Реферат тақырыбы: Материалдық нүктенің динамикасы. Нүктенің заңдары. Релятивистік қозғалыс. Орындаған: Құттыбекова Динара Тобы: МиФ-21-2к Тексерген: Секербаева Гулим Куандыковна Қарағанды 2022-2023 Жоспар



бет3/4
Дата25.11.2022
өлшемі267,5 Kb.
#159859
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Динара реферат

Үйкеліс күші. Механикалық процесстерде денелерге әртүрлі күштер әсер етеді: тартылыс, үйкеліс, серпімділік. Денелердің өзара салыстырмалы қозғалысы кезінде олардың жанасу беттері арасында пайда болатын күштерді үйкеліс күштері деп атайды. Денелердің жанасу беттерінің арасында сұйық немесе газ қабаты болмаған жағдайда үйкеліс сырғанау және домалау үйкелістері болып екіге бөлінеді. Сырғанау үйкеліс күші әрдайым денелердің жанасу бетінің бойымен орын ауыстыруға қарама-қарсы бағытталады. Сондықтан үйкеліс күші әрқашан денелердің салыстырмалы қозғалыс жылдамдығының модулын кемітуге тырысады. Тыныштық үйкеліс күші денелердің жанасу бетіне жанама бойымен бағытталған сыртқы күшіне модулы жағынан тең, бағыты жағынан қарама-қарсы болады. Тыныштық және сырғанау үйкеліс күштері үшін төменгі қатынас орындалады:
(2.2)
Домалауүйкеліс күші (2.3) мұндағы -үйкеліс коэффициенті, ол жанасатын беттердің материалына, өңдеу сапасына тәуелді, қалыпты қысым күші шамасына пропорционал болады, -қисықтық радиусы


Серпімділік күші

Сыртқы күштердің әсерінен дененің немесе оның жеке бөліктерінің пішінінің өзгерісі деформация деп аталады. Деформация кезінде пайда болатын және өзара әсерлесетін дене бөлшектерінің орын ауыстыруына қарсы жаққа бағытталатын күшті серпімділік күші деп атайды. Серпімділік күшін Гук заңы арқылы анықтауға болады. Бұл заң серпімді деформацияның созылу, сығылу, ығысу, бұралу, иілу сияқты түрлері үшін орындалады. Дененің серпімді деформациясы кезінде пайда болатын серпімділік күші дененің ұзаруына пропорционал да, дене бөліктерінің орын ауыстыру бағытына қарама-қарсы бағытталады:


(2.4)
мұндағы -дененің қатаңдық коэффициенті, – орын ауыстыру.
Ауырлық күші.
Денеге әсер ететін ауырлық күші, дененің массасы мен еркін түсу үдеуінің көбейтіндісіне тең, әрдайым перпендикуляр төмен қарай бағытталады:
(2.5)
мұндағы - дененің еркін түсу үдеуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет