Данные – Сортировка командалары мәліметтер базасын сұрыптап, белгілі бір ретке келтіріп оларды қайта орналастырады. Ол үшін Мәліметтер базасының бір аумағын ерекшелеп немесе сол аумаққа кестелік бағыттауышты орналастырып, Данные – Сортировка командаларын орындау керек. Сонда аралықты сұрыптау сұхбат терезесі мониторға шығады. Сол терезедегі сұрыптау деген жолдағы сұрыптауға негіз болатын өріс атауын таңдап алу қажет. Осыған қоса оның қасындағы сұрыпталудың өріс мәндерінің өсуі бойынша, не кемуі бойынша деген екі мүмкіндігінің бірін ерекшелеп, соңында ОК-ға басу керек. Осы әрекеттерден кейін мәліметтер реттеледі, ал символдық өрістер алфавит бойынша реттеледі.