Негізгі бөлім
1) Мартин Хайдеггер ХХ ғасырдағы аса маңызды философтардың бірі есептеледі. Оның идеялары өмірдің түрлі салаларына терең әсер етті. Оның онтологиялық талдаулары оны экзистенциялизмнің аса маңызды жаратушыларының біріне айналдырды. Оның Осыболмыс (Dasein) ұғымын Сартрдың алғашқы шығармаларында айтылатын адам еркіндігінің субъективті өздігімен тең қарауға болмайды. Оның ой-толғаныстары көптеген философтарға ықпал етті. Мысалы Сартрдың өзі оның көптеген идеяларын тіке қабылдаған болатын. Оның кітаптары Германияда, Францияда, Жапонияда кең талқыланды. Тіпті 70 жылдардың өзінде Солтүстік Америка құрлығында оның ілесушілері көп болды.
Ол заманауи мода болған ұғымдардан – шындық, құндылық секілді ұғымдардан ашық бас тартты. Ол өз идеялар жүйесін этикалық тұрғыдан тануға қарсы болды. Осы секілді жағдайлар ол туралы көптеген қате түсініктер туғызды. Әсіресе оның саяси ұстанымы мен жеке әрекеттері қоғамның, оқымыстылардың сын садағына көп ілікті.
Хайдеггердің ойынша, философияның ең басты мәселесі болмысты түсіну. Егер грек антикасы заманында философтар болмысқа жақындау болса, кейінгі замандарда одан ауытқып, мүлде басқа жаққа, жасанды философиялық жүйелер жасау жағына кетіп қалған. Ал философтың бір-ақ қана міндеті бар, ол болмысқа құлақ түру. Болмыс деген сөз болу етістігінен шыққан. Грек философиясына зер сала үңілген Хайдеггер «Дүние неге жоқ емес, бар?» деген сауалдан бастайды. Сөйтіп ол шынайы дүниенің қасиеті жоқ болу емес, бар болу деген түйінге келеді. Алайда бар болудың да түрлі түрлері бар ғой, мақұлық түрі, адамдық түрі, данышпандық үлгілері. Осыған қарап неміс философы бар болу аз дейді, әрбір бар нәрсенің өзінің болмысы болуға тиіс, ол адамның бар тірлігіне мән беретін нәрсе, сөйтіп ол тірлікті бар болу және мәнісі, болмысы бар бар болуға бөледі. Орысша айтқанда, бытие и сущее. Бұлар бір біріне қосылмайды дейді Хайдеггер. Тек хайуанның болмысы ғана жәй барболушылықпен шектеледі, ал адам мән іздеуші, болмысқа көтерілуші тұлға. Өйткені оның өмірі өлімге аяқ басқан өмір, немесе оның өмірі өлімге дайындық. Ал бұл адамды қамсыздықты қойып, қамдануға жетелейді. Орысша бұл термин забота деп айдарылады. Сөйтіп Хайдеггер философияны аспаннан жерге түсіріп, ол тек адамның өмір сүруіне, сол сүрген өмірін өзінің жеке санасымен сезінуіне байланысты дейді. Демек, Гегельдің пайымындағыдай ешқандай Абсолютті Рух жоқ, тек қана болмыстың мәнін түрлі түсінуші жеке адамның жеке санасы бар. Міне, осы жеке адамды Хайдеггер мындағы болмыс дейді. Осылай айтқанда ол бір жағынан болмысты жекелесе, екінші жағынан, жеке адамды жалпы болмысқа, космологияға сіңіріп жібергендей. Бұл тұрғыдан да ол біздің дала ойшылдарымызға жақын. Мысалы, Қорқыт туралы аңызды алсақ, ол Хайдеггердің ойларына тура иллюстрация сияқты. Аңыз бойынша, Қорқыт біраз жыл қамсыз жүреді, тек 40-қа толғасын ғана оған Әзірейлі келіп, оның жақында өлетінін айтады. Содан Қорқыт қамдана бастайды. Дүниенің төрт бұрышына қашады. Бірақ қайда барса да оны Қорқыттың көрі күтіп тұрады. Бұл Хайдеггердің адамның өмірі өлімге дайындық деген қағидасына келеді. Осындай қамсыздануы арқасында Қорқыт, адамның тек рухы ғана мәңгі екенін түсініп, қобызды ойлап табады. Ал қобыз деген өнер ғой, поэзия ғой. Бұл тұрғыда да екі ойшыл бірінің сөзін бірі сөйлегендей. Өйткені Хайдеггер кей тұрғыда поэзияны философиядан биік санаған. Себебі, ақынға болмысқа құлақ түру үшін, философиялық система жасаудың қажеті жоқ, не сезсе, соны жаза салады. Сосын философтар тіл жәй ғана инструмент, мен оны пайдаланам деп ойлайды, ал ақын өз-өзін тіл құралы ретінде сезінуге тиіс Хайдеггердің ойынша. Неміс ойшылының тіл туралы ілімі мүлде бөлек. Хайдеггер тілді лингвистикалық немесе тарихи құрылым деп ұғынбайды; оның ойынша тіл онтологиялық статусқа ие, демек, ол өзі жатқан бір болмыс, өйткені тіл болмыспен тығыз байланыста, сөз о бастан болмысқа тән нәрсе. Болмыс тек тілдің ғана тұзағына түседі, болмаса оны ұстау, немесе елестету мүлде мүмкін емес, ол тек тіл арқылы ғана көрініс береді. Міне, сондықтан ғана Хайдеггер тілді болмыстың үйі дейді. Тіл болмыс өзін қауіпсіздікте сезінетін кеңістік, тіл ең жақын арадағы нәрсе. Ол өз-өзін басқаратын нәрсе. Тіл субъект - объектке бөлінген адам орнатқан заңдылық емес. Тіл өзіндік әлемі бар дербес күш, адам тілде сөйлемейді, тілдің өзі сөйлейді. Мартин Хайдеггер бойынша айтқанда, батыс философтары Платоннан бастап болмыстың мәнін қате түсінумен болды. Олар болмыстың өзін тіке, арнайы зерттеуден адасып, кейбір болмысқа қатысты мәселелерді төңіректеуден шыға алмады. Болмысты танудың түйіні болушы (Beings) ретіндегі жеке затты – субстанцияны және оның қасиетін танумен ғана шектелді. Ал, бірақ болмысты танудың сенімді жолы – танылған болушының негізін тану, яғни болушыны нақты шындық өресіне көтерген артқы тиянақты тану болатын. Бірақ, философтар бұл болмыстық алғышартты ескермей, болмысты, әсіресе адам болмысын тануда шатасумен болды. Хайдеггердің ойынша, бұл қателікті түзету үшін жаңа әдіснама керек, яғни, философия өзінің әр қадамын қайта айқындап, болмысқа қайта назар аударуға тиіс.
ХХ ғасырдың 30 жылдарынан бастап, Хайдеггер батыстың философия тарихына жүйелі түрде қайта түсіндіру жасады. Ол феноменологиялық, герменевтикалық, экзистенциялизмдік тұрғылардан әйгілі философиялық кітаптарды ой таразыға салып, бұл кітаптардағы айқындалмаған алғышарттар мен шатасқан тұстарды көрсетіп берді. Хайдеггердің айтуынша, бүгінге дейінгі философия кестесі дүниені жалаң жағынан жалқы түсінуге негізделген, тоғыспалы толықтық пен жан-жақты қамту кем, яғни, философиялық жалаңдық метафизиканың негізгі белгісі болды.
Хайдеггердің ойынша, метафизиканың осылай жалаң түрде дүниені түсіндіруі қазіргі заман "технологиясында" шегіне жете көрініс тапты. "Технология" ұғымы мұнда "бейтарап тұрған, мақсатқа жеткізетін құрал" ғана емес, қайта біздің дүниені тануымызды өзгерткен нәрсе. Технология себебінен біз қасиетті қара жерді қолданылмалы мағынада түсіндік. Технологияның жаһандануына және оның табиғи байлықтарды тежемсіз пайдалануына қарап, Хайдеггер Технология бойынан қарсы тұру қиын жойқын қатерді көрді. Хайдеггердің пікірінше, өнер қай-қашанда техниканың қарсы жағы есептелді. Әсіресе Гельдерлин өлеңдеріне сүйеніп, жалаң Технологиялық дүниемен байланысудан құтылудың жолын қарастырды. Хайдеггер философтардың метафизика мен эпистемология мәселелерінен құтылып, таза онтологиялық мәселеге беттеуінің әдіснамасын сынақ етті. Оның ойынша таза онтология мәселесі дәл "Болмыстың мәні" мәселесі есептеледі.
Хайдеггер көптеген ойшылдарға ықпал етті. Олардың арасында Ганс Гадамер, Ханс Йонас , Эммануил Левинас , Ханна Арендт , Ксавье Зубири, Карл Левит , Морис Мерло-Понти , Жан-Поль Сартр, Жак Деррида , Мишель Фуко, Жан Люк Нанси , Филипп Лаку-Лабарт қатарлылар Хайдеггер шығармаларын зерттеумен арнайы шұғылданған болатын.
1934 жылы нацистер тағайындаған ректорлықтан бас тартып, нацизмнен бойын аулаққа салғанымен, бәрібір 1933 жылы мамырдан 1945 жылы мамырға дейін неміс ұлттық-социалисттік жұмысшы партиясының мүшесі болуы оның атына үлкен кір келтірді. Оның өз сөзімен айтқанда бұл іс оның "өміріндегі ең сорақы ақымақтық" есептеледі. Оны ақтап сөйлеген Ханна Арендт секілді жақтастар оның нацистерді қолдауын "пенделік жеке қателік" ретінде философиясымен қатысы жоқ іс деп есептеді. Ал, оған сын айтқан Эммануил Левинас. және Карл Левит. секілді оқушылары болса Хайдеггердің нацизммен байланысын кешіруге болмайтын моралдық қателік ретінде бағалап, бұл оның идеясының шикілігін көрсетеді деп есептеді.
1950 жылдардан кейінгі шығармашылығында ол тіл мәселесіна барынша назар аударады. Ол тілдің жетіліп-кемелдеуіндегі тарихи алуан қайнарларын анықтап, метафизикалық жалаңдықтан сақтану ыңғайын қарастырды. Оның әйгілі нақылы — "Тіл - болмыстың үйі" сөзі әлемде кең тараған философиялық тіркестердің бірі есептеледі. Хайдеггер адамды дүниенің орталық тұлғасы деп есептемейді, ол төрткіл дүниемен байланыстар тізбегінде тұрған буын деп есептейді. Адам осынау төрткіл дүниедегі уақыттық байыздаушы қонақ ретінде жер шарын тізгіндеуге берілмей, оны аялауға мән беруі керек.
2)Болмыс- болушының болуы." Болмыс сөзі "бар болу", "өмір сүру", "ғұмыр кешу", "шын болу" секілді мағыналарды беретін ең жалпылық философиялық категория есептеледі.
«Болмыс және уақыт» кітабының бірінші бетінде Мартин Хайдеггер өзінің жазушылық жоспарын ұсынады: "нақты әрі нәзік түрде болмыс мәселесін айқындау – міне осы бұл кітаптың жазылу мақсаты." Хайдеггердің ойынша, дәстүрлі онтология бұл мәселеде шындықты шатастырған, тіпті олар бұл шатасуға назар аудармауға тырысып, болмыс мәселесін жалпылық көріп, "айтпаса да болады" дегендей шетке сыру мәмілесін ұстанған.
Хайдеггер болмысты тануды нақты болушыны (нәрсе) танудан айқын ажыратады. Болмыс мәлім болушы секілді нәрсе емес. «Болмыс болушыны болушы етіп белгілейді, әрі осы себепті болушы танылады, түсініледі.»Болмысты тану арқылы Хайдеггер нақты заттың болу өлшемі мен алғышартын нақты белгілеуге тырысады.
Егер болмыс түсінілсе, онда болмыстың мәні, немесе болмыс сезінісі де айқындалады. "Сезініс" сөзін Хайдеггер "зат сол арқылы түсініледі" деп анықтайды. Хайдеггердің ойынша, болмысты сезіну кез келген болушыны, затты сезінуден бұрын болады, мейлі бұл зат, не болушы қалай болса да, қандай үлгіде бар болса да, болмыс алғашқы ұғым дерлік, нақты тұжырымдауға келмейтін, ғылымнан бұрынғы шындық. Сондықтан Хайдеггер фундаменталды онтологияны "түсінуді түсіндіру" ретінде бағалап, ол логика, теория, нақты онтологияның қолданылым, толғаныс секілді басқа таным үлгілерінен де алғашқы деп есептеді.
Болмыс арқылы ғана болмысқа тұтасуға болатындықтан, болмысты сұрастыру мәлім бір болмыстың болмысын негіз ету арқылы сұрастырудан дерек береді. Хайдеггердің ойынша, болмысты шынайы тану ерекше болушыны алғышарт етеді. Демек, бұл болмысты танудың әдіснамасы герменевтикалық қайталаным шеңберінен ажырай алмайтынымызды көрсетеді. Яғни, болмысты тану қайталану барысында алға жылжитын әрекет болып, ол методологиялық мағынада феноменологиялық түсіндіруді қайта түсіндіруі тиіс. Хайдеггер бойынша, болмысты танитын болмыс тек адам - Осыболмыс болып, адам болмысы өзі болмыс ретінде болмысты тануға қабілетті, онтологиялық қабатта өмір сүре алатын болмыс болғандықтан, болмысты тану адам болмысын – Осы болмысты тануға бағытталу арқылы орындалуға тиіс.
Мартин Хайдеггердің мақаласында фундаментальды онтологиясына, оның мазмұнында диалектикалық логика элементтерінің болуынаталдау жүргізіледі. Егер диалектикалық логиканы түпкі және шексіз өзара қарым-қатынас туралы ілім ретінде анықтаса (басқалармен, аз мәнді, қарама-қайшылықтармен қатар), онда іргелі онтологияда түпкі орнына мән қоюға болады, ал шексіз орынға − Хайдеггер болмыс деп атайды. Болмыс оған қатысты трансцендентті болса да, мәнсіз.Мәннен болмысқа өту логикасы ерекше диалектикалық терістеу арқылы анықталады, ол привация деп аталады. Привация уақыт өте келе экзистенциальды уақытты бір біріне қарама-қарсыға алып келеді. Біруі екіншісіне ауысу сәті онтологияда бейболмыс сияқты.Бейболмыс- уақытты белсендірудің нәтижесі. Уақытты терістеу болмыстың терістеуінен кейін Хайдеггер диалектикасын дәстүрлі терминологияда болмыстың диалектикасы және ештеңе ретінде көрсетуге болады. Алайда, ол Гегель диалектикасынан принципті түрде ерекшеленеді, онда болмыс және бейболмыс абстракцияға толық ұқсастыққа дейін, бірбірімен қандай да бір айырмашылықтарды жоғалтумен жеткізіледі.Уақытты терістеу болмыстың терістеуінен кейін Хайдеггер диалектикасын дәстүрлі терминологияда болмыстың диалектикасы және ештеңе ретінде көрсетуге болады. Алайда, ол Гегель диалектикасынан принципті түрде ерекшеленеді, онда болмыс және еш нәрсе абстракцияға толық ұқсастыққа дейін, бір-бірімен қандай да бір айырмашылықтарды жоғалтумен жеткізіледі.Философиялық дәстүр бойынша ойлаудың диалектикалық тәсілі диалектикалық логикаға негізделеді деп саналады. Егер диалектикалық логиканы түпкі және шексіз өзара қарымқатынас туралы ілім ретінде анықтаса (басқалардың қатарында, аз мәнді қарама-қайшылықтар), онда бұл оны математикамен бір қатарға қояды, ол да шексіз (Герман Вейль) туралы ғылым ретінде анықталады. Бұл жағдайда түпкінан шексіз, математикалық пән тұрғысынан қолайлы ойғаауысудың логикалық формасын ұсыну қажеттілігі туындайды. Хайдеггерде диалектикалық логиканы құру үшін басқа ғылыми база бар. Оның фундаменталды онтологиясы математиканың теориялық-көпше негіздерімен үйлеседі. Л. Г. Антипенко Хайдегерді қолданатын негізгі әдістемелік құрал-сай логикасы бар фундаменталды онтологияны құру үшін, (мета)привацияның логикалық операциясы жұмыс атқарады. Оның авторы былай анықтайды: "егер біз жай ғана жоққа шығармасақ, керісінше, кемшілікті тіркейтін (фиксировать) болсақ, онда мұндай теріске шығаруды привация деп атайды. Алғашқы рет пайдаланылатын философиялық рефлексия үлгісі ретінде Хайдеггер "Софист" Платон диалогын атап өтеді, онда тұтас емес, біртұтас (көп жағдайда біртұтас) болмыстың жетіспеуі бейболмысқа әкеледі деп айтылады. Хайдеггер диалектикалық логика ойлаудың онтологиялық деңгейінен онтологиялық, қысқа айтқанда, болмысқа дейінгі ой-өрісінің бейнелеу құрылымында кездеседі. Осыған байланысты біз диалектикалық терістеу мәнін түсіну керек, нәтижесінде бір қатарға болмысқа бейболмыс қойылады. Хайдегердің міндеті-уақытты оңалту, оғанболмысқа орын беру. Болмыс деңгейінде ойшыл жою, уақыт теңдігі (бейболмыс) жойылады, оның орнына бірінші жағдайда бейболмысқа қарағанда мүлдем басқа мағынасы бар бейболмыс қойылады. Кез келген жағдайда болмыс уақыттың субстанциясы ретінде әрекет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |