Қорытынды
Әлемнің көптеген мемлекеттерінде бұрын мәдени дақылдар өсіріліп келген құнарлы жерлер орман, мал жайылымы, т.б. үшін пайдаланылып келген. Ал қазіргі кезде адамның шаруашылық әрекетінің нәтижесінде бұл жерлер түрлі басқа мақсаттағы жұмыстар (жолдар мен трубопроводтар салу, т.б.) жүргізу нәтижесінде өте үлкен өзгерістерге ұшырады.
Адамның шаруашылық іс-әрекеттерінің нәтижесінде өсімдіктері жойылған, гидрологиялық режимі мен рельефі өзгерген, топырақ жабыны бұзылып, ластанған жерлер бұзылған жерлер деп аталады. Пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру ауылшаруашылығында пайдалануға жарамды жерлерге біршама зиян келтіреді. Бұл жұмыстар кезінде тереңдігі 400500 м болатын шұңқырлар түзіледі.
Осындай жерлерді қайтадан шаруашылық мақсаттарға пайдалану үшін оларды қалпына келтіру қажет. Бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіру процестері рекультивация деп аталады.
Қазіргі кезде ғалымдар мен мамандар бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіріп, оларды ауыл және орман шаруашылықтарына қайтарудың жолдарын іздестіруде.
Бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары тау-кен, инженерлік-құрылыс, мелиоративтік, орман шаруашылық- тық, ауылшаруашылықтық іс-шаралар комплексін құрайды.
Жерді рекультивациялаудың екі негізгі этапы бар : тау- техникалық және биологиялық. Тау-техникалық рекультива- циялаудың мақсаты — территорияны жөндеуге дайындау. Ал биологиялық рекультивациялауда топырақ құнарлылығын қал- пына келтіруге бағытталған жұмыстар жүзеге асырылады.
Жерді рекультивациялау жұмыстары бойынша Чехословакия мен ГДР мемлекеттерінде бұзылған жерлерге жүгері егіледі.
Жерді рекультивациялау — өте күрделі мәселе. Ол көп жағдайда бұзылған территориялардың нақты экологиялық жағдайларына байланысты. Рекультивациялық жұмыстарды жоспарлау үшін грунт топырағының физико-химиялық құрамын, гидрологиялық режимінің ерекшеліктерін, рельефтің ерекшеліктерін жақсы білу керек.
Қолданылған әдебиеттер
1. МемСТ 17.5.1.03-85 «Жерлердің биологиялық рекультивация үшін алынатын және сыйымды жыныстардың классификациясы»
2. Гендельман М.А. Землеустроительное проектировние.-М.: Агропромиздат, 1999
3. МемСТ 17.5.3.06-85 «Жер жұмыстарын жүргізген кезде топырақтын құнарлы қабатын алу нормаларын анықтауға талаптар»
4. Биологическая рекультивация земель в Сибири и на Урале.-Новостибирск: Наука, 1981
5. Қазақстан Республикасының Жер кодексі 2003 жылғы 20 шілде
6. Указания по составлению проектов рекультивации нарушенных и нарушаемых земель в Республике Казахстан. Алма-Ата. 1993 г. – 54 с.
7. Земельный кодекс Республики Казахстан. Алматы 2009 г. – 115 с.
8. Методические указания по разработке проектов рекультивации нарушенных земель. Астана-2009г. – 42 с.
9. МемСТ 17.5.1.03-86 Классификация вскрышных и вмещающих пород для биологической рекультивации земель.
10. МемСТ17.5.1.06-85 Требования к определению норм снятия плодородного слоя почвы при производстве земляных работ.
11. Охрана природы в Казахстана, Алма-Ата. 2003г. – 47 с.
12. Сейфуллин Ж.Т. Земельный кадастр: Управление земельными ресурсами Казахстана в рыночных условиях. - Алматы: КазНИИЭОАПК, 2001.- с. 216.
Достарыңызбен бөлісу: |