Реферат тақырыбы: Плаун тәрізділер Орындаған: Суйеркулова д тобы: Ап-21-1к Қабылдаған: Сапарханова А



бет2/6
Дата11.05.2022
өлшемі47,62 Kb.
#142161
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Плаун тәрізділер

Мүк тәрізділер бөлімі Bryophyta
Бұл бөлімде өмір сүруі ылғалы жеткілікті, көп жағдайда тіпті аса ылғалды ортамен байланысты болып келетін жоғары сатыдағы өсімдіктер жатады. Аздаған мүк тәрізділер ылғалы жеткіліксіз обылыстарда өмір сүреді. Мысал ретінде оған жасыл мүк туысының Tortula desertorum және басқа түрлерін, Riccia – ның көптеген түрлерін алуға болады. Бұл мүктер жылды құрғақ мезгілінде тыныштық күйде болады да, ылғал түсісімен өсуін жалғастырады. Мүк тәрізділердің қарапайым түрлері сабаққа және жапыраққа бөлінбейді. Олардың вегетативтік денесі талломнан немесе слоевищиден тұрады. Жақсы жетілген мүк тәрізділер нағыз жапырақты сабақты өсімдіктер болып келеді. Барлық мүк тәрізділердің тамырлары болмайды. өсімдіктердің субстратқа бекінуін және топырақтан ылғалды қабылдау қызметін ризоидтары атқарады. Ризоид дегеніміз сыртқы клеткаларда болатын өсімдіктер. Өткізгіш системасы шоқ түрінде болмайды, тек кейбір өкілдерінде (жапырақты сабақты мүктерді ішінде Роіуігісһасеае түқымдасында) трахеидтер мен сүзгілі түтіктерге ұқсас өткізгіш элементтері пайда болады. Олар баска жоғары сатыдағы өсімдіктердің орталық цилиндрінің құрылысына ұқсас жобада пайда болады.

Негізгі бөлім
Мүк тәрізділерді басқа жоғары сатыдағы өсімдіктерден ерекше бөліп тұратын негізгі бір белгі, ол бұлардың даму циклінде гаметофитінің (жыныстық ұрпақтың) басым болуы және спорофитінің (жыныссыз ұрпақтың) біршама нашар жетілуі. Сонымен бірге спорофитінің тіршілігі барлық уақытта гаметофитпен байланысты. Спорофит мүк тәрізділерде спорогон деп аталады. Ол ішінде спорасы, төменгі жағында сағағы (тірсегі) бар қорапшадан тұрады. Сағақтың (тірсектін) төменгі жағы емшек тәрізді жуандап келген, оны гаусторий деп атайды. Осы гаусторий арқылы спорогон гаметофиттің денесіне еніп, одан өзіне қажетті қоректік заттарды алады. Мүк тәрізділердің спораларынан протонема (алғашқы жіпше, өскінше) дамиды. Ол балдырға ұқсас жіп немесе табақша (пластинка) пішінді денешік. Протонеманың сырт қарағанда толық жетіліп қалыптасқан өсімдіктен айқын айырмасы болады. Кейде ол аса үлкен болып жетіледі. Протонема тікелей мүк өсімдігіне айналады, не болмаса бүршіктер түзеді. Осы бүршіктерден келешегінде нағыз мүк өсімдігі пайда болады. риниофиггердің ертеректе туыстық жақындықтарының болғандығын және олардың арғы тегінің бір екендігін көрсетеді. Ал риниофиттердің қалған жоғары сатыдағы өсімдіктердің алғашқы бастамасы болып келетіндігі белгілі. Мүк тәрізділер мен риниофиттер жер бетіндегі өсімдіктердің ең қарапайым түрлерінен пайда болған. Шамасы ол өсімдіктердің гаметофиттері мен спорофиттері бірдей дамыған болса керек. Одан әрі дамудың барысында Bryophyta -ның гаметофиті негізінен жақсы жетіліп, ал қалған жоғары сатыдағы өсімдіктерде керісінше спорофиті профессивтік бағытта дамып, гаметофиттері редукцияға ұшыраған. Сонымен Bryophyta эволюцияның дараданған жеке бір бұтағы болып есептелінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет