Реферат Тақырыбы: Лизингтік операциялар есебі Орындаган: Сейтканова С. Д



бет2/3
Дата20.09.2023
өлшемі117,7 Kb.
#181784
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Реферат Та ырыбы Лизингтік операциялар есебі Орындаган Сейткан
chapter 1 6, Қазақстан тарихы Олимпиада-16, 4- дәріс Мәдениет анатомиясы, Қазақ тілінің тарихы, Cause:effect essays
ІІ. Негізгі бөлім
1. Лизинг туралы жалпы түсінік
1.1. Лизингтің шығу тегі 
Лизинг сөзі “to lease” ағылшын етістігінен аударғанда “жалға беру” дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден (аренда) айырмашылығы – жалға беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш қатысушысы: лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.
Лизинг – бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал, несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э. 2000 жылдай бұрын ертедегі Вавилонда жасалғандығы белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы «Белл Телефон Компани» деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді. «Юнайтед стейтс лизинг корпорейшн» атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан-Францискода (АҚШ) құрылған. Еуропада 1962 жылы «Дойче лизинг ГМ6Х» деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болған. 1972 жылдан бері Еуропада лизинг нарығы дамып келеді.
60-шы жылдың ортасында бұл елдегі лизингілік операциялар 1 млрд долларды құраса, 80-ші жылдың аяғында 110 млрд доллардан асты, яғни, ғасыр ширегінде 100 еседен көп артты. Жалдау бойынша операциялардың шапшаң өсуіне лизингілік мәміле бойынша серіктестер алатын белгілі бір артықшылықтар себеп болды.
Бүгінгі таңда нарықтық экономикасы дамыған елдердегі шаруашылық жүргізуші субъектілерге арналған лизингілік операция өндірісті техникалық жағынан қайта жарақтандыруда артықшылыққа ие операция болып саналады.
Ал, Италияда алғашқы лизингілік компания 1963 жылы құрылды, алайда жалгерлік бойынша операциялардың ең шапшаң өсімі кейінірек – 70-80-ші жылдары байқалды, Италия жалгерлік мекемелердің көп болуымен ерекшеленеді.
80-ші жылдың екінші жартысында бұл елде жуық шамамен екі мыңдай лизингілік компания болды, олардың көбісі шағын және орта компаниялар. Олардың ішінде аса ірі лизингілік компаниялардың саны – 50. Бұл ірі компаниялар – «Ассима» ұлттық ассоциацияның мүшелері. Бұл кезеңде ондаған аса ірі итальяндық лизингілік компанияның үлесіне барлық операция мөлшерінің 80 %-і тиесілі болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет