Жаңдану кезеңі (1908-1919). Корея тарихында бұл кезең мемлекет билігін басып алумен және елдің тұтастай отарлануымен есте қалған. Осындай ауыр жағдайларға қарамастан әдебиет дами түсіп, халықтың сана-сезімі оянады. Батыс Еуропа мәдениеті корей әдебиетіне атарлықтай әсер етіп, әдебиетте жаңа көркем тәсілдер мен құралдар, сондай-ақ жаңа ұғымдар пайда болады.
Корей ақын-жазушылары Батыс Еуропа авторларына еліктей отырып, Батыс әдебиетіне тән көркем тәсілдер мен ұғымдарды пайдалана бастайды. Олардың қатарында Че Нам Сон, И Кванг Су, Ким сынды жарқын есімдер пайда болады. Олардың шығармалары мазмұны жағынан ұлттық сипатта болып, олар корей әдебиетінде бұрын-соңды қабылданған әдеби нормалардан батыл түрде бас тартады. Ақындар 'синче-си' үлгісіндегі жаңа өлеңдер жазу барысында каса мен чанга үлгілерінен сенімді түрде бас тартады. Поэтикалық шығармалардың мазмұнында идеалистік сипаттағы ноталар пайда болады. Бұл корей қоғамының Жапонияның қол астында болуымен түсіндіріледі.ХХ ғасырдың 1910 жылдары корей әдебиетінің тарихында роман жанры дами бастайды.