Қақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдер университеті
Реферат
Тақырыбы: «Таза Қазақстан» жобасы бүгінгі
экология айнасы
жетекші:Тұрсынбаева А
орындаған: Тұрсын Б
Алматы 2024
Мазмұны
Таза қала акциясы жайында................................................................2
Өткізілген іс шаралар...........................................................................3
Таза қала акциясына байланысты жобалар.......................................3
Қолданылған әдебиеттер....................................................................4
Бүгінгі таңдағы Қазақстанның экологиялық жағдайы мәз емсес. Елдегі қалалардың басым көпшілігі ауаның шамадан тыс ластануынан зардап шегеді. Әсіресе Алматы мегополисінің биіктен қараған адам көк түтінге куә болады. Таза ауа тек Ақтау мен Петропавл қалаларында сақталған. Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Өскемен, Қарағанды, Балқаш және Жезқазған қалаларында соңғы бес жылда ауаның тұрақты түрде ластанып келе жатқандығы байқалады. Одан бөлек Арал теңізінің тартылуы, Балқаш көлі, Ақтау қаласының Каспийі мұнай өндірісінен зардап шегуде. Оған қоса өндірістік кәсіп орындарының қалдықтары санағанда айтар мәселе жеткілік.
«Біздің қалалар мен ауылдарды абаттандыруымыз қажет. Әрбір үй, аула, тұрғын үй кешені, саябақ және басқа да нысандар әкімдердің де, жұртшылықтың да назарынан тыс қалмауы тиіс. Саламатты әрі жайлы орта қалыптастырамыз десек, азаматтар барынша белсенділік танытуы керек. Бұл – жалпы азаматтық мәдениетіміздің деңгейін, керек десеңіз ұлтымыздың келбетін көрсетеді»
Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан Республикасының президенті
«Таза Қазақстан» акциясы президент бұйрығымен 2024 жылдың 8 сәуірден бастап 24 мамырға дейін жалғасты. Жобаның басты мақсаты халықтың экология мәдениетін терең түсініп, табиғатқа жанашырлықпен қарауды үйрету. Қарапайым қоқыс жинау, тал егу іс қимылдары жас буынға үлгі болады. Таза табиғат өскелең ұрпаққа мұра болып қалады. Әрбір апта экологиялық жұмыстардың атауы болады. Мысалы бірінші апта «Таза өлке» деп аталады, 13 сәуірге дейін жалғасады. Желгілікті тұрғындар ауланы жинап, ағаш түбін бояды. Ал келесі апта 20 сәуір «Киелі мекен», 27 сәуір «Жасыл аймақ», 4 мамыр «Өнегелі ұрпақ» секілді есте қалар есімдері бар. Ең соңғы апта «Мөлдір бұлақ» кезінде өзен көлдер тазартты.
2
2024 жылға абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарына жалпы 9,4 млрд. теңге қарастырылған. 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен скверлер, 816,6 шақырым каналдар мен арықтар, 3,1 мың шақырым көше мен 99 мың аулалар қоқыстардан тазартылып, 9,7 мың қоқыс шығарылды. 60 мыңға жуық көшет отырғызылып, 53 субұрқақ іске қосылған. Әрбір қала, обылыс, аудан жарыса ат салысты. Ал мынау БАҚ өкілдері жазған жаңалықтар, жаңа қазақ жұртының жемісі!
Түркістан қаласында 800-ге жуық адам «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты. Шаһар тұрғындары мен эко-белсенділер, қала жастары орталық көшелер мен Қызылорда тас жолы бойындағы қураған шөптерді шауып, күл-қоқыстан тазартты. Ал, коммуналдық мекеме қызметкерлері арнайы техникалармен қоқыстарды жинап, көліктерге тиеді. Сонымен қатар, жаңа қала аумағындағы көпқабатты тұрғын-үйлер мен коммерциялық нысандардың да маңы тазартылды. Осылайша, бір күнде қала аумағынан 125 тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Жетісу облысы Панфилов ауданының халқы «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысуда. Жаркент өңірінен тұрақты түрде 10 мыңдай тұрғын жиналып, ай сайын 3-4 мың текше метр қоқыс шығарады. Шараға жергілікті кәсіпкерлер де ат салысуда. Олар тек өз аулаларын тазартып қана қоймай, тұтас көшені абаттандыруға қатысып келеді. Аудан қариялары, Аманат партиясының мүшелері жастармен бірігіп акция аясында арнайы қаулы да қабылдады. 12 мыңнан астам көшет отырғызылып, саябақтар гүлмен көмкерілді.
«Таза қала» акциясына байланысты жақсы жобалар бар.Халық айналасындағы қоқыс, шашылған жерді суретке түсіріп дәл сол сәтте үкіметке жібере алады, @tazaQazBot телеграм чаты арқылы. Айналыңыздан қоқыс пен қалдық көрсеңіз, жол мен саябақтың санитарлық жағдайына көңіліңіз толмаса, енді телеграм-ботқа жүгіне аласыз. Чатты қосудағы мақсат - экологиялық мәдениетті қалыптастыру, - дейді жауапты министрлік. Жобаны Экология және табиғи ресурстар министрлігі әзірлеген. Халықтан келген ақпарат чатқа өтінім түрінде түседі, операторлар ары қарай құзырлы орган өкілдеріне жүктейді.
3
«Қазақстанның таза, көрікті болғаны біз үшін, яғни халық үшін керек. Бұл күнделікті өмір салтына айналуы қажет. Сондай-ақ бұл жұмыс елорда және ірі қалаларда ғана емес, шағын қалаларда, аудандар мен ауылдарда да ұдайы ұйымдастырылады. Бүкіл Қазақстанды таза ұстау өзімізге, жастарға байланысты. Мен жастарға сенемін. Сондықтан жастарға зор үмітпен қараймын.»
Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан Республикасының президенті
Қолданылған әдебиеттер тізімі
https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-tabigi-resurstar/press/news/details/761109?lang=ru
https://qazaqstan.tv/news/199318/
https://astanatv.kz/kz/news/112976/
4
Достарыңызбен бөлісу: |