Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті: « Тарих археология және этнология»
Реферат Тақырыбы:Тарихи оқыту әдістемесі пайда болуы дамуы, қалыптасу барысына талдау
Орындаған: Батиханов Берік
Тексерген:Кунапина К.
Алматы-2021жыл
Тарихи оқыту әдістемесі пайда болуы дамуы, қалыптасу барысына талдау XX ғасыр басындағы тарихи білім беру
ХХ ғасыр басында педагогтар тарихи білім беру білім беру ісінде оқыту əдістемесіне көңіл бөле бастады. Олар сабақтың құрылымын оқушылардың дербес танымдық əрекетін ынталандырып олардың бойында білімге деген қажеттілікті қалыптастыруға бағыттауға тырысты. Олардың кейбірі бұл жолды көрнекілікпен оқытудан екіншілері оқушылардың реферат пен баяндама дайындау жұмысынан ;
үшіншілері – тарихи дереккөздерін пайдаланудан іздеді. Ал кейбір əдіскерлер тіпті еңбекпен оқыту əдістемесін дəріптеді.
Тарихты оқыту барысында оқушылардың санасында нақты бейне қалыптастыруға ұмтылыс байқалды. Ол үшін карталар мен картиналар,суретті оқу кітаптары пайдаланылды.Саяхаттық жұмыс оқыту процесін ажырамас бөлігіне айналды тарих сабағына өлкетану материалдары кеңінен тартылды.Осындай жұмыстар арқылы оқушылардың бойында дербес жұмыс істей алу дағдысын қалыптастыруға көп көңіл бөлінді.
Осы кезеңде сұрақ жəне жоспар əдісі кең тарады. Оларды мұғалім құрастырып, оқушыларға үй жұмысы ретінде беретін еді.Үйде де,сыныпта да оқулықпен жұмыс істеуге көңіл бөлінді.Оқушыларды мəтінді дұрыс оқуға,оқығаны бойынша жоспар құруға дағдыландырды. Рефереттау жүйесі əдіскерлер Б.А.Влахопулов пен Н.П: Покотилоның ұсынғанжаңалығы болды. Реферат дайындауды олар оқушылардың бойына дербес жұмыс істей алу дағдыларын дарындайтын негізі тəсіл деп білді.Олар оқушының реферат жүйесіндегі əрекеттерді бірнеше кезеңді қамтиды.
Бірінші кезеңде оқушы- ұсынған мақала,брошюра немесе шағын кітапты оқып шығады,конспектілейді.
Екінші кезең бірнеше күрделі кітаптың мазмұнын баяндауға арналады.Оқушы кітап мазмұнымен мұқият танысып,рефераттың жоспарын түзеді,одан əрі өз сөзімен кітап мазмұнын баяндайды.
Үшінші кезеңде бір тақырыпқа арналған бірнеше шағын кітап бойынша реферат дайындалады,ең бастысы-оқушы материалды мазмұндаудың өзіндік жоспарын жасай алуы тиіс.
1917-1930 жылдардың басында мектептерге тарихи білім беру Қайта құрулардың басталуы. 1917жылы қазан айында Кеңестердің Бүкілресейлік ІІсъезінде В.И.Лениннің ұсынуымен А.В.Луначарский басқаратын Халық Ағарту Комиссариаты құрылды. Азаматтық тарихты оқытудың орнына əлеуметтану,еңбек тарихын оқыту ұсынылды.Осылайша тарихи білім беру саласында революциялық қайта құрулар басталды.Оның бастапқы кезеңінде(1917жылдан-1930жылдардың бас кезеңіне дейін)тарихи білім берудің ескі мазмұнынан бас тартып,тарихты оқу пəні ретінде қоғамтанумен ауыстырды.Ал қоғамтану курсының аясында маркстік көзқараспен екшелген жеке фактілерден құралған тарих курсының жекелеген элементтері ғана сақталды.
1918жылы кеңестік еңбек мектебінің негізі қаланды.Жаңа мектепте оқушыларға берілген үй тапсырмасын тексеріп,білімін бағалаудың ұпайлық жүйесі,емтихан,жазалау сияқты тəсілдер жойылды.Оқушылардың сыныптан сыныпқа көшуі,мектепті бітіру мектеп педагогикалық кеңесінің оқушының оқу жұмысын орындауы туралы пікір бойынша жүзеге асты.Сыныптың орнына ұсақ топтарды «бригадаңдеп, сабақтарды зертханалық, студиялық оқу деп атау ұсынылды.
1918 жылдың қазанында РКФСР БОАК бекіткен «Біртұтас еңбек мектебі туралы Ережең төңкеріске дейінгі мектеп жүйесін түгел алмастырды.Ол бойынша еңбек мектебіекі сатыдан тұрды:бірінші-8-бен 13жас(5жыл)аралығы жəне екінші-13-пен 17жас (4жыл)аралығы.
Зерттеушілік əдіс тапсырма- мердігерлікті орындауға негізделеді. Оны мұғалім талдап,жасап,5-6адамнан құралған оқушылар бригадасына орындауға тапсырады.Мердігерлік –тапсырмаларға сұлбаның суретін салу,карта,костюм,қару-жарақ түрлерін жасау,үлгілеу жұмыстары енеді.Бригаданың екі-үш суретшісі жылдық есепке дайындалып,күндіз-түні жұмыс жасайды.Көктемдегі жылдық есеп кезінде ата-аналар мен қонақтар шақырылған мектеп көрмесі ашылады. XІX ғасырдың соңы XXғасырдың басында неміс педагогы Вильгельм Август Лайдың идеялары тарихи материалдарды оқып-үйренуге еңбек əдісі деген атпен қолдау тапты. Оның əдістемесі бойынша оқыту білімнен іс-əрекетке бағыталса, кеңес мектебінде керісінше, іс-əрекеттен білімге бағытталады