МЕББМ Қазақстан-Ресей медициналық университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Трансплантология және жасанды мүшелер»
Орындаған: Әбдікәрім Айшолпан
Топ: 202 «А»
Факультет: Жалпы медицина
Тексерген: Серібекқызы Гүлзинат
Алматы 2020
Жоспар
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Трансплантация және оның түрлері.
Тері, бұлшықет, сіңір, жүйке, сүйек, тамырлардың пластикасы.
Донорды таңдау.
Иммунодепрессивті әсері бар дәрілерді қолдану.
Жүрек, бауыр, бүйрек және эндокринді бездердің трансплантациясы.
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер
Трансплантация - мүшелер мен тіндерді ауыстырып қондыру әдісі (латын тілінен transplantare көшіру) жоқ немесе патологиялық процесстердің арқасында зағымданған тіндер немесе өзінің тінін пайдалануға болатын мүшелер, немесе басқа ағзадан алынған.
Трансплантация мынадай өзгеше түрлеріне бөлінеді:
аутотрансплантация – бір ағзаның ішінде мүшелерді немесе тіндерді ауыстыру;
изотрансплантация – генетикалық ұқсастығы бар ағзадан алынып, ауыстырылған тіндер немесе мүшелер (мысалы: егіздерде);
аллотрансплантация – (көнерген гомотрансплантация) бір түрлі ағзалардың мүшелерін және тіндерін ауыстыруы;
ксенотрансплантацию (көнерген гетеро-трансплантация) - әр түрлі ағзалардың мүшелерін және тіндерін ауыстыруы.
Трансплантация ортотопиялық және гетеротопиялық болады. Ортотопиялық трансплантация (грек тілінен orthos тура, түзу + topos орын) — бұл жағдайда мүшені немесе тінді жоқ немесе алынып тастаған дәл сондай мүшенің немесе тіннің орнына ауыстырып қондыру. Гетеротопиялық трансплантация (грек тілінен heteros өзге, бөтен, өзгеше + topos орын) - бұл жағдайда мүшені немесе тінді өзіне тән емес орынға ауыстырып қондыру.
Гетеротопиялық Т-ның біршама жағдайларда қосымша өзгешіліктері бар, мысалы, трансплантат (жүрек, бауыр, үйқы безі) әлі біршама жұмыс жасап тұрған, бірақ зақым келген мүшенің орнына қосымша рөл атқарады.
Трансплантат – ауыстырып қондыруға арналған тіннің, мүшенің бөлігі немесе бүтін бір мүше. Ауыстырып қондыру үшін ағзадан алынған тін немесе мүшені донор деп атайды, ал реципиент деп тінін немесе мүшесін ауыстырған ағзаны атайды. «Ретрансплантация» деп сол немесе басқа трансплантатты қайта ауыстырып қондыруды атайды.
Хирургиялық пластиканың түрлері:
Тері пластикасы
Бұлшықеттердің пластикасы
Сіңір мен шандырлардың пластикасы
Сүйектердің пластикасы
Нервтердің пластикасы
Тамырлардың пластикасы
Тері пластикасы
Тері пластикасы екіге бөлінеді:
-бос терілік пластика
-бос емес терілік пластика
Бос терілік пластика- Толық қабатты және ажыратылған бос тері есінділерін пайдаланады. Ұзақ уақыт жазылмай жүрген жаралар мен трофикалық ойық-жараларды емдеу үшін, кішігірім бөліктерді грануляциялық тіндерге отырғызуға болады.
Дерматомды пластика- үлкен аумақты кемістіктерді ажыратылған кесінділермен жабуға мүмкіндік береді. Көлемін ұлғайту және жаралық бөліністердің сыртқа ағып шығуын жақсарту үшін, торлы кесіндіні дайындайды. Бұл кезде кесіндінің ауданы алғашқы көлемінен 3-6 есе болып шығады.
Бос емес терілік пластика Жергілікті- жылжытылған терілік кесінділерді қолдану:
1.Кең етіп ажырату жолымен мобилизациялау.
2.Босатушы тіліктер-жараның жиегінен алшақтау жерлерде тіліктер жасалып, кемістіктің шеттерін жақындату.
3. Z-тәрізді пластика-дөрекі тыртықтарда және тыртықтың салдарынан дене бөліктерінің қызметі бұзылғанда жасалынады.
Достарыңызбен бөлісу: |