Оку пәні ретіндегі ғылыми білімдердің нақты жүйесін баяндау ең алдымен оның пәнін қарастырудан басталады. Ғылым ПӘНІНІҢ бөлінуі, оның негізгі өлшемдерінің айқын белгіленуі қарастырылып отырған білімдерді біртұтас ғылыми-методологиялық негізге ие тұтастыққа біріктіруге мүмкіндік береді. Ғьлым пәні қарастырылып отырған ғылыми білімдер жүйесінің тәуелсіздігі мен дербес дамуының түпкілікті шарты болып табылады. Белгілі дәрежеде ғылым пәнінің өзінде алдын ала анықталғандық пен тапсырыстық тұрғыдағы емес, дамудың рационалды-логикалық негізі тұрғысындағы ғылыми білімнің нақты жүйесінің даму мүмкіндігі жасырынған қалыпта болады. Кез келген ғылым пәнінің бірден дайын күйінде берілуі мүмкін емес, ол пайда болудың, калыптасудың ұзақ жолынан өтуі керек, өйткені ол объектінің жай ғана бөлігі ғана емес, осы бөліктің идеалды конструкциясы да. Бұл процесс жаңа ғылымның өзінің жеке пәнімен бірге бөлінуінің, тармақталуының негізіндегі ғьлыми білімдердің жалпы жүйесінің шеңберінде іске асады. Саяси білімдер де осындай жалпы жүйелердің бірі болып табылады. Тарихи тұрғыда саяси білімдер қоғамдық ғылымдардың әрқилы жүйелерінде қалыптасып дамыды: тарихи ғылымдарда саяси қатынастардың даму тарихы ретінде қандай да бір елдегі мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызмет етуінің тарихы мен саясаттың әрқилы субъектілерінің іс-өрекеттерінің тарихы қарастырылады;
заң ғылымдарында мемлекеттік құқықты зерттейтін ғылыми іс-әрекет ретінде; философияда саяси қатынастар мен биліктің дүниетанымдық , моральдық-этикалық, әлеуметтік, психолоғиялық негіздерін көрсететін рефлексия ретінде қарастырылды. Қазіргі кезде адамзат проблемалық аспектілердің көлемінің кеңдігін ескере отырып саясатты, саяси шешімдер мен іс-әрекеттерді аса мол әлеуметтік маңыздылығына және оған баламаның жоқтығына байланысты бірінші орынға шығарды.
Біздің ойымызша, саясаттану пәнінің анықтамасына осы кіріспе қажет, өйткені саясаттану ғылым ретінде өзінің жеке пәнін қалыптастыруды және методологиялық базаға, ғылыми аппаратқа және білім жүйесін қолдану ареалына ие дербес, теориялық тұрғыда жетілген ғылымға айналу процесін басынан кешіруде.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Теориялық саясаттану. Оқулық. — Алматы: Издательский центр ОФППИ «Интерлигал», 2005. ISBN 9965-537-99-2
Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.ISBN 9965-32-491-3