Сертификаттаудың қатысушылары
Сертификаттау жүйелеріне үш түрде қатысуы мүмкін: стандарттау жүйесіне жіберіледі; стандарттау жүйесіне қатысу; стандарттау жүйесіне мүше болу.
Стандарттау жүйесіне жіберіледі дегеніміз - өтініш берушілер осы жүйенің ережелеріне сәйкес өнімді сертификаттаудан өткізуі мүмкін.
Сертификаттау жүйесінің қатысушысы – осы ережелерге сәйкес күші бар және жүйеде басқаруға қатысатын немесе басқаруға мүмкіндігі бар орган.
Сертификаттау жүйесінің мүшесі - осы жүйе ережелеріне сәйкес күші бар және жүйе басқаруда қатысуға немесе басқаруға мүмкіндік беретін орган.
Сонымен бірінші қатысу түрі әзірлеуші-өндірістерге, өнім жеткізушілерге жатады, ал қалған екі түрі сертификаттау органдарының ұлттық, аймақтық және халықаралық сертификаттау жүйелерінде жұмыс атқаруына қатысты.Мойындау жөніндегі келісім
Мойындау жөніндегі келісім – бір немесе бірнеше сертификаттау жүйесінің атқарымдық элементін қолданудан алынған, басқа тараптармен ұсынған нәтижелері бір тараптар қабылдауда негізделген келісім.
Бұл келісімдер жалпы немесе жеке нәтижелерге қатысты болу мүмкін, мысалы “сынау жөніндегі келісім”, “бақылау жөніндегі келісім” және т.б. Мойындау жөніндегі келісім ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейде бекітіледі.
Бір тарапты келісім - екінші тараптың жұмыс нәтижелерін бірінші тараппен қабылдау.
Екі тарапты келісім – бұл өзара мойындау келісім, яғни басқа тараптың жұмыс нәтижелерін әрбір тараптармен қабылдау.
Көптарапты келісім – бұл екіден астам тараптардың жұмыс нәтижелерін өзара қабылдау.
Осындай келісімдерде қатысу тараптардың құқықтары мен міндеттері бірдей болуы мүмкін. Бірақ кейбір жағдайларда тараптардың мүмкіндіктері әр түрлі болғандықтан, келісім қатынастары эквивалентті еместігін екі жақты келісімде еске алу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |