Реферат Тақырыбы: Металдардың электрхимиялық коррозиясы


Темір үшін Пурбе диаграммасы



бет4/6
Дата20.12.2021
өлшемі102,61 Kb.
#104273
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Электрхимиялық коррозия
Электрхимиялық коррозия, Электрхимиялық коррозия, Электрхимиялық коррозия
Темір үшін Пурбе диаграммасы

Темір – су диаграммасын сурет бойынша қарастырамыз. Диаграмманы салуда, алдын ала темір 25°С-тағы сулы электролиттің ерітіндісіне батырылады жəне оның металл иондары концентрациясы 10–6 моль/л тең. Көлденең иілген І сызығы – ерітіндінің рН көрсеткішіне тəуелді сутекті электродтың біртекті потенциалын, ІІ сызығы – оттекті электродтың біртекті потенциалын береді. Ерітідінің рН көрсеткішін бір бірлікке көбейткенде, осы екі потенциал 0,059В-қа кемиді.

    • мен ІІ сызықтар аралығында, судың термодинамикалық тұрақтылығының аймағы орналасқан. І сызығынан – төмен сутегінің бөлінуімен, суды қалпына келтіру процесі жүреді. Ал сызығынан – жоғары аймақта оттегінің бөлінуімен, судың тотығу процесі жүреді. Үздіксіз сызықтар φ жəне ерітіндінің рН көрсеткіші потенциалдардың əр түрлі мəндеріндегі темір коррозиясының бəсендігі мен тұрақтылығының аймақтық шекараларын анықтайды.

Темір – су жүйесі үшін Пурбе диаграммасы

Барлық иілген сызықтар ерітіндінің рН көрсеткішіне тəуелді тотығуы, тотықсыздану процестерінің тепе-теңдігіне сəйкес келеді:

2+ + 3Н2О↔ Fe(OH)3 + 3H+ + е (1 сызық).

(VFe)қ = 1,057 – 0,1773 pH - 0,0591lgaFe2+, B

Көлденең сызықтар рН ерітіндінің көрсеткішіне тəуелді емес тепе-теңдіктерге сəйкес келеді:

Fе ↔ Fе2+ + 2е (2 сызық). (VFe)қ = –0,440 + 0,295lgaFe2+, B

Тік орналасқан сызықтар потенциалға тəуелді емес тепе-теңдіктерге сəйкес келеді:

3+ + 3Н2О↔ Fe(OH)3 + 3H+ + å (1 сызықтың тік орналасқан аймағы). lgaFe3+ = 4,84 – 3pH

Fe(OH)2 ↔ ÍFeO 2- + H+ (3 сызық). lgaHFeO2 = –18,30 + pH

Диаграммадағы А нүктесі Fе2+ ионымен тепе-теңдік күйде болатын темір электродының потенциалына сəйкес екенін ескере кетелік. Осы диаграмманың көмегімен темір коррозиясының тежелу əдістерін анықтауға болады:



  • ерітіндінің рН көрсеткішін жоғарылатумен ( суреттегі В нүктесі);

  • катодтық поляризация жолымен жəне металдың термодинамикалық тұрақты күйінде болатын темірдің электродтық потенциалының мəнін, С нүктесіндегі тұрақты аймағына сəйкес келетін мəнге дейін кемітумен;

  • анодтық поляризация жолымен жəне металды коррозиядан қорғайтын, темір оксидінің беткі қабытында қорғаушы қасиетімен жабысып өсетін жұқа, тұтас қабыршықты түзуде пайда болатын, бəсеңділік аймағының мəніне сəйкес (D нүктесі) келетін мəнге дейін, темірдің электродтық потенциалының мəнін жоғарылатумен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет