Электр зақымдануынан қорғану шаралары
Электр тогымен зақымдану қауіптілігін төмендету үшін әр түрлі қорғану шаралары қолданылады: токтың ток өткізгіштердің жақсы электр изалияциясы болу қоршаулар қою,блокировка орнату, сигнал беру жабдығы, ток өткізбейтін еден жасау, электр қондырғыларыының корусын ток өтпейтін қылу, ток өтетін бөлшектерді адам тиісе алмайтындай етіп орнату,электр машиналарын аулақтан басқару, сақтық құралдарын орнату йогурту плакаттарды пайдалану, қызметшінің мамандық дәрежесі істейтін жұмысына сай болу қолданылатын электр қондырғылардың дұрыс белгілеп алу.Қорғаныш жер жалғанысын орнату, қорғаныш нөлденуін орындау, қорғаныш ағытылу аспаптарын пайдалану құралдарын қолдану тағы басқа шаралары. Электр тоғының салдарынан болған жазатайым оқиғалардың себептері әртүрлі және сансыз көп, бірақ олардың ішінде 1000 В дейінгі кернеумен электр қондырғыларында жұмыс істеу кезіндегі негізгілері ретінде келесілерді атап өтуге болады:кернеулі тоқ өтетін бөліктерге кездейсоқ жанасу; оқшаулаудың зақымдануы немесе басқа да ақаулардың салдарынан кездейсоқ кернеулі болған электр қондырғыларының тоқ өтпейтін бөліктеріне жанасу; сөндірілген электр қондырғысында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде оны қателесіп қосу салдарынан кернеудің әсеріне ұшырау; сымның жерге тұйықталуы және жер бетінде немесе адам тұрған негізде қадамдық кернеудің пайда болуы.
Электр қондырғылармен жұмыс барысындағы қауіпсіздік қолданыстағы нормативтік құжаттармен регламенттелген түрлі техникалық және ұйымдастыру шараларын қолданумен қамтамасыз етіледі. Тоқтың зақымдауынан қорғайтын техикалық құралдар кернеулі желі элементтеріне адамдардың жанасуын ескертетін және жанасу болған жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құралдарға бөлінеді.
Электр қорғанысының негізгі тәсілдері мен құралдары – бұл тоқ өтетін бөліктерді оқшаулау және оны үздіксіз бақылау; қоршау құрылғыларын орнату; ескерту дабылы және бұғаттау; қауіпсіздік белгілері мен ескерту плакаттарын пайдалану; аз кернеуді пайдалану; желілердің электрлік бөлінуі; қорғаныстық жерлендіру; потенциалын теңестіру; нөлдеу; қорғаныстық ажырату; жеке электр қорғанысы.
Тоқ өтетін бөліктерді оқшаулау – электр қауіпсіздігінің негізгі шараларының бірі. Нормативтік құжаттарға сәйкес электр қондырғыларының тоқ өтетін бөліктерін оқшаулаудың кедергісі жерге қатысты 0,5-10 МОм кем болмауы тиіс. Жұмыс, екі еселік және күшейтілген жұмыс оқшаулауларына бөлінеді. Жұмыс оқшаулауы деп электр қондырғысының қалыпты жұмысын және қызметкерлер құрамын электр тоғының зақымдауынан қорғауды қамтамасыз ететін оқшаулау аталады. Екі еселік оқшаулау жұмыс және қосымша оқшаулаудан тұрады, бұл жоғары электр қауіпсіздігін қамтамасыз етеді (электр қол аспабы, тұрмыстық электр приборлар және т.б.). Екі еселік оқшаулау 5 МOм кем емес болуы тиіс, бұл қалыпты жұмыс кедергісінен 10 есе артық болады. Күшейтілген жұмыс оқшаулауы – бұл кедергісі 5МОм кем болмайтын сенімді орындалған жұмыс оқшаулауы.
Негізгі және қосымша оқшаулаушы құралдар бар. Негізгі құралдар жұмыс кернеуіне төтеп береді (1000 В дейін – бұл оқшаулаушы штангалар және тоқ өлшейтін тістеуіктер, диэлектрлік қолғаптар, саптары оқшауланған құралдар, кернеу көрсеткіштері). Қосымша электр қорғаныс құралдары адамды оқшаулауды күшейтеді – бұл диэлектрлік галоштар, диэлектрлік резеңке төсеніштер.
Электр жабдығының корпусында тоқтың тұйықталуы кезінде онда адамдарды зақымдау немесе өрттің шығуы үшін жеткілікті кернеу пайда болады. Бұл жағдайда адамдарды қорғау қамтамасыз етіледі: қорғаныстық жерлендірумен, нөлдеумен және қорғаныстық ажыратумен. Қорғаныстық жерлендіру – бұл электр техникалық және технологиялық жабдықтардың кернеулі болуы мүмкін металл тоқ өткізбейтін бөліктерін жермен немесе оның баламасымен әдейілеп қосу. Жерлендіргіштер табиғи және жасанды болуы мүмкін. Жерлендіргіштердің кедергісі 1000 В дейінгі кернеулерде 4 Ом артық болуы тиіс.Нөлдеу - электр жабдықтарының корпустарын бірнеше рет жерлендірілген нөлдік сымдармен әдейілеп қосу. Нөлдеуге қойылатын негізгі қауіпсіздік талабы – ол қорғаныстың сенімді болуы мен жылдам әрекет етуін қамтамасыз етуі тиіс. Қорғаныстың тағы бір түрі – қорғаныстық ажырату. Ол жерлендіруге қосымша немесе орнына ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |