Реферат тақырыбы: "Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты"


Тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



бет2/4
Дата08.02.2022
өлшемі25,05 Kb.
#120391
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
инклюзив сож
Кешенді осылыстарды теория б.ша т сіндіру, Кешенді осылыстарды теория б.ша т сіндіру, Кешенді осылыстарды теория б.ша т сіндіру, инклюзив сож, 6 топ элеметтері, SIW 2 Eng
2. Тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

8. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасының мазмұны:


1) күтілетін нәтижелер түріндегі мақсаттар жүйесіне жету есебінен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыруға;
2) ұлттық дәстүрлерге, сондай-ақ жалпы адамзаттық қағидалар мен нормаларға негізделген рухани-адамгершілік және мәдени-әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыруға;
3) тәрбиелеу, дамыту және оқытудың мақсат-міндеттерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптардың, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру деңгейлерінің арасындағы жүйелілік, тұтастық, сабақтастық және үздіксіздік қағидаттарының бірлігін қамтамасыз етуге;
4) балалардың, соның ішінде ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық жағдайларды жасауға;
5) мектеп жасына дейінгі балалардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, ойын қызметінен оқу қызметіне біртіндеп өтуге дайындыққа;
6) жеке тәсілдер негізінде балалардың түрлі іс-әрекеттерінде олардың қабілеттерін, бейімділіктерін, талаптары мен дарындылықтарын дамытуға;
7) мектеп жасына дейінгі балалардың бастауыш мектепте оқуына тең мүмкіндік беруді көздейтін қарапайым қимыл-қозғалыс, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық білім, білік және дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

9. Әрбір жас тобы бойынша дағдыларды меңгеру деңгейі осы стандартқа қосымшаға сәйкес 1, 2, 3, 4, 5-кестелерде келтірілген.


10. Баланың қалыптасқан дағдылары:
1) дене бітімі дамыған;
2) білуге құмар;
3) белсенді;
4) эмоциялық елгезек;
5) үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасау құралдары мен өзара іс-қимыл тәсілдерін меңгерген;
6) өзі, отбасы, қоғам (жақын әлеумет), мемлекет (елі), әлем және табиғат жөнінде алғашқы түсініктері бар;
7) мектепте оқуға қажетті біліктер мен дағдыларды игерген мектепке дейінгі ұйым түлегінің моделін сомдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет