Реферат тақырыбы: «Тоқ соғудан қорғану шаралары және зардап шегушіге алғашқы көмек»


Электр тоғынан зардап шегушіге алғашқы көмек



бет4/8
Дата11.05.2020
өлшемі453,95 Kb.
#67323
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Охрана труда Назерке Аселя

Электр тоғынан зардап шегушіге алғашқы көмек

Электр тоғының немесе найзағайдың- атмосфералық электр түйісінің әсерінен болатын зақым электр жарақаты деп аталады. Электр тоғының немесе найзағайдың электр ұшқынының организм арқылы өтуі жергілікті және ортақ бұзушылықты туғызады. Жергілікті зақымдау электр тоғы кіріп шыққан жерлердегі ұлпалардың күйуінен көрінеді. Тоқтың соғуы- организмге термиялық, электрлік және механикалық әсерден туындайтын күрделі химиялық-физикалық құбылыс.

Электр тоғы өткен кезде зардап шегушінің жеке түйсінулері әртүрлі: жеңіл соққы, дененің күйіп ашуы, бұлшық еттің құрысуы, дірілдеу.

Белгілері: тері жамылғыларының ағаруы, сілекейдің көп бөлінуі, құсықтың келуі, жүрек төңірігінің сырқырауы. Тоқтың әсерін  жойғаннан кейін зардап шегуші шаршауды, бүкіл денесіндегі ауырлықты, еңсесін басуды немесе қозуды сезінеді.

Электр жарақаты кезіндегі жүйке  жүйесіне электр тоғының әсері нәтижесінде пайда болған ортақ құбылыстар аса қауіпті. Тоқ соққан адам бірден есінен айырылады, бұлшық еттің қысқаруынан кейде зардап шегушіні электр тоғы бар өткізгіштен ажырату өте қиынға түседі.

Жүйке клеткаларының   зақымдалуының нәтижесінде сырқаттар ауыр күйді бастан өткереді. Естен айырылу, дене температурасын төмендеуі, тыныс алуының тоқтауы,  жүрек қызметінің әлсіреуі, дененнің құрысуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет