НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: “Тауарлы материалдық қорларды дайындау есебі”.
Орындаған: Азимжанов Наиль, БІ-121
Тексерген: Есенгелді Жания Тілекқызы
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ (2022)
Тауарлы-материалдық қорлар – өндіріс циклінде қолданылатын әр түрлі еңбек заттары. Олар өндіріс процесінде тұтынылып, өзінің құнын өндірілетін өнімге толығымен аударады. Бухгалтерлік есептің №7 «Тауарлы-материалдық қорлар есебі» стандарттарына сәйкес тауарлы-материалдық қорларға мыналар жатады:
• Шикізат, материал, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен құрамдас бұйымдар, құрылғылар мн тетіктер, отын, ыдыс (қап, қорап, жәшік т.б.) және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірісте қолдануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған басқа да материалдық қотлар;
• Аяқталмаған өндіріс;
• Мекеменің іс әрекеті барысында сатуға арналған дайын өнімдер, тауарлар.
2 ҚЕБХС (есеп берудің халықаралық стандарттары) сәйкес қорлар екі өлшемнің ең кішсімен өзіндік құнның және өткізудің таза құнымен бағалануы тиіс. Қорлардың өзіндік құнына қорларды қазіргі тұрған жеріне дейін жеткізуге кеткен шығындар мен өңдеуге, алуға жұмсалған шығындар кіреді. «Тауарлы-материалдық қорлар» есебі бухгалтерлік есеп стандарттарына (БЕС 7)сәйкес алуға кеткен шығындарға сатып алу бағасы,шеттен әкелу бажы, жабдықтаушы ұйымдар төлеген делдалдық сыйақылар, көлікті дайындау шығындары мен қорларды алуға тікелей байланысты басқа да шығындар (саудалық жеңілдіктер, артық төлеуді қайтару және т.б. осындай түзетулер алу шығындарын анықтаған кезде қоса есептеледі) кіреді. 7 БЕС 4 т. Сәйкес тауарлы-материалдық қорларды өткізудің таза құны әдеттегі іс-әрекет барысында көзделетін сатуы алым бағасына тең минус сатуды ұйымдастыру мен жинақтап, құрастыру шығындары алынады. Материалдар алу сәтінде нақты құны (синтетикалық есепте) немесе есептік баға (аналитикалық есепте) бойынша көрсетіледі. Материалдарды алудың нақты құны ұйымның осы қорларды дайындау мен жеткізу шығындарынан және сатып алу бағасынан құралады.
Есептік бағалар (алудың жоспарлы өзіндік құны орташа сатып алу бағасымен және т.б.) бойынша материалдарды есептеуде есептік баға ретінде қорлардың құны мен қор алудың нақты құны арасындағы айырма осы шоттаға есептеу арқылы айқындалады.
Баланста материалдар есебі нақты құны бойынша көрсетіледі, осы баға бойынша олар синтетикалық есепте, ал аналитикалық есепте – тұрақты есептік бағалармен (келісім-шарттық немесе жоспарлы есептік) есептеледі.
Егер материалдарды есептеу келісім-шарттық бағалар бойынша ұйымдастырылса, онда олардың нақты құны осы бағалар бойынша материалдар сомасына қосу көлік-дайындау шығындары (КДШ) қосылып шығарылады. БЕС-на сәйкес КДШ құрамына жабдықтау-өткізу ұйымдарына төленген үстеме бағалар, барлық қосымша алымдарымен бірге жүкті тасығаны үшін кіре ақы төлемі, АЭСА мекемесінің қоймасына материалдарды түсіру мен жеткізу шығындары, дайындау орындарында ұйымдастырылған арнайы дайындау кеңселерін, қоймалар мен агенттіктерді ұстауға арналған шығындар, материалдарды алу мен жеткізуге байланысты (жабдықтаушылардан жүк жеткізілгендегі ұйымның жүргізушілері, жүк тиеушілер)және іссапар шығындары кіреді.
Егер материалдар есебі алудың жоспарлы өзіндік құны бойынша жүргізілсе, онда қорлардың нақты өзіндік құны осы бағалар бойынша материалдардың құнына қосу, есептік бағалар бойынша құнынан алу нақты өзіндік құнның ауытқулары есептеліп шығарылады. Жоспарлық-есептік бағаларды КДШ жоспарлы мөлшердегі есепке алынған келісім-шарттық бағалар негізінде АЭСА мекемесі өзі жасайды.
Егер қорлар есебі жоспарлы-есептік бағалар бойынша олардың құнынан материалдардың нақты құнының ауытқушылықтарын жекелей есептеп, жоспарлы-есептік бағалар бойынша ұйымдастырылса, мұндай жағдайда ұйым жоспарлы-есептік бағаларды материалдық құндылықтардың атауы, түрлері және топтарына орай, сол шекте белгілейді, ал ауытқулар өндірістік қор түрлері бойынша есептеледі және ай сайын материалдарды пайдалану есеп шотына, жұмсалған және босатылған материалдардың (КДШ мен ауытқулар талдаушы есеп шоттарында жекелей ескеріледі) үйлесімді жоспарлы-есептік құны есебі объектілеріне есептен шығарылады.
Материалдар есебіне, басқа шығындарға қойылатын талаптар 7 БЕС 7-де тұжырымдалған және есепті ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін олардың өзіндік құнын қалыптастыру тұрғысынан шешіледі. БЕС – 7-нің 6 т. Сәйкес «Тауарлы материалдық қорлардың өзіндік құнына: қорларды алуға жұмсалған шығындар, оларды қазіргі тұратын орнына жеткізуге байланысты көліктік-дайындау шығындары кіреді».
Өндіріске босатылған материалдар құнын анықтаған кезде «Тауарлы материалдық қорлар есебі» 7 БЕС мен ҚЕБХС 2 «Қорлар» ұсынған бағалау тәсілдері қолданылуы мүмкін:
• Орташа өлшемді құн бойынша – есепті кезеңде қозғалысы болған әрбір түрдің, есепті кезең соңында қолданылмағандардың да, өндіріске босатылғандардың да бірлік орташа құнын есептеулер мен анықтауларды қолдануға негізделген.
• ФИФО – есепті кезең соңында есепте тұрған материалдардың құнын ескеріп есепті кезеңде алғашқы сатып алудың өзіндік құны бойынша материалдарды есептен шығаруды болжайды. Яғни алдымен есепті кезең соңында пайдаланылмаған өзіндік құн анықталады.
Қоймадағы және бухгалтериядағы тауарлы-материалдық қорларды құжаттық рәсімдеу мен қозғалысын есептеу.
Қоймадағы материалдық қорлар есебін материалды есептеу карточкаларында жүргізеді.
Карточка номенклатуралық нөмір бойынша материалдардың әрбір түріне жеке ашылады және жартылай толтырылған күйі бухгалтериядан материалды-жауапкершілік адамға қолхат арқылы беріледі. Карточкаға жазуды қоймашылар кіріс және шығыстық құжаттары негізінде жүргізіледі.
Бухгалтерия белгіленген мерзімде тікелей қоймада жазбаларды тексереді және карточкадағы қалдықтарды бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырып, карточканың арнайы жолына қол қояды. Құжаттарды қабылдау қоймада «Құжаттарды тапсыру реестрін» жасау арқылы іске асады. Материалды-жауапкершілікті адамның жұмысындағы ауытқулар анықталған жағдайда бухгалтер бас бухгалтерді немесе басшылықты хабардар етуге тиісті. Ай соңында қоймаға «Материалдар қалдығы кітабы» тапсырылады, оған карточкадан материалдық қорлар қалдығы көшіріледі. Осылайша қоймадағы есеп заттай ал бухгалтерияда қорлардың сақталған орны бойынша ақшаға шағылып көрсетіледі. АЭСА мекемесінің қоймасынан бухгалтерияға түскен «Құжаттарды тапсыру реестрі» тіркелген құжаттармен бірге бағаланады.
Есептің журналдық-ордерлік материалдар қозғалысы есебі тізімдемесі (ведомості) қоймалар бойынша материалдық қорлардың қалдығы мен қозғалысы жайлы және материалды-жауапкершілікті адамдар бойынша мәліметтер жинақтап қаржыланатын есеп тізілімі жинағы қызмет етеді. Оған материалдар қалдығы тізімдемесінен, есепті кезең ішіндегі материалдар қозғалысы бойынша жинақтаушы тізімдемелерден, сондай-ақ материалды-жауапкершілікті адамдардың материалдық есептерінен мәліметтер көшіріледі. Материалдар қозғалысы есебі тізімдемесі синтетикалық есептің мәліметтерін материалдарды талдаушы есеп көрсеткіштерімен үйлестіруге арналған. Түскен материалдық қорлар құны синтетикалық шоттар шамасындағы немесе белгіленген есептік топтар бойынша келтіріледі. Сонымен қатар, тізімделсе де алынған материалдардың нақты өзіндік құнының есептік бағалар бойынша құннан ауытқулары есебі жүргізіледі. Материалдардың қозғалысын есептеу тізімдемесі, сондай-ақ шығындарды бағыттау бойынша (синтетикалық шоттар, қосалқы шоттар (субшоттар)) материалдар шығынын бөлуге де қызмет етеді.
«Материалдар кірісі бойынша жиынтық мәліметтер мен ауытқулар есебі» атты бірінші бөлігі ай ішінде түскен материалдардың есептік құны мен нақты құны бойынша жиынтық мәліметтерді көрсетуге арналған. Бұл мәліметтер көлік дайындау мен объектідегі қоймаларға дейін жүк жеткізу бойынша басқа да шығындарды, темір жол алымдарын және тағы басқа «материалдардың өткізу бағасынан тыс жүргізілген төлемдер кіретін, материалдық қорларды алу мен дайцындауға жұмсалған шығындар ескерілген түрлі журнал-ордерлерден (6, 10, 1, 2, 7, 9 және басқалары) көшіріледі. Осы бөлік тізілімдеменің екінші бөлігін материалдар қалдығы құны нақты өзіндік құны мен ай басындағы есептік бағалар бойынша жазылады. Оған ай ішінде түскен материалдар құны қосылады. Сонан соң нақты өзіндік құнның есептік бағалар бойынша құннан ауытқулар сомасы мен проценті анықталады.
Ауытқулар сомасы дегеніміз – осы көрсеткіштер арасындағы айырмашылық, ауытқулар проценті – ауытқулар сомасының материалдардың есептік құнына қатынасы. Ауытқу «+» немесе «-» белгісімен болуы мүмкін.
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу. Жабдықтаушылар мен мердігерлерге шикізат, материал және тауарлы-материалдық қорды жеткізушілер жатады, сондай-ақ әр түрлі қызмет түрлерін көрсетушілер (электр қуатын, буды, суды, газды және т.б. босатушы) жабдықтаушылар мен мердігерлер болып саналады.
Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу не тауарлы-материалдық құндылықтарды тиеу жұмысын орындағаннан кейін немесе қызмет көрсеткеннен кейін, не олардың ұйыммен келісуі арқылы бір мезгілде немесе олардың тапсырмасы бойынша, не алдын ала төлеуі бойынша жүзеге асырылады. Ұйымның келісімінсіз ризалықсыз тәртіппен газды, суды, жылуды, электр энергиясын есептеу шотының көрсеткіштері негізінде және т.б. есептен шығару арқылы олардың босатылуы үшін есеп айырысу құжатымен төленеді. Есеп айырысу, сонымен қатар, инкассо, аккредитивтер, чектер тәртібімен жүзеге асырылады.
Жабдықтаушылармен есеп айырысу есебі әрбір фактура-шоты бойынша және әрбәр жеке жабдықтаушы бойынша жүргізіледі. Есеп айырысу құжатын алу барысында олар жабдықтаушылармен есеп айырысу кітапшасына жазылады. Төлеу шотына қабылдау бойынша акцепт төлем тапсырмасын жазады және оны есеп айырысу құжаттарымен бірге қаражаттың қайта есептелуі үшін банкке береді.
Төлем тапсырмасымен банк мекемелері арқылы алынған және қабылданған тауарлар үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүргізіледі. Сондай-ақ салықтық фактура-шотының нөмірі мен күніне, тауар-көлік жүкқұжатына және тауар босатуды немесе қызмет көрсетуді растайтын басқа құжаттарға, сонымен бірге тауарлық емес операция бойынша тапсырмаларына сілтемесін қызметтердің есеп айырысуы жүргізіледі. Төлем тапсырмасы – бұл қызмет етуші ұйымның банкке арнайы бланкте рәсімдеу арқылы өз шотынан белгілі бір соманы басақа ұйым шотына аудару туралы нұсқау. Қаражатты үш немесе одан да көп алушыға аудару арқылы қызмет еткен бір банкке төлем тапсырмаларының жиынтығы жазылады.
АЭСА мекемесі жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу алынған тауарлы-материалдық құндылықтар, орындалған жұмыстар мен қызметтер үшін алдын ала төлем, инкассо, аккредитивтер, чектер тәртібімен жүзеге асырылады.
Жабдықтаушылармен есеп айырысу есебі бір айға ашылатын 671 «төлеу шоты» кредит шоты бойынша №6 журнал-ордердегі сәйкесетін шоттардың шоты қоса көрсетіліп жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу бойынша дебеттік айналым да көрініс табады. Айдың аяғында айналымдар саналады, ал төленбеген шоттар бойынша қалдықтары шығарылады. Тауарлы-материалдық қорларды түгендеу. Тауарлы-материалдық қорларды түгендеу олардың (өндірістік қорлардың, дайын өнімнің, тауардың) орын-орындарында және барлық қозғалыс кезеңдерінде сақталуын тексеруге, оларды өндіріске қолдануды бақылауға, өткізу үшін қажетсіз және артық материалдарды уақтылы анықтауға саяды. АЭСА мекемесінде түгендеу материалдарға жауапты адамдардың қатысуымен, міндетті түрде қайта есептеу, қайта өлшеу, өлшеу жолымен жүргізіледі. Іс жүзінде тексермей, материалды жауапты айтуымен түгендеу тізімдемесіне жазуға болмайды.
Жеке бөлімшелерде жүйелі өткізілген түгендеуден кейін оларға кіруге болмайтындай жабылып, мөрленеді. Егер түгендеуді өткізу кезінде тауарлы-материалдық қорлар түссе, онда оларда материалдарға жауапты адам түгендеу комиссиясының қатысуымен қабылдайды және түгендеуден кейін тізілім немесе материалдық есеп бойынша кіріске алады. Мұндай құндылықтарға түскен ай-күніне сілтеме жасалып, түгендеу комиссиясының төрағасы қолы қойылып, «Түгендеу кезінде түскен тауарлық-материалдық қорлар» атты арнайы тізімдеме (опись) жасалады. Түгендеу негізінде, аса қажет болған жағдайда тек қана АЭСА мекемесінің басшысының және бас бухгалтерінің жазбаша рұқсатымен тауарлық-материалдық қорлар басталады, ол түгендеу комиссиясының төрағасы қол қойған «Түгендеу кезінде босатылған тауарлық-материалдық қорлар» жеке тізілімдемесіне өткізіледі.
АЭСА мекемесінде меншікті тауарлық-материалдық қорлармен бірге басқа ұйымдарға тиісті және жауапты сақтауға қабылдауды растайтын құжаттар сілтемесі бар жеке тізімдемелерге кіргізілетін қорлар да тексеріледі.
Басқа ұйымдарда сақталып тұрған тауарлы-материалдық қорлар оларды жауапты сақтауға тапсыруды растайтын құжаттар негізінде түгендеу тізімдемелеріне жазылады.
Басқа ұйымдарда қайта өңделу үшін тұрған тауарлық-материалдық қорлар бойынша негізіне сүйеніп, қайта өңдеуге берілген құжаттарға сілтеме жасалып, жеке тізімдеме жасалады.
Жолдағы, бірақ сатып алушылар мерзімінде төлемеген тауарлы-материалдық қорлар да жеке түгендеу тізімдемесіне енгізіледі. Комиссия белгілі бір шоттарда есептелетін соманың негізділігін тексеруге тиіс. Шоттарда тиісті рәсімделген құжаттармен: жолдағысы – жабдықтаушылардың есеп құжаттарымен; тиелгендері – сатып алушылардың ұсынған құжат көшірмелерімен; төлем мерзімі өткен құжаттар бойынша – банк мекемесінің міндетті түрде растауымен; басқа ұйымның қоймаларында тұрғандары бойынша түгендеу, өткізілген күнге таяу ай-күнмен қайта рәсімделген, сақталған қолхатпен расталған сомалар ғана қалады.
АЭСА мекемесінде пайдаланылып жүрген тауарлы-материалдық қорлар – тұрған орны мен материалға жауапты адамдар бойынша; ұйым қызметкерлерінің жеке қолданылуына берілгендері – тізімдемеде қолхаттары бар, ашылған жеке карточкаларда жазылған жауапты адамдар бойынша түгенделеді.
Аяқталмаған өндірісті түгендеудің мақсаты – оның нақты бағасы мен көлемін анықтау, босалқы дайындама (заттың, шикізаттың өндіріс қажетінен артық жиналып қалуы) нақты (бөлшектердің, дәнекерлердің, агрегаттардың), өндірісте тұрған бұйымдарды дайындау мен құрастырып жинауы әлі бітпегендердін, сондай-ақ толық құрастырылмаған және қоймаға тапсырылмаған дайын бұйымдардың бар-жоғын, ескерілмеген ақауды анықтау; аяқталмаған өндірістің нақты құрастырылып жинақталуын, жинау жұмыстарының детальмен қамтамасыз етілуін, жойылған тапсырыстар, сондай-ақ орындауы тоқтатылған тапсырыстар бойынша бітпеген өндіріс қалдығын айқындау.
Түгендеу нәтижелері түгендеу жүзеге асырылған айдың есебінде, ал жылдық түгендеу – бір жылдағы қаржылық есеп беруде көрініс табуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |