Реферат тақырыбы: Кіші аттан секіру Орындаған: Нұртай. Д тексерген: Ганибал. Т тобы: Ф14/9 2020 жыл



Дата07.02.2022
өлшемі423,79 Kb.
#91470
түріРеферат
Байланысты:
Документ (10)


МКҚК Көкшетау жоғары медициналық колледжі

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Кіші аттан секіру

Орындаған:Нұртай.Д


Тексерген:Ганибал.Т
Тобы:Ф14/9
2020 жыл
Сабақтың тақырыбы: Ағаш аттан секіру
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға кіші ағаш аттан секіруді үйрету.
2. Ерік жігер қасиеттерін қалыптастыру
3. Оқушыларды ептілікке,икемділікке жылдамдыққа тәрбиелеу
Ағаш аттан секіру – гимнастикалық көпсайыстың қарапайым түрлерінің бірі. Ол, ең алдымен, күрделі тіреп секіру жаттығуларын меңгеруге көмектеседі. Өйткені, секірудің әрбір жекелеген түрлерінде ортақ жайттар көп кездеседі. Ағаш аттан секіру аяқпен көпіршені (мостик) басудан басталады. Көпіршеден серпілуге қолдың алға қарай сілтенуі дем береді. Бұл қимыл-әрекеттер әрқашан ұқсас және барлық секіру түрлеріне ортақ болып келеді. Сонымен бірге бұлар секіру әдісінің жалпы түп негізін құрайды.
Көпіршеге аяқты тіреп секіруді орындау техникасы ұлдар үшін де, қыздар үшін де бірдей.
Тіреп секіруді дұрыс үйрену және оны өз бетінше жетілдіру үшін бұл жаттығуды орындау кезеңдерін жақсы білу қажет. Тіреп секіру тұтасымен мынадай кезеңдерден тұрады:

  1. Екпіндей жүгіру;

  2. Көпіршені басу;

  3. Аяқпен серпілу;

  4. Қолды ағаш атқа тірегенге дейінгі қалықтап ұшу;

  5. Қолмен серпілу;

  6. Қолмен серпілуден кейінгі қалықтап ұшу;

  7. Жерге түсу.

Ағаш аттан секіруге арналған екпіндей жүгіріп келу қашықтығы 12 – 15 м-ден аспайды. Алайда егер көпірше ағаш аттан 60 -70 см-ден алыс тұрса, онда екпіндей жүгіріп келу қашықтығы өсе түсуі мүмкін.
Көпіршені ағаш аттың алдына қою кезінде мынадай жайттар: екпіндей жүгіріп келу жылдамдығы, секіру түрі, аяқпен серпілу күші есепке алынады.
Мектепте ағаш аттан секірудің екі түрінің бірі – екі аяқты кең ашып немесе екі тізені бүгіп секірудің бірі орындалуға тиіс. Секірудің бұл екі түрін де қолдв алдын ала сермемей, яғни аяқпен серпіліп ыршығаннан кейін денені қосымша қимылдатпай-ақ орындауға болады.


Ағаш аттан секіру техникасы
Ағаш аттан ұстап көпершеде секіру жаттығуы


  • Көпіршеден итеріліп ағаш атқа жүреден отыру (екі аяқтың тізесіне).



  • Кіші ағаш атқа табанмен отырып 90 ͦС-қа бұрылып секіріп түсу



Секіру жаттығулары бұлшық еттерді өсіріп, нығайтуға, тыныс алу мен қан айналу жүйесінің қызметін жақсартуға, әр түрлі биіктіктегі кедергілерден тез және оңай секіріп өту дағдысын меңгеруге жағдай жасайды. Сонымен қатар ептілікті, батылдықты, шапшаңдылықты дамытады, кеңістікті тез бағдарлай білуге тәрбиелейді.
Әрбір секіру кезінде мына төмендегі секіру элементтері орындалады:
1) аяқты жерге тіреп серпілуге дайындалу;
2) серпілу;
3) ұшу;
4) жерге түсу.
5) Секіруге дайындық жаттығуларды орындату.
6) Кіші аттан (биіктігі 100 - 115 см.) аяқты жазып, қолды тіреп секіру үшін екпін алу, көпіршеге секіріп түсу, аяқпен серпілу жерге түсу қозғалыстарының реті дұрыс сақталуы керек. Осыны қайталап орындағаннан кейін ғана мына негізгі жаттығуларды орындауға кірісу қажет: кіші ағаш атқа аяқты алшақ ұстап секіріп шығу; отыру және шалқайыңқырап, жоғары әрі алға қарай секіріп түсу.
3) Секіруге көмек беру мен қауіпсіздік шараларын қатты сақтау керек


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет