Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Математика, Физика және Информатика институты
Реферат Тақырыбы. Түркі халықтарының қандай эпостық жырларын білесіз? Қысқаша мағынасын сипаттап беріңіз. Орындағандар: Жексенбаева Жадыра
Серикова Махаббат
Кенжебай Акниет
Жеңіс Бүлдіршін
Тобы:ФОА-201
Тексерген: Найманов Б.
2022-2023 оқу жылы
Жоспар: Кіріспе
Негігі бөлім.
Фольклорлың шығармалар.
Батырлар жыры.
Әлеуметтік-тұрмыс эпосы.
Тарихи жырлар
Қорытынды
I. Кіріспе. Түркі мәдениетінің, одан бері қазақ мәдениетінің керемет құнды дүниелерінің бірі — эпостық жырлар. Ә. Марғұлан қазақ эпосын мынадай кезеңдерге бөлген: 1)Архаикалық кезең. Ол — исламшылдыққа дейінгі түркі мифтері негізінде жасалған туындылар. Оған Күлтегін жоқтауы, Құламерген, Шоламерген, Ер Төстік, Ақ Көбек, Оғыз қаған туралы аңыздар жатады; 2) Оғыз-қыпшақ дәуірі (VI—XII ғғ.). Бұл кезде жергілікті түркілер Қытай, Иран, Византия, Араб шапқыншыларына қарсы күресті жырлаған. Мысалы, «Қорқыт ата кітабы», «Алдар көсе», «ҚозыКөрпеш — Баянсұлу», т.б.; 3) Ногайлы дэуірі (XIII— XVIғғ.) — «Бөгенбатыр», «Едігебатыр», «Қобыланды», «Ер Сайын», «Қамбарбатыр», «Мұсахан», «Орақбатыр», т.б.; 4) Қалмақ шабуылы дэуірі — XVII—XVIII ғасырлардағы «құба қалмақ» заманы. «Олжабай», «Қабанбай», «Бөгенбай», т.б.; 5) Кейінгі дэуір. Қазақ батырларының хан, сұлтандарға, патша әкімдеріне қарсы күресін бейнелейтін жырлар.
II. Негізгі бөлім. Фольклорлың шығармалар — тарихымызды зерттеудегі құнды деректің бірі. Жалпы қандай да болсын, фольклорлық шығарманың негізінде өмір шындығы бейнеленеді. Әрине, архаикалық фольклордан тарих іздеу қиын. Дегенмен де көне мифтік аңыз-әңгімелерден халықтық дүниетанымын, кейбір көне әдет-ғұрыптарының іздерін көруге болады. Ал түркі дәуірінен бергі фольклорлың шығармалардан сол замандағы тарихи-этнографиялық болмыстың елесін, жаңғырығын таба аламыз. Ал ноғайлы дәуірінен бергі замандағы фольклорлың шығармалардың ішінен тарихта болған оқиғаларға арналған, тарихи түлғаларға арналған жырларды фольклоршылар жеке жанрға — тарихи жырлар деп бөліп қарастырады. Тарихы көбінесе ел жадында ауызша сақталып келген көшпелі қазақтар үшін осы тарихи жырлардың деректемелік орны бөлек. Дегенмен де фольклорлық шығармаларға дерек ретінде сүйенгенде, онда әсірелеудің, тарихи тұлғаларға типтік образдың портрет берілетіндігін ескеру қажет. Жыр-да тарихи нақтылы құбылыстар дәлме-дәл қайталанбайды.
«Алпамыс» жыры — көшпелі түркі халықтарына ортақ эпостық шығарма. Белгілі фольклортанушы В.М.Жирмунский оның ең көне нұсқасын VI—VIII ғасыр-ларға жатқызады. Алпамыстың бұдан кейінгі таралуы IX—X ғасырларға — оғыз, қыпшақ замандарына сай келеді. Алпамыс классикалық қаһармандық шығарма ретінде осыдан кейінгі кезеңде, қоңыраттар арасында көркемделіп жетілген деп есептеледі. Көне эпостық шығармаға қазақтың «Құламерген, Жоя-мерген» жыры жатады. Жырда Хазар (Каспий) теңізі, Орал тауы, Болгар шаһары аталады. Қазақтың эпостың жырларының ішінде оқиғалы жағынан ең көнесінің бірі — «Мұңлық — Зарлық». Бұл шығармада да мифтік, ертегілік, аңыздың сюжеттер басым.