Реферат Тақырыбы: Психологиялық конфликтілердің түрлері Қабылдаған: Сахиева. Ф орындаған: Маденбек. Ә


Адекватты емес өзін - өзі бағалау конфликтісі



бет6/7
Дата13.12.2021
өлшемі39,09 Kb.
#125072
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Психологиялық конфликтілердің түрлері

4. Адекватты емес өзін - өзі бағалау конфликтісі. Тұлғаның  өзін-өзі  бағалау  адекваттылығы  оның  сыншылдығына, өзіне талап  қоюшылығына, табыстар мен  сәтсіздіктерге деген  қатынастарына  тәуелді. Талаптанулар  мен  өз  мүмкіндіктерін  бағалау  арасындағы айырмашылықтар адамда  жоғары мазасыздану, эмоционалдық  олқылықтардың  және т.б. пайда  болуына  әкеп  соқтырады (Петровский, Ярошевский, 1990). Адекватты  емес  өзін-өзі  бағалау  конфликтілерінің   ішінен   тым  жоғары  өзін-өзі  бағалау  мен  өз  мүмкіндіктерін  шынайы  бағалау  ұмтылыстарының   арасындағы  (Юферова, 1975), өзін-өзі  бағалаудың  төмендігі  мен  адамның  обьективті жетістіктерін  ұғыну  арасындағы, сондай-ақ бір жағынан, максималды  табысқа  жету  үшін  талаптануды  көтеруге, ал екінші  жағынан, сәтсіздіктерге  ұрынбау  үшін  талаптануды  төмендетуге  ұмтылыстың  арасындағы (Хекхаузен, 1986). Конфликтілерді  бөліп  көрсетеді.

  5. Тұлғаішілік  конфликтілер  қоршаған  орта, оның ішінде  әлеуметтік орта тұлғасына  ықпалын тигізбей  пайда болмайтындығы  баршаға мәлім. «Таза», тек қана ішкі әрекеттер себебіне  байланысты  пайда  болатын  тұлғаішілік конфликтілер жоқ.

  Конфликт  негізінде  жатқан  қайшылықтардың   табиғатына  сүйене  отырып,  оларды екі  топқа  бөлуге  болады:

1. Адамға қатысты  сыртқы  обьективті  қайшылықтардың  ішкі  әлемге  өту  нәтижесі ретінде  пайда  болатын  тұлғаішілік  конфликтілер  (мотивациялық, адаптациялық, конфликтілер және т.б.)

2. Тұлғаның  қоршаған  ортаға  қатынасын көрсететін, ішкі  жан – дүниесінің (ішкі әлемінің)  қайшылықтарынан  пайда  болатын  тұлғаішілік   конфликтілер (мотивациялық  конфликтілер, адекватты  емес  өзін-өзі   бағалау  конфликтісі). Е.Донченко  мен  Т.Титаренко (1989) психологиялық  қайшылықтар   дамуының  үш деңгейін  бөліп  көрсетеді:

- тұлғаның  ішкі  жан дүниесінің  психологиялық  тепе- теңдігі;

- тепе- теңдіктің  бұзылуы, іс әрекеттің  негізгі  түрлерінің  шиелінісуі, қиындауы, психологиялық  дискомфортты  жұмысқа проекциялау, қоршағандармен  қарым-қатынас (тұлғаішілік  конфликт);

- жоспар мен   бағдарламаларды  жүзеге  асырудың  мүмкін  болмауы, «өмірдің үзілуі», қайшылық (өмірлік  дағдарыс) жойылмайынша, өз өмірлік  функцияларын  атқарудың  мүмкін  еместігі.

  Осы  деңгейлердің  әрбіреуінде  қайшылықтарды  шешу  мүмкін  болады. Бұл мүмкіндік адамның  қалыпты  өмір  сүруіне  не  қажеттігіне, оның  қандай мұқтаждықтарына  орындалмау қаупі төніп  тұрғандығына байланысты  былай болуы да мүмкін; яғни адам  бүкіл өмірін  қарапайым  қажеттіліктерді қанағаттандыруға  арнай отырып, ішіп-жедік, енді ұйықтауға  болады: ұйықтадық, енді ішіп-жеуге  болады  сызбасы  бойынша өмір сүре  отырып  тұлғаішілік- конфликтіге дейін  жетпейді. Бірақ  көбінесе  қайшылық  ары қарай  дамиды, ішкі конфликтіге ұласады. Неге былай  болады?

  Тұлғаішілік конфликтілердің  салдарлары. Тұлғаішілік  конфликтінің   жағымды  және жағымсыз  салдарлары бар. Тұлғаішілік  конфликтілер  конструктивті (продуктивті,  оптимальді) және  деструктивті (адамның  тұлғалық  құрылымдарын  бұзушы).

  Конструктивті  болып дау-дамайға түсушілердің  максимальды  дамуымен және  оны шешуге  максимальды  тұлғалық  шығындардың жұмсалуымен  сипатталатын  конфликт  табылады. Конструктивті  түрде  жеңуге болатын  тұлғаішілік  конфликт  тұлғалық  дамуды үйлестіру  механизмдердерінің  бірі болып  табылады.

  Бала дамуының  ерте кезеңдерін талдай  отырып,  В.М.Афонькова (1974), Л.И.Божович (1981)  ішкі  конфликтілердің  психикалық  өмірді  қиындататын  оның  қызмет көрсетудің  жаңа  деңгейлеріне  өтуіне  мүмкіндік  беретіндігін  атап  көрсетеді.

  Қолайлы тұлғаішілік  конфликт моральдық  дамудың  негізгі  ретінде қарастырылады. Индивид ішкі тұлғалық   қайшылықтар  мен  конфликтілерді  шешу  негізінде  өзін тұлға ретінде ұғынады (Столин, 1983). Позитивті  түрде  шешілген  конфликтілер  мінезді, мінез-құлықтың  тұрақтылығын,  кездей –соқ  жағдайларға  тәуелсіздікті  шыңдайды, тұлғаның  тұрақты  бағыттылығының  қалыптасуына  мүмкіндік  береді. (В.С.Мерлин « психологиялық  конфликтілер  мінез-құлықтың  жаңа қырларын  қалыптастыруда  және  тұлғаны  түпкілікті  өзгертуде  маңызды  рөл  атқарады (1964) деп санады.

  Тұлғаішілік  конфликт  өз  кезегінде  тұлғаның  өзін-өзі тануы  мен  өзін-өзі дамытуына көмектесетін  адекватты  өзін-өзі  бағалаудың  қалыптасуына  мүмкіндік  береді.



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет