық режимдері төмендегідей түрлерге бөлінеді: 1) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі, ал оған кіретіндер: патент негізіндегі арнаулы салық режимі; онайлатылған мағлұмдама негізіндегі арнаулы салық режимі; 2) шаруа және фермерлік қожалықтар үшін арнаулы салық режимі; 3) занды тұлғалар — ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі (ҚР СК 426-бабының 1-тармағы). Патент негізіндегі арнаулы салық режимін келесі шарттарға сай келетін жеке кәсіпкерлер қолданады: 1) жұмыскерлер еңбектерін пайдаланбайтындар; 2) қызметін жеке кәсіпкерлік формасында жүргізетіндер; 3) салық кезеңі (күнтізбелік жыл) ішіндегі табысы ең аз 200 жалақы мөлшерінен (ары қарай — ЕАЖМ) аспайтындар. Патент құнын жеке кәсіпкер жарияланған табыстың 2 %-ы көлемінде мөлшерлеме қолдану жолымен есептейді. Патент құны бюджетке: 1) жеке табыс салығы түрінде — патент құнының ½ көлемінде 2) әлеуметтік салық түрінде — Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасын шығарып тастағандағы патент құнының ½ көлемінде төленеді. Лицензиялау туралы заң лицензиялауға жататын қызметтің түрлерінің, қосымша түрлерінің жете қарастырылған тізбесін белгілейді. Сөйтіп, «Лицензиялау туралы» Заңның 11-бабына сәйкес, лицензиялауға төмендегі салалардағы қызметтің жекелеген түрлері жатқызылады: 1) өнеркәсіп;2) атом энергиясын пайдалану;3) улы заттар айналымы;4) техникалық қауіпсіздік;5) көлік;6) есірткі, психикаға эсер ететін заттар;7) ақпараттық қауіпсюдікті қамтамасыз ету;8) жедел іздестіру шараларын өткізу үшін арнайы техникалық құралдар;9) қаруландыру, әскери техника және қарудың жекелеген түрлері, жарылғыш заттар және олар пайдаланылатын бұйымдар айналымы;10) ғарыш кеңістігін пайдалану;11) ақпараттандыру және байланыс;12) білім беру;13) бұқаралық ақпарат құралдары14) ауыл және орман шаруашылықтары, жерге орналастыру, геодезия жэне картография;15) денсаулық сақгау;16) жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету;17) ойын бизнесі;18) ветеринария;19) сот-сараптау;20) мәдениет;21) қаржы саласы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет;22) сәулет, қала кұрылысы және құрылыс;23) ҚР мемлекеттік рәміздерін әзірлеу;24) кеден ісі;25) этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісі және айналымы, темекі өнімдерінің өндірісі;26) валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызмет;27) тауарлар экспорты және импорты. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық маңызы: - ол нарықтық экономикаға икемділік береді; - халықтың қаржы және өндірістік ресурстарын тартуға әсер етеді; - Монополияға қарсы әлеуеті бар; - ғылыми-техниалық прогреске бағытталған алғы шарттарды жасайды; - нарықтық шаруашылықтың еңбекпен қамту және басқа әлеуметтік мәселерін шешеді. Кәсіпкерлік қызметін қолдау және дамыту жөнінде ел президенті биылғы 31 қаңтар 2017 жылғы жолдауында: «Біздің стратегиялық мақсатымыздың бірі — елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50 % болуын қамтамасыз ету». Бұл — өте өршіл мақсат, бірақ оған қол жеткізуге болады. Оны орындау үшін қазіргі кезеңде мынадай қадамдар жасалуы қажет. Шағын несие беру аясын кеңейтіп, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және қызмет көрсету тетіктерін белсенді пайдалану керек. Бұл шараларды бизнес жүргізу және қаржылық сауаттылыққа үйрету ісін ұйымдастырумен қатар атқару керек. Жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру керек. Қазақстанның әр өңірі жаппай кәсіпкерлікті, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар ұсынуға тиіс. Сондай-ақ, бизнестің қазіргі қолданыстағы реттеушілік жүктемесі өсімнің жаңа моделін жасау міндетімен үйлеспейді. Дамыған елдердің озық стандарттары мен тәжірибесін енгізу керек.Бұл жұмысты әсіресе өңірлік деңгейде атқару маңызды».-делінген. Қазақстанда кәсіпкерліктің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуы экономикалық реформаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Ал, бизнестің жоғары деңгейде дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан белгілі бір дәрежеде қолдау көрсетілуі керек. Жеке бизнесті мемлекеттік қолдау және дамытуды жүзеге асыру жолдары ретінде келесілерді атауға болады: — Мемлекеттік органдар жанынан жеке кәсіпкерлік проблемеларын зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзірлейтін ғылыми-зерттеу институттарын құру; — Орталық мемлекетік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық орталықтарды ұйымдастыру; — Жеке бизнесті мемлекеттік қолдау және дамытудың қаржы институттарын құу; — Бизнес-инкубаторлардың және идустриялық аймақтардың қызметін ұйымдастыру. Елімізде бизнесті, соның ішінде шағын және орта бизнесті, әсіресе инновациялық бизнес пен венчурлік бизнесті дамытуға мемлекеттік даму институттарының қызметін ұтымды пайдалану және үйлестіру едәуір ықпал етеді. Олар жеке бизнес субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, сондай-ақ елдегі жалпы инновациялық және инвестициялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғары технологиялық, ғылыми сиымдылықты өндірістерді, өндірістік инфрақұрлымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға жәрдемдесу, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту мақсатында құрылады. Кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында мынадай іс-шараларды жүзеге асыру қажет: - мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті барынша қолдау; - мақсатты бюджеттік қаржыландыру саясатын жүргізу; - жеңілдетілген несие беру саясатын жүргізу; - кәсіпкерлер құқығын қорғайтын орган жұмысын жандандыру; - кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізу кезіндегі қиыншылықтарды жою; - тексеруші органдар санын қысқарту; - заңдардың орындалуын қамтамасыз ету, т.б. Жалпы өркениетті елдердің қай қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі кәсіпкерлік халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді. Кәсіпкерліктің осындай және басқа да экономикалық және әлеуметтік функциялары оны дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді. Техникалық прогресс, тұтынушы сұранысын толық қанағаттандыру кәсіпкерліктің тиімділігіне байланысты болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет