Реферат тақырыбы: «Түркілер өркениеті және Ұлы Жібек Жолы»



бет3/3
Дата28.09.2023
өлшемі54,08 Kb.
#182775
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Нариман Ж. СӨЖ 2 тарих

3. Ұлы Жібек жолы.
Ұлы Жібек жолы - әлемдік өркениет тарихындағы неғұрлым елеулі жетістіктердің бірі. Керуен жолдарының тарамдалған жүйесі Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуропа мен Азияны кесіп өтіп, ерте дүние мен орта ғасыр дәуірінде сауда байланыстары мен Батыс пен Шығыс мәдениеттері арасындағы тілдесуінің маңызды құралы қызметін атқарды. Жолдың неғұрлым ұзақ үзігі Қазақстан мен Орта Азия арқылы өтті.
Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы. Тарихи жолдың жібек саудасына байланысты "Жібек жолы" атанғаны түсінікті. "Ұлы" сөзінің қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан. Сондықтан "Ұлы Жібек жолы" болып тарихқа енді.
Қытай жазба деректерінде б.з.б. II-I ғасырларда Үйсін мемлекетінің Қытай өкіметімен қарым-қатынастары жайлы мәліметтер табылған.
Ұлы Жібек жолы - әлемдік өркениет тарихындағы неғұрлым елеулі жетістіктердің бірі. Керуен жолдарының тарамдалған жүйесі Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуропа мен Азияны кесіп өтіп, ерте дүние мен орта ғасыр дәуірінде сауда байланыстары мен Батыс пен Шығыс мәдениеттері арасындағы тілдесуінің маңызды құралы қызметін атқарды. Жолдың неғұрлым ұзақ үзігі Қазақстан мен Орта Азия арқылы өтті.
Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы. Тарихи жолдың жібек саудасына байланысты "Жібек жолы" атанғаны түсінікті. "Ұлы" сөзінің қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан. Сондықтан "Ұлы Жібек жолы" болып тарихқа енді.
Қытай жазба деректерінде б.з.б. II-I ғасырларда Үйсін мемлекетінің Қытай өкіметімен қарым-қатынастары жайлы мәліметтер табылған.
Байланыс кезінде олардың араларында жасалған саудада қымбат бағалы жібектің жүргендігі сөзсіз. Қытай деректері бойынша, VI ғасырда Батыс Түрік қағанының және нөкелерінің жібек шапан кигендері белгілі. VI ғасырда жібектің бүкіл Еуразияға әйгілі болған кезеңі. 
Қазақ жеріндегі көне керуен жолдарының тарихы б. з. д. I мыңжылдықтың орта шеніндегі "далалық сақ жолынан" басталады. Геродоттың жазуы бойынша, жол Қара теңіз маңынан Дон жағалауына дейін, одан Оңтүстік Оралдағы савроматтар жеріне бағытталып, Ертіс бойы мен Алтайға, Зайсан көліне дейін созылған. Қазіргі ғылым мен техниканың тамаша жетістіктері, ғарыштан түсірілген бейнекөріністер Еуразияның бел ортасынан өткен осы көне маршруттың ең қолайлы жол екендігін дәлелдеп отыр. Бір таңғаларлық нәрсе-қазіргі заманғы көлік жүретін жолдар мен темір жол ежелгі дала жолының бағытын дәлме-дәл қайталауы.
Жүздесу мен тілдесу және алыс-беріс байланыстары б.з.д. ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда басталған. Бадахшан тауынын лазурит және Хотан маңындағы Яркендария өзенінің жоғарғы жағынан нефрит кен орындары табылып, оларды өндіре бастауға сәйкес байланыстар реттеліп, жөнге келтіріледі.
Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының У-ди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған; елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, жол гүлденіп, көркейе түсті. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Жолды қорғау және дамыту мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауылдарын қойып, әскерлерін әкеле бастаған.
«Жібек жолы» іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта уақыт ізімен өзгеріп отырған, тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген жол шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 шақырымнан асады.
Ұлы Жібек жолы Шығыста Қытай империясынан басталып, Батыста Рим империясында аяқталды. Жол Қушан, Соғды және Парфия империяларын басып өткен жүктерді тасымалдап жеткізуді Еуразияның таулы және далалық аймақтарын мекендеген малшылар іске асырған. Ұлы Жібек жолын тек аграрлық империяларды XV ғасырдан артық уақыт қойып тұрған артерия ретінде қарастыру шекті болады, себебі отырықшы мемлекеттер өзара түйіспей, мұхиттағы аралдар сияқты оқшау тұрған, түркілердің көшпелі ұлыстары байланыстырып келді. Негізгі мәдени ауысулар қазіргі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу бойымен өтті, яғни ареалды өркениеттердің тоғысқан жері деп қарастыруға болады. Ұлы Жібек жолы бойында еуразиялық көшпелілер біртіндеп өркениеттенуді бастарынан өткізді, олар өз ордаларын, қалаларын, керуен сарайларын салып, саудаға бақылау жүргізді. Отырықшы өркениет көшпелілердің қару-жарақ, ат әбзелдерімен, әр түрлі бұйымдарымен танысып, өздеріне қабылдады. Қазіргі жаһанданудың алыс үлгісі ретінде Ұлы Жібек жолы Ұлы географиялық ашуларға дейін өмір сүрген. Өркениеттің индустриялық толқынына түрлі себептермен ілесе алмады.
Б.з.б. III-II мыңжылдықтарда Месопатамия жазығынан Инд өзенінің аңғарына, Орта Азия шөлдерінен Жерорта теңізіне дейін аралықта құрылыс және су жолы жүйесі-Месопатам-харап қалыптасты. Ең алыстағы мәдениеттер мен өркениеттерді байланыстырған. Кейін жүйе Ұлы Жібек жолының негізгі тармақтарының біріне айналды.
Орталық Азия халықтарының сауда байланыстары б.з.б. III-II мыңжылдықтардан тамыр алады. Байланыс жолдарының бipi-көктас (лазурит) жолы. Көктас Шығыс елдерінде ертеден асыл тас ретінде жоғары бағаланды. Бадахшан тауынан өңдірілген көктас Иранға, Месопотамияға, Сирияға, Египетке пен Анатолияға жеткізілді. Бадахшан өңірі Бактрия патшалығының иелігінде болатын. Көктас жолы екі мемлекеттің-Бактрия мен Ассирияның арасындағы сауда байланысы болғанын аңғартады. Б.з.б. I мыңжылдықтың басында көктас Қытайға да тасыла бастаған. Азия елдеріне Соғдыдан сердолик (қызыл, қызыл-сары түсті асыл тас), Хорезмнен көгілдір ақық (бирюза) тасылды.
Нефрит өзге елдерге таратуда делдал ретінде қызмет атқарды. Батыс Ганьсу мен Шығыс Түрістанның көп жерін алып жатты. Нефрит жолы Шығыс Түркістанды Солтүстік Қытаймен жалғастырды. Нефрит Қытайда үлкен сұранысқа ие болды. Мемлекеттік, айырым белгілер жасауда және діни рәсімдерде, тұрмыста кеңінен қолданылды.
Дала жолының қызметі б.з.б. I мыңжылдықтың орта шенінде жандана бастаған. Тарихтың атасы Геродоттың (б.з.б. V ғ.) еңбегіде Дала жолы туралы мәліметтер кездеседі Дала жолы Азияны Таулы Алтай және Оңтүстік Сібірмен жалғастырды.
Қара теңіз жағалауынан Донға, Оңтүстік Орал тауларына, ары Ертіс, Алтайға дейін жеткен. Ежелгі дәуірде савроматтар (Оңтүстік Оралда), аргиппейлер қоныстанды. Дала жолымен бағалы металл бұйымдар, парсы кілемдері, мал, аң терілері тасылды.
Тауарлар алмасу ежелгі дәуірде стихиялы түрде жүрді; тауарды бір тайпа екінші тайпаға жеткізді, бір аймақтан келесі аймаққа делдалдар арқылы таралды. Жолдардың қалыптасуында тайпалар мен халықтардың миграциясы үлкен рөл атқарды.
Ғұндардың тұсында Шығыс Түркістаннан Солтүстік Моңғолияға баратын жол ашылды. Ғұндарға Соғды елінен, Грек - Бактрия және эллиндік Сириядан тауарлар жеткізілді.
Б.з.б. I мыңжылдықтың ортасында Батыстан Шығысқа әйнек бұйымдар әкеліне бастады. Әйнектен жасалған моншақтар сақ қорғандарынан көптеп табылды. Мөлдір әйнектен жасалған моншақтар мен білезіктер Оңтүстік Памир және Тянь-Шань, Ал­тай өңіріндегі сақ дәуіріндегі молалардан шықты. Әйнек бұйымдар б.з.б. II мыңжылдықтан бастап Шығыс Жерорта теңізі аймағында өндірілетін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет