Тұтынымдық қасиеттер – тауардың тұтынушы талабын қанағаттандыруға бағытталған сипаттамалары.
Бәсеке формалары
Cала ішілік бәсеке – бірдей қажеттіліктерді қанағаттандыратын, бағасы, сапасы немесе ассортименті бойынша ерекшеленетін бірдей тауарлар арасындағы бәсеке.
Сала аралық бәсеке – әр түрлі сала тауарлары арасындағы төлем қабілетті сұраныс үшін болатын бәсеке
Функционалдық бәсеке – қажеттіліктерді қанағаттандыратын тауарлардың бір-біріне қатысты бәсекелестік жағдайы.
Тауардың немесе қызметтің түріне байланысты бәсеке – бірдей қажеттілікті қанағаттандыратын, бірақ бір-бірінен маңызды сипаттамалары арқылы ерекшеленетін тауарлар арасындағы бәсеке.
Заттық бәсеке – барлық жағынан бірдей тауарлар арасында болатын бәсеке.
Достарыңызбен бөлісу: |