5. Тұтынушының тепе-теңдігі. «Баға-тұтыну» және «табыс-тұтыну» қисықтары. Тұтынушылар талғамы дұрыс қалыптасуы үшін, олар бюджеттерінің шектеулі екендігін ескертіп, ең көп пайдалылық алып келетін тауарлар құрамын анықтаулары қажет. Бұдан ең ұтымды тауарлар құрамы бюджет сызығы мен талғамсыздық қисықтарының жанама нүктесінде екенін білеміз. Бұл қиылысу нүктесінде талғамсыздық қисығының иілуі коэффициенті бюджеттің сызықтың бұрыштық коэффициентіне тең . Талғамсыздық қисығының иілуін MRS, ал бюджет сызығының иілуі Pb / Pa білдіретіндіктен, тұтынушы тепе-теңдік жағдайға келесі шарт орындалған кезде жетеді.