Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Суда жүзудің әдіс-тәсілдері
Орындаған: Жұмағұл Ақбота
Қабылдаған:Раймахунова.О.Т
Топ: Мек204
Жүзу спорты
Суда жүзе білу - өмірге өте қажет. Адам баласы ерте заманнан бері суда жүзумен айналысып келеді. Жазғы қапырық, ыстық күндерде адамдар жүздеп, мыңдап жағажайларға - өзен-көлдердің, теңіздердің жағаларына жиналады. Судың жағасындағы таза, салқын ауа, күннің сәулесі, табиғи көгілдір өсімдіктер дүниесі демалысқа өте пайдалы. Әрине мұның бәрі, әсіресе жақсы жүзе білетін адамдарды ерекше рақаттандырады. Жүзу дегеніміз судың бетімен немесе ішімен белгілі тереңдікте қолмен және аяқпен есу қимылдары арқылы адамның ілгері жылжуы. Жүзе білетін адам судағы неше түрлі кедергілерді жеңеді, біреу-міреу суға батып бара жатса, оны құтқ аруды да біледі.
Жүзумен шұғылданудың спорттық жетістіктерге жетуде маңызы зор. Мысалы: суға секіру, су шаңғы спорты, есу желкен спорты және т.б. мұндай спорт түрлерімен айналысу үшін алдымен жүзіп үйрену қажет. Суда жүзудің мынадай спорттық әдіс тәсілдері бар. Кроль – еркін жүзу (етпеттеп және шалқалап), брасс және баттерфляй (баттерфляй кейде дельфин деп те аталады). Спорттық жүзудің осы түрлерімен шұғылданатын адамдар жүзу әдістерін тыңғылықты орындауға дағдыланады.
Спорттық жүзу әдістерінің өзіндік ерекше айырмашылықтары бар: аяқ-қолдың қимылдары, тыныс алу, дем шығару, жүзуді бастау сәттері, т.б.
Мысалы: кроль әдісімен етпеттеп және шалқалап жүзгенде аяқ пен қолдың қимылы кезектесіп орындалады да, ал брасс және баттерфляй әдістерін қолданғанда қол мен аяқ қатар бір уақытта бірдей қимылдайды. Міне жүзудің осы 3 түрі бойынша әлемдік, Олимпиадалық бағдарламаларға негізделген жарыстар өткізіледі.
Жүзу – жүрек, қан тамырлары мен тыныс алу жүйелерін нығайтып, өкпенің тұрақты сыйымдылығын ұлғайтады. Жүйке жүйесін бекітіп, адамның ұйқысын, асқа тәбетін жақсартады, сол себептен дәрігерлер жүзуді емдік амал ретінде ұсынады.
Шомылу және жүзу дене мүшелерінің сыртқы температура өзгерістерінен, салқыннан пайда болатын ауруларға шалдықпай, төзімді болуын тәрбиелейді. Өзен-көлдерде жүзу болса, күннің шуағы мен таза ауа адам денесіне күшті әсерін тигізеді.
Судың ішінде адам салмақсыз болатындықтан, денеге көп күш түспейді де омыртқа жотасы созылады, бұлшық ет талшықтары ұзарады. Соның әсерінен адам тұлғасы сымбаттанып, қимыл-қозғалысы еркін де әсем көрінеді.
Суда жүзудің пайдасы – адамның денсаулығын нығайтады, сонымен қатар өзін таза ұстауға және денесін шынықтыруға көмектеседі.
Суда жүзудің әдіс тәсілдері
Құлаштап жүзу
Құлаштап жүзу – жүзудің ең жылдам тәсілі. Аты айтып тұрғандай екі қолды құлаш сермеп, дененің сол және оң жағын алма-кезек ескек ескендей есу арқылы жүзу стилі. Құлаштап жүзгенде аяқтың қимылы дәл қолдың қимылындай сол ретпен кезек-кезек көтіріліп-түседі. Суда жүзуші адамның беті су астында болатындықтан, дамыл-дамыл дем алып тұру үшін басын бұрып тұрады.
Брасс
Брасс – қолды судан шығармай су ішінде кеудемен ұзыннан жатқан қалпында аяқ-қолдың қатар қимылдауы.
Баттерфляй
Баттерфляй немесе дельфин – жүзудің техникалық жағынан ең қиын әрі шаршататын түрі саналады. Дененің сол және оң жақ бөлігі бір уақытта симметриялы қозғалыс жасайды. Баттерфляй – жылдамдық жағынан құлаштап жүзуден кейін екінші орында тұр.
Шалқалап жүзу
Шалқалап жүзу – құлаштап жүзу тәсіліне өте ұқсас келеді. Құлаштап жүзгенде екі қолды құлаш сермеп, дененің сол және оң бөліктері алма-кезек қозғалса, аты айтып тұрғандай жүзуші шалқалап жүзеді.
Бүйірлей жүзу
Бүйірлей жүзудің – қолданбалы мәні зор. Осы әдіспен жүзе білу көп жағдайда киіммен жүзу немесе зардап шеккен (суға батқан) адамды бір қолмен сүйреп алып шығуға ыңғайлы әдіс.
Достарыңызбен бөлісу: |