Реферат тақырыбы: Сепсис Орындаған: Өмірзақ Бағдат Өмірзақұлы 630-топ Алматы-2022 Сепсис



бет2/3
Дата11.05.2022
өлшемі25,24 Kb.
#142381
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
БАХА СЕПСИС

Сепсистің патогенезі бірнеше фактолардан тұрады.1. Микробиологиялық фактор (бактериялардың түрі, вируленттілігі, мөлшері, әсер ету мерзімі ). 2. инфекцияның ену ошағы (орны, түрі, өліеттенген тіндердің мөлшері, инфекция түскен жердің қан айналымы, инфекцияның таралу жолы және т.б.). 3. Адам ағзасының реактивтілігі (ағзаның иммундық статусы, мүшелерінің жағдайы). Аталған факторлардың ішінде ең негізгісі макроорганизмнің иммундық қабілеті. Иммунитеті әлсіз адамдарда кіші-гірім жаралар сепсиспен асқынса, басқаларда асқынған көлемді жаралар жақсы жазылады. Іріңді қабыну немесе жаралар бірнеше сағаттан кейін сепсиспен асқынса, ол ерте дамыған сепсис деп аталады. Аталған жағдайда сепсистің даму мерзімі ұзақ болса, сепсисті кеш дамыған түріне жатқызамыз. Ерте дамыған сепсистің ағымы қысқа мерзімді және өте ауыр, аллергиялық реакция сияқты өтеді. Кеш дамыған сепсис баяу түрде өтеді. Науқастың организмін микробтардың және өліеттенген тіндердің токсиндері ұзақ уақыт уландырып сенсибилизация, аллергияға ұшыратады. Иммундық қабілетін төмендетіп, іріңді инфекцияның жайылуына әкеледі. Макроорганизмнің ерекшеліктеріне келсек, әйелдерге қарағанда, ерлерде сепсис екі есе жиі кездеседі, ал балалар мен қарттарда және гормоналды препараттарға тәуелді науқастарда (қант диабетінің ауыр түрі, бүйрекүсті безінің жетіспеушілігі) сепсис ауыр, жайылған түрде өтеді. Сепсис ауруының дамуы, ағымы, ауырлығы қоздырғыштың түріне де байланысты болып келеді. Мысалы стрептококты сепсиске іріңдіктердің метастазы тән емес, себебі стрептококктар қорытып шығаратын фибринолитикалық әсері бар фермент стрептокиназа, фибрин түзілуін тежеп, стрептококтардың тіндерде шоғырлануына кедергі жасайды. Стафилококтар тіндерде фибрин түзілуіне ықпал етіп, өздері тіндерде шоғырланады, соның салдарынан стафилококты сепсис 90 – 95% іріңді метастаз береді. Регионарлы көктамырларда флебит, тромбофлебит, перифлебит дамиды. Тромбоэмболия салдарынан мүшелер, тіндерде екіншілік іріңдіктер түзіледі. Екіншілік іріңдіктер көбінесе теріасты майында және өкпеде түзіледі. Сепсис дамуына ықпал ететін жағдайлар – шок, анемия, жарақаттанулар, авитаминоз, кахексия, эндокринді аурулар.
Сепсистің патолого-анатомиялық көріністерінде ерекше өзіне тән өзгерістер болмайды. Тіндерде тромбофлебит, қанталау, ішкі мүшелерде дегенеративті өзгерістер, метастазбен өтетін сепсисте іріңдіктер анықталады. Септицемия кезінде байқалатын патанатомиялық өзгерістер: мәйіттің денесі сарғайған, тез арада шіриді, қаны гемолизге ұшырайды. Тіндер, серозды қуыстар қанталайды, мүшелерде дегенеративті өзгерістер орын алады, көкбауыр үлкейеді, септикалық эндокардит, плевропневмония, нефрит, пиелит, менингит, тонзилит орын алады. Септикопиемия кезінде аталған өзгерістерден басқа көптеген мүшелерде метастазды іріңдіктер анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет