Байланысты: Шеткерлі жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер
Шеткерлік жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілік заттар Рефлекторлық доғаның түрлі, бөлімдерінің құрылым- қызметтік ерекшеліктеріне сүйене отырып, афферентті және эфферентті заттардан әсер ететін дәрілік заттарға бөлінеді.
Афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер. Бұл тежегіш және қоздырғыш қасиеті бар дәрілік заттардың қасиетін сипаттайды. Тежегіш дәрілік қасиеті бар заттар келесі түрде әсер етуі мүмкін: а) афферентті жүйке ұштарының сезімталдығын төмендетеді; б) сезімтал жүйке ұштарын қоздырғыш агенттерден сақтайды; в) афферентті жүйке талшықтары бойымен қозудың өтуін тежейді. Ал қоздырғыш қасиеті бар препараттар сезімтал жүйкелердің ұштарын таңдамалы қоздырады.