Реферат Тақырыбы: Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесінің негізгі ережелері



Дата07.02.2022
өлшемі32,65 Kb.
#87329
түріРеферат
Байланысты:
Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесінің негізгі ережелері



Қарағанды темір жол коллежі
Реферат

Тақырыбы: Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесінің негізгі ережелері

Орындаған:ТЭ(қ)19 тобының ст.Кенжебай Нэргуй
Тексерген:О.Темиргалиевна

\


КҚБЖ (ЕСКД) стандарттар комплексі өнімнің өмірлік кезеңінде /жобалау, дайындау, пайдалану,
\ережелерді, нормаларды орнатады. ЕСКД стандарттарының негізгі тағайындалуы, конструкторлық құжаттарды рәсімдеу барысында келесі мәселелерді қамтамасыз етеді:
1)Бұйымды жобалау барысында жетілдірілген әдістер мен құралдарды пайдалану;
2)Конструкторлық құжаттардың өзара байланысын ешқандай өзгертусіз пайдалану мүмкіндігі;
3)Конструкторлық құжаттардың тиімді жинақталуы;
4)Конструкторлық құжаттарды және ондағы ақпаратты өңдеудің механикалығы және автоматтылығы;
5)Тұтынушының өмірі мен денсаулығына қоршаған ортаға бұйым қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптардың конструкторлық құжаттарда болуы;
6)Бұйымның жоғарғы сапасы;
7)Бұйымды жобалауда стандарттау және унификациялау мүмкіндігінің кеңеюі;
8 Бұйымды сертификаттау мүмкіндігі,
9)Өндірісті дайындаудың еңбек сыймдылығын төмендету және мерзімін қысқарту;
10) Бұйымды дұрыс пайдалану,
11) Жұмыс істеп тұрған өндірісті қайта жетілдіру үшін құжаттарды әзірлеудің ыңғайлылығы; және қол жетімділігі;
12) Конструкторлық құжаттар мен графикалық бейнелердегі формалардың жеңілдетілуі;
13) Автоматтандырылған жүйелердің біртекті ақпараттық базасын жасау мүмкіндігі;
14) Халықаралық стандарттарға сәйкестендірудің ырғақтылығы;
ЕСКД стандарттары машина жасау және прибор жасау бұйымдарына таратылады.
ЕСКД стандарттарымен орнатылған нормалар мен ережелер келесі құжаттарды әзірлеу, өңдеу , рәсімдеу барысында қолданылады:
1) Конструкторлық құжаттардың барлық түрінде;
2) Конструкторлық құжаттарды есепке алу, тіркеу құжаттары;
3) Конструкторлық құжаттарға өзгерістер енгізу бойынша құжаттарға;
4) Нормативті техникалық, технологиялық құжаттарға;
Сондай-ақ басқа да стандарттарға, нормалар мен ғылыми-техникалық оқу әдебиеттеріне қолданылады.
ЕСКД стандарттары топтық жіктелуі келесідегідей

Топ нөмері №

Стандарттар тобының жіктелінген атауы




  1. Жалпы жағдайларға байланысты стандарттар




  1. Негізгі жағдайға байланысты стандарттар




  1. Конструкторлық құжаттардың және бұйымның белгіленуі мен жіктелінуі






  1. Сызбалардың негізгі ережелері




  1. Әртүрлі бұйымдардың сызбаларын орындау ережелері




  1. Конструкторлық құжаттарды өзгерту ережелері




  1. Эксплуатациялық және жөндеу жұмыстарын орындау ережелері




  1. Сұлбаларды орындау ережелері




  1. Жобалау барысында макеттік әдіспен құжаттарды орындау ережелері




  1. Басқа да стандарттар

ЕСКД стандарттары ГОСТ 1.0 стандарттарында орнатылған ережелер бойынша белгіленеді. Стандартты белгілеу келесідегідей:
1) Стандарт категориясының индексі, яғни ГОСТ;
2) ЕСКД стандарттар комплексімен берілген сан келтіріледі;
3) Кестеге сәйкес стандарт тобының нөмерін белгілейтін сан келтіріледі;
4) Аталынған топтағы стандарттың реттік нөмерін белгілейтін сан келтіріледі;
5) Стандарттың бекітілген жылын көрсетеді.
ГОСТ 2604-
ГОСТ – стандарт категориясының индексі
«2» - стандарт комплексінің номері
«6» - кестеге сәйкес стандарт тобының номері
«04» - топтағы стандарттың реттік номері
ЕСКД стандарттары халықаралық стандарт үшін орнатылған тәртіпте ендіріледі.
Жаңа немесе қайта қаралған ЕСКД стандарт ендіру барысында оларды қайта рәсімдеуге болады. Тек қана қорғаныс мақсатында әзірленген немесе конструкторлық құжаттар тапсырыс берушімен келісіледі.
Бұрын әзірленген конструкторлық құжаттарды қолдануда, әзірлеуші көшірмесін өз қолында ұстауға немесе қайта дайындауға құқылы.
ЕСКД классификаторында барлығы 100 класс бар. Барлық бұйымдар функционалдық біртипті класқа қатысты болып келеді. Резервті кластар уақыттың өтуіне байланысты қажеттілікке орай бұйымның жаңа түрін орналастыру үшін керек.
ЕСКД классификатордың әр класы 10 кішкентай кластарға бөлінеді(0-ден 9-ға дейін), әр кішкентай кластардың өзі 10 топқа , әр топ кішкентай топшаларға ,кішкентай топшалар 10 түрге бөлінеді.
ЕСКД классификаторын қолдану мынаны қамтамасыз етеді:
1.Бұйымдардың және машина, құрал жасап шығарушы конструкторлық құжаттардың тағайындалуының біріңғай жүйесін.
2.Проектеу , өндіріс ремонттау мақсатында әр түрлі мекемелерде, ұйымдарда қолдану мүмкіндігі.
3.Жасап шығарушы және дайындалған бұйымдарды,сондай-ақ конструкторлық құжаттарды іздеуді тездету және жеңілдету.
4.Стандарттаудың және унификацияның бағытын анықтау.
5. Бұйымдарды өндіруде , проектеуде ,автоматизацияда қолданылатын құрал-жабдықтардың кең қолданылуы.
КҚБЖ (ЕСКД) классификаторы классифицирленген көпшіліктің дедуктивті логикалық бөлуге бағытталған иерархиялық ондық әдіс бойынша жасалған. Бұл әдіс бойынша классификацияның әр сатысындағы құжаттар мен бұйым классификациясының белгілерін нақтылау жүзеге асырылады.
Кластағы бұйымдарды классификациялау кезінде келесідегідей негізгі белгілер қолданылады:
а) Функционалдық (бұйыммен орындалған негізгі эксплуатациялық функция )
ә) Конструкторлы ( бұйымның коструктивті ерекшеліктері)
б) Әрекет ету принципі (физикалық , физика – химиялық процесс)
с) Параметрлік (бұйымның жұмыс параметрінің дәлдік деңгейлері және шамалары:негізгі размерлер ,қуат ,қысым ,ток күші ,жиілік)
д) Геометриялық форма
е) Бұйымның аталуы.
Кластарды түзету кезінде жиынтық бірлігінің , комплекттердің, комплекстердің классификациясының бірінші деңгейінде функционалдыбелгі қолданылады.Бұл белгі кластың бұйымдары туралы мәлімет беріп және оларды басқа кластың бұйымдарынан ерекшелеуге мүмкіндік береді.
КҚБЖ (ЕСКД) классификатор бұйымының класының классификациялық мінездемесінің коды Технологиялық классификатордың құраушы бөлімі ретінде қолданылады.
Конструкторлық құжаттарды әзірлеу келесі мақсаттар негізінде жүзеге асырылады:
1) Бұйымның жұмыс істеу принципін тексеру ;
2) Бұйым конструкциясына әзірленген негізгі конструктивті шешімдерді тексеру;
3) Өндірілетін бұйымның өзгеріс ендірілгенге дейінгі жағдайын алдын-ала тексеру.
Конструкторлық құжаттарды әзірлеу кезеңдері келесідегідей:

Әзірлеу кезеңдері

Орындалатын жұмыстар кезеңдері

Техникалық ұсыныс

1/ Материалдар жиналады
2/ Техникалық ұсыныс әзірленеді
3/ техникалық ұсыныс қаралады және бекітіледі

Эскиздік жоба

1/ Эскиздік жоба әзірленеді
2/ Қажеттілікке қарай макеттер әзірленіп сынаудан өткізіледі
3/ Эскиздік жоба қарастырылып бекітіледі

Техникалық жоба

1/ Техникалық жоба әзірленеді
2/ Қажеттілікке қарай макеттер әзірленіп сынаудан өткізіледі
3/Техникалы жоба қарастырылып бекітіледі

Жұмысшы-конструкторлық құжаттар әзірленеді

1/ Тәжірибелік үлгіні әзірлеу және сынау үшін тағайындалған конструкторлық құжаттар әзірленеді.

а/ Кіші кәсіпорындар үшін

2/Тәжірибелік үлгіні әзірлейді және алдын-ала сынайды
3/ Тәжірибелік үлгіні алдын-ала сынау қорытындысы бойынша конструкторлық құжаттарға түзетулер енгізіледі.
4/ Тәжірибелік үлгіні қабылдау сынауынан өткізеді
5/ Қабылдау сынауының негізінде конструкторлық құжаттарға түзетулер енгізеді

б/ Массалық және сериялық өнімдер шығарушы кәсіпорындар үшін

Орнатылған серия бойынша бұйымды әзірлеу және сынау
Орнатылған серия бойынша әзірленген және сыналған бұйым қорытындысы бойынша конструкторлық құжаттарға түзетулер енгізу, сондай-ақ оны жарықтандыру

Конструкторлық құжаттарға бұйымның құрамы мен қасиетін анықтайтын оны жобалау, дайындау, пайдалану және жөндеу барысындағы қажетті мәліметтерді қамтитын графикалық және мәтіндік құжаттар жатады :


1) Бөлшек сызбасы – бұл бөлшекті дайындау мен бақылауға қажетті мәліметтерді қамтитын кескін, яғни құжат.
2) Құрастыру сызбасы – бұл құрастыру бірліктері мен басқа да мәліметтерді қамтитын құжат, сондай-ақ құрастыру сызбасына гидромонтаждау мен пневмомонтаждау әрекеттерін орындайтын сызбалар да жатады.
3) Жалпы көрініс сызбасы – бұйымның конструкторлық ерекшелігін оның құрамдас бөліктермен өзара іс-әрекетін сондай-ақ жұмыс істеу принципін айқындайтын құжат.
4) Теориялы сызба – бұйымның геометриялық формасын оның құрамдас бөліктерінің координаталар орналасуын айқындайтын құжат.
5) Габаритті сызба - /пішінді/ - бұйымның жалпы нобайын және орнатылатын қосылатын өлшемдерін көрсететін құжат.
6) Монтаждау сызбасы – бұйымның қолданылу орнына орналастыру үшін мәліметтері бар құжат. Сондай –ақ монтаждау сызбасына бұйымды орнату үшін арнайы әзірленген іргетастық сызбалар да кіреді.
7) Қораптау сызбасы – бұйымды қораптау үшін қажетті мәліметі бар құжат.
8) Схема /сұлба/- шартты белгі түрінде немесе бұйымның құрамдас бөлігінің өзара қатынасын белгілейтін сызба түрінде келтірілген құжат.
9) Спецификация – құрастыру бірлігінің құрамын, комплекстілігін, комплектілігін айқындайтын құжат.
10) Спецификация тізбесі - бұйымның құрамдас бөлігінің саны мен сыйымдылығын көрсететін барлық спецификация жиынтығын құрайтын құжат.
11) Сілтемелік құжаттар тізбесі – бұйымның конструкторлық құжаттарына сілтеме көрсетілген құжаттар жиыны бар құжат.
12) Бұйымды сатып алу тізбесі – бұйымды әзірлеуде пайдаланылатын сатып алу тізбесін құрайтын құжат.
13) Сатып алынған бұйымды қолдануы рұқсат тізбесі – ГОСТ 2.124 сәйкес сатып алынған бұйымдарға қолдану үшін рұқсат мәліметтерін қамтитын құжат.
14) Техникалық ұсыныс тізбесі – техникалық ұсынысқа кіретін құжаттар жиынынан құралған құжат.
15) Эскиздік жоба тізбесі – эскиздік жобаға кіретін құжаттар тізбесінен құралған құжат.
16) Техникалық жоба тізбесі – бұйымның техникалық жобасына кіретін құжаттар тізбесінен құралған құжат.
17) Түсіндірме жазба – әзірленген бұйымның әсер ету принципін жазбалайтын құжат, сондай-ақ мұнда оның техникалық әзірлеу, техника-экономикалық шешімі келтіріледі.
18) Техникалық шарт – бұйымды әзірлеу, бақылау, қабылдау, жеткізу талаптарынан құралған құжат.
19) Сынау әдістемесі және бағдарламасы – бұйымды сынауды сондай-ақ соны бақылауды әдістері мен реті барысындағы техникалық мәліметтерді қамтитын құжат.
20) Есеп – параметрлер, шамалар есептеулерінен құралған құжат.
21) Пайдалану құжаттары – пайдалану барысындағы бұйымды пайдалану, қызмет көрсету, жөндеу мәліметтерін қамтитын құжат.
22) Жөндеу құжаттары – арнайы кәсіпорындарда жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мәліметтерді қамтитын құжат.
Конструкторлық құжаттарды әзірлеу кезеңіне байланысты келесідегідей бөлеміз:
1. Техникалық ұсыныс
2. Эскиздік жоба
3. Техникалық жоба
Аталынған құжаттар топтамасын негізінен жобалық құжаттар деп атайды.
4. Жұмысшы құжаттар
Конструкторлық құжаттарды әзірлеу тәсілдеріне байланысты келесідегідей бөлеміз:
1. Түпнұсқа – кез келген материалда әзірленген екінші түпнұсқалы дайындау үшін тағайындалған құжат.
2. Екінші түпнұсқа - орнатылған тәртіпте екінші түпнұсқа ретінде кез келген интервалда рәсімделінген көп қайтара көшірме алуға мүмкіндік беретін құжат.
Екінші түпнұсқа ретінде алғашқы түпнұсқаны немесе типографиялық тәсілмен басылған екінші түпнұсқаны пайдалануға болады.
3. Қайталау құжаты – кез келген материалда әзірленген көшірме алуға мүмкіндік беретін екінші түпнұсқаның көшірмесі.
4. Көшірме – бұйымды жобалау, пайдалану, жөндеу барысында тікелей қолдануға тағайындалған екінші түпнұсқаның немесе қайталау құжатының көшірмесі.
Конструкторлық құжаттардың комплектілігі
Конструкторлық құжаттардың комплектілігін анықтауда келесілерді анықтап алу керек:
1. Негізгі конструкторлық құжатты
2. Конструкторлық құжаттың негізгі комплектілігін
3. Конструкторлық құжаттың толық комплектілігін
Бұйымның негізгі конструкторлық құжаты бұйымның немесе оның құрамының толық және біртекті жазбаларымен ерекшеленеді.
Конструкторлық құжаттың негізгісі : болып келесілер қабылдануы мүмкін, мысалы, бөлшек үшін оның жалпы сызбасы, құрастырма бірлік үшін спецификациядағы көрсетілетін бірліктер жиынтығы.
Конструкторлық құжаттың бірыңғай жүйесі стандартына сәйкес әзірленген конструкторлық құжаттарды қолдануда бұйымның барлық параметрлерін айқындайтын мәліметтер қарастырылады. Осындай жағдайда ғана бұйымға негізгі конструкторлық құжат толық қарастырылған деп саналады.
Конструкторлық құжаттың негізгі комплектісі деп бұйымның барлық құраушыларының қамтитын / құрастыру сызбасы, принциптік сызбасы, техникалық шарты, пайдалану құжаттары және т.б./ құраушы бөлік қарастырылған конструкторлық құжаттың жиынтығын айтамыз. Құраушы бөліктердің конструкторлық құжаттары бұйымның негізгі құжаттар комплектісіне кірмейді.
Бұйымның конструкторлық құжаттарының толық комплектісі келесілерді қамтитын құжаттар: берілген бұйымның конструкторлық құжаттарының негізгі комплектісін берілген бұйымның және оның құраушы бөліктерінің конструкторлық құжаттарының негізгі комплектісі.
Конструкторлық құжаттардың негізгі комплектісіне конструкторлық құжат кіруі мүмкін, егерде бұл құжаттар берілген бұйымға қатысты болса.
Конструкторлық құжаттардың номенклатурасы бұйымды әзірлеу кезеңдеріне байланысты анықталынады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет