Мойын бұлшықеттерінің топографиясы бойынша жіктелуі:
I. Көмей мен ірі тамырлардың алдында орналасқан бұлшықеттер:
- беткей бұлшықеттер: m.platysma; m.sternocleidomastoideus;
- тіласты сүйегіне бекитін бұлшықеттер:
а) os hyoideum-нен төмен орналасқандар: mm.omohyoideus, sternohyoideus, sternothyroideus, thyrohyoideus;
б) os hyoideum-нен жоғары орналасқандар: mm.digastricus, mylohyoideus, geniohyoideus, stylohyoideus.
II. Терең бұлшықеттер:
– латералді топ: mm.scaleni anterior, medius, posterior;
– медиалді топ: mm.longus capitis, longus colli, rectus capitis anterior, rectus capitis lateralis
Беткей бұлшықеттер
Мойынның теріастылық бұлшықеті: platysma (m. subcutaneus colli)
- басталатын жері: lamina superficialis f. pectoralis propriae
- бекитін жері: fascia parotideae m. masseterica-ға ауысады, беттің кейбір бұлшықеттеріне жалғасып кетеді: m. depressor labii inferioris, m. Risorius
- қызметі: мойын терісін тартады, сөйтіп беткей веналармен қанның ағуын жеңілдетеді; алдыңғы будалары езуді төмен тартады.
Достарыңызбен бөлісу: |