Реферат тақырыбы: «Тыныс алу жүйелерінің ауруларының алдын алу нұсқаулықтары»



бет5/16
Дата07.02.2022
өлшемі69,63 Kb.
#96566
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
БОЖ-1 .

Таза ауа - әрқашан әсер ететін шынықтыру. Жылы болған кезде көп уақыт таза ауада жүру жағымды. Ғылыммен тексерілген, қыс мезгілінде ауада жаз мезгіліне қарағанда оттегі көп және суық қанға оттегінің жақсы сіңуіне қатысады, жылы оның тіндерге берілуіне әсер етеді. Осы себептен шаңғы тепкеннен кейін адам өзін үйде жақсы сезінеді. Тек қана суық және салқын ауа ағзада қозғалыс шақырады. Суық ауа жұту тамырлардан холестеринді шайып, өкпеден дем арқылы шығарады.
Ауа ваннасын жалаңаш түрде немесе ауа жақсы өткізетін киімде қабылдайды. Сезіну бойынша ауа ваннасын бөледі: суық (0-80), сәл суық (9-160), салқын (17-200), индифферентік (21-240).
Медицина ғылымының кандидаты В.Н.Сергеевтің шынықтыру кестесін мысалға келтірейік. Ең алғашта ваннаны 5-8 минут 18-20қабылдау керек. Ауа ваннасын 1 минутқа әр 3-4 күнде созады, сөйтіп оны 10-15 минутке жеткізу керек. 2-3 жұмадан кейін ақырындап салқын ваннаға ауысады, мысалы ашық терезенің алдында тұрып. Егер температура 10-14төмен болса, шынықпаған адамға 2-3 минуттен көп туруға болмайды. Бірақ бұндай қысқа уақытта ағзада биологиялық қозғалыстар болмайды, сондықтан ем шара мақсатына жетпейді.
Ауа душы – бұл шынықтыру тәсілінің әсері ауаның қозғалысына байланысты. Егерде ауа қозғалыссыз болса, жылу беру минутына 0,85 килокалорий болады. Секундына 0,5 метр жылдамдықта жылу беру екі есе көбейеді, секундына 2 метр жылдамдықта – 3,2 рет, 10 метр жылдамдықта – 6,5 рет және т.с.с. Ауаның тез жылдам қозғалысында ағза бұған қорғаныш серпілісін беруге үлгермейді. Сондықтан жуынғаннан кейін жел бар жерде отыруға болмайды. Желдетуге ақырындап үйрену керек.
Шынықтыру демі – тыныс алу жолдарының жұмысын жақсартады. Бұл үшін мынындай жаттығулар жасау керек:
1. 10 дем алып, кезекпен үлкен бармақпен оң және сол танауды жауып, ауаны шығарады (4-6 секундтан);
2. дем жұтқан кезде мұрынның қанаттарын жауып ауаға қарсыласады;
3. демді ауыз арқылы шығармау. Ол үшін тілді жоғары таңдайға көтеріп, демді мұрын арқылы атқарады;
4. жәй дем жұту. Ал дем шығарған кезде мұрын қанаттарын саусақтармен соға отырып, “ба-бо-бу” деп айту керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет