Реферат тақырыбы: Компьютерлік желілер Орындаған: Жаксылык Аяужан Тексерген: Керимбаева Венера Алматы 2020



бет4/4
Дата11.01.2022
өлшемі136,62 Kb.
#110864
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Жақсылық Аяужан ПИ 20-11 СРСП 1

«Сақина» топологиясына тән бір нәрсе – жалғағыштардың соңғы нүктесі болмайтыны; деректер берілетін біртұтас сақина құраған желі тұйықталған. Мұндай сақинада бір нүктеден қозғау алған деректер ақыр аяғында желінің басына барады. Осындай ерекшеліктен деректер сақинада барлық уақытта бір бағытта қозғалады. «Сақинаның» «Жұлдызшадан» бір ерекшелігі – оған барлық желілік компьютерлер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің бір жері істен шықса, бүкіл желі тоқтап қалады.

«Шина» топологиясы бір жеткізетін каналды, әдетте шина деп аталатын коаксиалды кабельді пайдаланады. Барлық желілік компьютерлер «шинаға»тікелей қосылады. Бұл желіде деректер 2 бағытта бірдей жылжиды. Кабель – шинаның екі шетінде арнайы бұқтырмалар (терминаторлар) орнатылған. «Сақина»жағдайындағыдай, желілінің бір жеріндегі қосылудың бұзылуы жұмысты бірден тоқтатады. «Шина» желісіндегі деректердің қауіпсіздігі «Сақина» желісіндегідей, оның осал тұсы – бүкіл желінің деректері әр желілік компьютерден өтеді.

Деректерді беру жылдамдығымен, оның құрамына сәйкес өзгешеленетін деректерді берудің түрлі технологиялары бар. Ең танымалдары: Enthernet, ARCNET және IBM token ring.

Enthernet технологиясын 1973 жылы бір топ американ зерттеушілері Palo Alto зерттеу орталығында жасады. Enthernet желілері жұлдызша түрінде де, шина түрінде де құрыла береді. Канал ретінде коаксиалды кабель қолданғанда, Enthernet желісі шина сияқты кескінделеді. Егер есулі қос өткізгіш қолданған болса, Enthernet жұлдызша кескінделеді. ARCNET технологиясы Datapoint Corporation фирмасында 1968 жылы жасалған. ARCNET технологиясының желісі де, Enthernet желісі сияқты, екі топология бойынша (жұлдызша және шина) құрыла алады.

Token ring «жұлдызша» топологиясы бойынша «көп пайдаланушы кіруге болатын станция» аталатын IBM арнайы құрылысымен орталық хабра ретінде жұмыс істейді. Бірақ онымен байланысу үшін әр компьютердің екі кабелі бар, біреуі бойынша ол деректерді жібереді, басқасы бойынша – қабылдайды.

Компьютердің ресурстары ақпараттық және техникалық деп екіге бөлінеді.

Ақпараттық ресурстарға программалар және деректер, ал техникалықтарға – принтерлер, модемдер, сканерлер, график салғыштар кіреді.

Ақпаратты сақтау құралдары, CD-ROM, ZIP, DVD сияқтылар ақпараттық ресурстарға кіреді. Олар программалар және деректері бар қапшықтар ретінде қаралады. Оларға қосылу логикалық дискіге жазылғандай жүзеге асырылады. Орналасқан компьютерінен ғана қол жеткізуге болатын ресурстар жергілікті деп аталады. Желінің басқа компьютерлеріне де ашық компьютер ресурстары ортақ немесе желілік деп аталады.

Жергілікті және ортақ ресурстар түсініктері шартты. Бұл жергілікті ресурсты ортақ етуге болады және керісінше, ортақ ресурсқа жергілікті мәртебесін беруге болады.

Ортақ ресурстар орналасқан компьютер сервер деп аталады. Сервердегі ақпаратқа жол ашатын және осы ресурстар пайдаланатын компьютерлер клиенттер немесе жұмыс станциялары деп аталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет