Реферат Тақырыбы: Сөйлеу Тексерген: Қуанәлі м орындаған: Әбілқасым а 2020-2021 оқу жылы Жоспар І. Кіріспе



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі30,78 Kb.
#92909
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Психология Әбілқасым А

Қорытынды
Әр ұлттың өкілі қандай бір нәрсе туралы ойласа да, алдымен өз тілінде ойлайды.Осындай кезде адам ішкі сөйлеуін пайдаланады.Ішкі сөйлеу сол тілді шала білетін адамда тумайды.Ол басқа адамдармен тікелей қарым – қатынас жасауға арналмаған.Оны адам өзінің ойлау әрекетінің ішкі мақсаты үшін пайдаланады.Ішкі сөйлеуді сөйлеу аппаратының жасырын жұмысы деуге де болады.Өйткені, мұнда оның жұмысы жөнінде еленбейді.Тек тиісті аспаптармен зерттегенде ғана сөйлеудің осы түрінің де кинестезиялық тітіркендіргіштерге орай туып отыратындығы анықталған.Ішкісөйлеу жөнінде И.М.Сеченов «Бес жастағы баланың ойы сөзбен немесе сыбырлап сөйлеумен немесе тіпті тілдің қозғалуы,еріннің жы – бырлауымен айтылады.Мұның өзі ересек адамдарда да (тек түрлі дәрежеде болуы мүмкін) жиі кездеседі.Мен тіпті өзімнен де білемін: ойымның, ауыздың жабық, қозғалмайтын күйінде де тілсіз сөйлеумен,(яғни ауыз қуы – сында тілдің бұлшық еттерінің қозғалуымен) қоса қабаттасуы өте жиі болады. Барлық жағдайда да басқалардың алдында бір ойға баса наза аударғым келсе, оны алдымен дереу сыбырлап айтып аламын».Ішкі сөйлеу өте қысқа, икемді болып келеді.Өйткені, адам әр кез өз ойлауының мазмұнын жақсы біліп отырады.Сондықтан оған осы жөнінде ұзақ тұжырым жасап жа – тудың қажеті де болмайды.
Қарым – қатынастың негізгі түрі сөйлеумен бірге оның басқа да түрлері бар екендігі (ымдау, жылау, қас қағу, беттегі, денедегі әр түрлі қозғалыстар, стенографиялық жазу, Морзе әліппесі, әр түрлі таңбалар,т.б.), мұны тиісті жерінде пайдаланып отыруымыз қажет екендігі де естен шықпай тиіс.
Тіл, сойлеу ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой-санасын дамытып жетілдіруде аса маңызды рөл аткарады. Сөз ойлы да, мәнерлі де болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғын-дай екен» дейді. Ескі қазақ жүртының ғүлама ғалымы Жүсіп Баласағұн «Ақылдың көркі тіл, тілдің көркі сөз» деп тауып айтқан. Тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшелерінің игілігіне айналады. Ал жеке адамның жеке санасы да сыртқы ортаның ыкналымеп, оқу-тәрбие процесінің әсерінің нәтижесінде үздіксіз дамып отырады. Бүл екеуінің дамуы бір-бірімен шарттас. Адамдардың арасында қатынас құралы ретінде тілдің қызмет атқаруы, оның негізгі қызметі. Тіл сондай-ақ, адам сана-сезімінің, психологиясының көрсеткіші де. Тіл адамды қимыл-әрекетке де итермелейді. Бұл оның атқаратын екінші қызметі. Тілдің бұл екі қызметі өзара тығыз байланыста болады. Олар үнемі қатарласа, бірі екіншісін демеп, кейде қарама-қарсы бағытта жүріп отырады. Мәселен, «Мүғалім келді» деген сөйлем-де мұғалімнің келгені жөнінде айтылса, «мүғалім келді ме?» деген сөйлем екінші бір адамды осыған жауап қайтаруға мәжбүр етеді.
Әрбір адам кішкентай кезінен бастап айналасындағы адамдармен пікірлеседі, өзінің күнбе-күнгі сөйлеу тәжірибесінде тілдің мағыналық жағын меңгереді, біртіндеп сөздік қоры молайып отырады. Алгашқы кезде бала көптеген дыбыстарды, жеке сөздерді үлкендерге еліктеу арқылы үйретеді. Осы кездегі сөздері көбінесе жеке, нақтылы болып келеді. Өсе келе өз ана тілінің негізгі сөздік қорын, сол тілдің ішкі зандылықтарын үйренеді, кейін есейе келе тілдің дамуы қогам дамуының көп ғасырлық тарихи кезеңдерінде қалыптасып отыратын құбылыс екенін аңғарады.
Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сойлеу — пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің озінде сойлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін. Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы озара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет етеді. Сөйлеу процесі аркылы адам өзінің білімін, практикалық тәжірибесін байытын кана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақ-талган қогамдық тәжірибай меңгеруге де мүмкіндік алады. Ойдың тілі сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз (М.Жүмабасв).
Сөзді қабылдау және оны үғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұгынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдаудың өзі оны үғынуды қажет етеді. Қабылдау мен үғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды. Интонаңияны қабылдау сойлеу аппаратында, адамның мәнерлі қозғалыстарында түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонаңиясы бойынша іс орындалса, тілек интонациясына келісу немесе келісушілік білдіреді. Адамға тон сейлеу орекетінде екі сипат болуы шарт. Бұларсыз сейлеу өзінің қызметін дұрыстап атқара алмайды. Мұның біріншісі — сейлеудің мазмүндылыгы, екіншісі — оның мәнерлілігі делінеді. Сөйлейтін сөзде мазмүн болмаса, ол өзіндік сөздік мәнін жояды. Сөздің мазмүндылыгы дегеніміз екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындығы. Ойы таяз кісі бос сеөді болады, оның сөзі де айқын, таза болмайды.
Сөздің мәнерлігі дегеиіміз — адамның сейлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. Халық жақсы сөйлсйтін адамдарды «сөзі мірдің оғындай екен» дейді. Мәнерлі сөйлей білудің мұғалімдік мамандык үшін маңызы зор. А.С.Макарснко бұл жөнінде:
«Балалар сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшслігіңізді сезіне алатындай болуы керек»,— дейді.
Сөйлеу әрекеті тиісті анатомиялық аішараттардың (тіл, срін, таңдай, ауыз қуысының бұлшық еітері т. б.) дүрыс қызмет істеуін қажет етеді.
Сөйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік, синтсз-дік қызметінің нәтижесі. Бүл, біріншіден, сөйлеу органдарындап.і қозғалыстарды, жазылған әріптердің түрлерін, тілдегі дыбыс-тарды нозік галдаудан; екіншіден, сөздік сигнаддардың болшскіаі-гш элемеиттерін байланыстырудан керінеді. Физиологнялық тұрғыдан создің мәнін И.П.Павлов былай түсіндіреді: «Егер айналадағы дүниеден алынатын біздің түйсіктеріміз бен елестеріміз шындықтын бірінші сигналдары болып табылатын болса, онда тіл ең әуелі сойлеу оргаңдарынан ми қабығына баратын кинестезиялық тітіркенулер, екінші сигналдар — сигналдардың сигналы болып табылады. Олар шындықтан дерексіздену болып табыладі да, жалпылауға мүмкіншілік береді, ал бұл соңғы бізге ғана тән ең жоғары ойлауды құрайды».
Француз ғалымы Брока «адамдардың ми сыңарларының сол жақ бөлігінде (маңдай қыртысының төменгі жағында) адамның дыбыстап сөйлей алуын басқарып түратын жүйке орталығы бар, ал сөзді қабылдау көптеген анализаторлардың (көру, есту, қозғалыс т. б.) бірлескен қызметін қажет етеді» дейді. Неміс ғалымы Верникс басқа біреудің сөзін есіту мидың сол жақ сыңарындагы самай бөлігінің арт жағында орналасқан жүйке орталығының қызметіне байланыстылығын айтады.
Сөзді қабылдау, оның мәнісіне тусінуде мидың есту, көру, сипау, сипай-сезу, қозғалыс зоналарның бірлескен қызметін реттестіріп отыратын сол жақ ми сыңарыньң төбе, самай, желке беліктерінің қызметі де ерекше. Сөйлеу қабілеті мидың анатомиялык функциясына байланысты болып келетіндігін мына мысалдан жақсы көруге болады. Егер оның сол жақ бөлегі зақым- данса, адам сөйлей алмайтын жағдайға душар болады. Мұндай құбылысты ғылымда афазия деп атайды. Мүның бірнеше түрі бар. Мәселен, бірінде сөйлеу органдары толық сақталғанмен, қиналып сөйлейді, тілі күрмеледі, дыбыс, үн шығару қиынга соғады. Екінші бір түрінде адам өзі сойлей алғанмен, басқа біреудің айтқанына түсінбейді. Мидың бір жеріне қан кұйылу, оның тамырларының тығындалуы, жарақаттанып қабынуы, ісу т.б. афазияның пайда болуына себеп болатын факторлар.
Мұның емін логопед-дәрігерлер жасап отырады.
Сөздік сигналдарды дұрыс анализдей алу адам психикасы дамуының түрлі кезеңдерінде түрліше көрінеді. Мәселен, жас баланың алғашқы кезде дыбыстарға қайтаратын жауап реакциясы жалпылама түрде, яғни генерализация сипатында болады. Балаға «сағат» деген сөзді айтқанда немесе сағатқа қарап сөйлегенде, сол сағатқа ұқсас дыбыстардың жиынтығына назар аударады да, дыбыстың қалай шығып жатқанын дұрыс айыра алмайды. Бұл жағдай баланың ми қабығының анализдік, синтездік жүмысы әлі жонді жетілмегендігін, ягни онда созді дұрыс қабыл-дау, түсіну әлі мардымсыз екендігін корсетеді. Сөзді жалпылай алу — адам ойлауы мен сөйлеуінің ең басты ерекшелігі. Бала мұндай қабілетке тілі шығып, жүре бастағаннан кейін біртіндсп ие болып отырады.
«Сөйлеу», «тіл», «қарым-қатынас» ұғымдарының мән-мағынасы жақын болғанмен, ғылыми тұрғыдан бұлар бір-бірінен ажыратылады. Қарым-қатынас адам іс-әрекетінің ауқымды саласы, ол өмір сүрудің, тыныс-тіршіліктің негізгі арқауы. Сөз бен сөйлеуге қарағанда оның аясы кең, ауқымды. Адам тек сейлесу арқылы ғана қарым-қатынас жасамайды. Ол айналасындағылар-мен түрлі ым-ишара (жест), белгі, таңба (Морзе әліппесі, стено-графиялық жазу, эсперанто т. б.) арқылы да бір-біріне ақпарат (мағлұмат) бере алады. Тіпті, қас қағу, иық пен иекті қозғалту, басты шайқау тағы басқа осы секілді толып жатқан атрибуттар да қарым-қатынастық қызмет атқарады. Халқымыз «ымға түсінбеген дымға түсінбейді» деп өте тауып айтқан. Тіпті күлу мен күлімсіреудің де, жылау мен жыламсыраудың да қарым-катынастық қызмет атқаратыпы белгілі. Сөйлесу қарым-қатынастың негізгі түрі. Мұның неше түрлі нұсқалары болады. Мәселен, қыз-мет бабы жоғары адаммен сөйлесу рәсімі бір түрлі болса, отбасыпда, күрбы-қүрдастарымен пікірлсскенде кісі басқа формада сойлейтін болады. Осы айтылғанға орай сөз арқылы пікірлесу тікелей, жанама, әзіл-қалжың, эмоциялы, иителлект (ақыл —- парасат) түрінде көрініп отырады. «Қарым-қатынас», «сөйлеу» ұғымдарының мән-мәнісін негізінен психология ғылымы карастырады.
«Тіл» ұғымының да (дыбысты тіл) аукымы кең, ол, кобінесе, қоғамдық ғылымдарда (тарих, социология, педагогика т. б.) жиі қолданылады. Тіл жеке адамның еншісі ғана емес, ол бүкіл адамзатқа ортақ қоғамдық құбылыс. Тіл аркылы әр қоғамның ғасырлар бойына жинақтаған рухани мұрасы ұрпақтан ұрпаққа (ауызекі — фольклорда, жазба түрде) жеткізіліп отырылады. Ал «сөз», сөйлеу жеке адамның өзіндік ерекшелігі. Ол жас балада, ересек, не қарт адамдарда, әртүрлі мамандық иелерінде сөз саптаулары түрліше көрінеді. Психология тіпті есі кіресілі-шыгасылы адамдардыц да сойлеу ерекшеліктерін зерттеумен айналысады. Басқа ғылымдар сөйлсудің осы жақтарын қарастырып жатпайды, олар тіл ұғымын адамзат қоғамына ортақ қүбылыс ретінде әр қырынан сөз етеді
Сөйлеу - адамдардың материалдық өзгертуші іс-әрекеті үдерісінде тарихи тұрғыдан қалыптасқан тіл арқылы болатын қарым-қатынас нысаны . Сөйлеу мен тілдің байланысы неде? Бұл сұрақтарға мамандар әр түрлі жауап береді. Кейбіреулері олардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ ,- дейді. Келесілері «Сөйлеу – тіл жұптағы түсінікті тек сөйлеу – индивидуалды табиғаттың феномені, ал тіл психологиялық құбылыс емес, сондықтан ол әлеуметтік, оны зерттейтін психолингвистика болып табылады ,-дейді.
Ф. де Соссюр "Тіл және сөйлеу мәселесі" мәселесін көтереді. Ол тіл мен сөйлеу бір-бірімен байланысты, бірақ бір-бірінен өзгешеліктері бар, екі бөлек дүние. Сөйлеу - тілді қолданудың нәтижесі, ол - индивидуалдық, ал тіл - қоғам мүшелерінің бәріне бірдей дәрежеде міндетті, өзара байланысты таңбалардың жүйесі. Тіл - әлеуметтік сипатқа ие дейді .
Тіл мен сөйлеуді ғалымдар кейде бірге алып қарастырса, кейде екеуін екі бөлек құбылыс деп таниды. Мәселен, немістің көрнекті лингвисі Вильгельм фон Гумбольдт пен орыс лингвисі И.Э.Бодуэн де Куртенэ тіл мен сөйлеуді жеке-жеке ажырата келіп, оларды адамның ойы мен қарым-қатынасына байланысты қажеттіліктен туған үдеріс деп қарастырады .
Ф. де Соссюр тіл мен сөйлеуді ажырата келіп, олардың әрқайсысына тән айырмашылықтарды нақтылап көрсетеді. Автордың айтуынша: Тіл- әлеуметтік, ал сөйлесім – жеке-дара құбылыс. Тіл- тұрақты және ұзақ өмір сүретін үдеріс, ал сөйлеу -тұрақсыз және жиі өзгеріп отырады. Тіл – адамның миымен, санасымен бірге өзі қалыптасатын үдеріс, ал сөйлеу - әркімнің өзі дамытып отыратын үдеріс. Тіл- адамның қарым-қатынасында бәріне ортақ, ал сөйлеуде автордың өз қолтаңбасы болады. Тіл – психикалық құбылыс, ал сөйлеу – психо-физикалық құбылыс. Сөйлеу- адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу – анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, кісінің психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне сүйенеді.
Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамның психикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызша не жазбаша айту, диалог түрінде айту, көпшілік алдында айту, тындаушының білім дәрежесін, жас мөлшерін ескеру т. б.) сай түрліше құрылады. Сондықтан Сөйлеудің коммуникативтік жағдайға сай стилі қалыптасады. Сөйлеу мен тіл бір емес. Егер тіл қарым-қатынас құралы болып табылса, Сөйлеу сол құралдын нақты қолданыста көрінетін түрі болып табылады. Сөйлеуге тән қасиеттер: дауысталутембрлік сипатартикуляциялық анықтықтемпакцент т. Б
Сөйлесу қарым-қатынасының осы екі түрі де жекеше, сондай – ақ көпшілік әрекетінде қолданылады.
Сөйлеу қарым-қатынас эффектісі жоғарылату үшін арнайы коммуникативтік техникаларды қолдану қажет.
Вербалды коммуникативтік техника – бұл ақпаратты монолог және диалог әрекетімен жеткізу, көпшілік алдында сөз сөйлеу, түсінікті және белсенді тыңдаудың қабілеті.
Вербалды коммуникативтік техниканы дұрыс қолдану үшін серіктесінің актуалдық модальностін көрсететін тәсілдерді білуі керек. Модальность және техника жұмысының негізін түсіну үшін келесі жағдайды анықтау қажет. Адамның ой-санасы белгілі бір ортада қызмет ететіні белгілі. Адамның әс-әрекеті мен оның бұрынғы тәжірибесі, сондай-ақ ойдан құрастырған қиялдар мен есте сақталған бейнелер билейді.
Сыртқы өмір және ой-санамен үш модальность арқылы әрекеттеседі – негізгі бейнелер жүйесі, түйсіктер және елестер: визуалдық (көру), аудиалдық (есту), кинестетикалық (сезу),
Негізінде, адамның ақпаратты қайта құрастыру барысында модальностарының біреуі басты болып келеді. Мұндай модальность адамның басты репрезентивті жүйесі деп аталады. Осыған байланысты модальностер 3 группаға бөлінеді:
- визуалдық (ақпаратты бейне ретінде қабылдау және қайта қарастыру)
- аудиалдық (ақпаратты дыбыс және сөз ретінде қабылдау және қайта қарастыру)
- кинестетикалық (ақпаратты түйсіну арқылы қабылдау және қайта қарастыру)
Қарым-қатынаста ақпарат нақты түрде беріледі, егер де ақпарат серіктесінің модальностіне жақын, ұқсас термині қолданылса.
Осыған байланысты коммуникация қарым – қатынасты ақпаратты дербес беру және қабылдауы мәлімет ретінде көрсетіледі, вербалды және вербалды емес жүйесінің визуалдық, аудиалдық, кинестетикалық, аудио-визуалдық, визуалды-кинестетикалық каналдар көмегімен беріледі. Коммуникациялық құралдар мен каналдардың икемді етіп пайдалануы қарым-қатынас әрекеттесуінің мақсатына әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет